Сабақтың мақсаты:
1. Білімдік: Дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдерін пысықтау. Астана қаласы туралы мәлімет беру.
2. Дамытушылық: Сөздік қорларын байыту, аузекі сөйлеу тілін дамыту. Өзара сұхбаттасуда ақпарат алу үшін сұрақтар қоюға үйрету.
3. Тәрбиелік: Туған жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызбалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сөйлесім.
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды сабаққа бейімдеу
б) Сөйлесу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Айтылым.
Оқушыларға бірнеше сұрақтар қою.
- Сен қай мемлекетте тұрасың?
- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?
- Отанды сүю неден басталады?
ІІ. Жаңа сабақ.
1. Сөздік жұмысы. Тыңдалым. Айтылым. Жазылым.
а) Оқу, аудару, сөздік дәптерге жазып алу.
ә) Сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру.
Президент сарайы – Дворец Президента
қонақ үй – гостиница
жастар сарайы – Дворец молодежи
саяси – экономикалық – политико - экономический
мәдени – культурный.
2. Мәтінмен жұмыс. Оқылым.
а) Жаттығуды оқу. Бейтаныс сөздерді бар сөйлемдерді аударып, мағынасын түсіну.
Астана – Қазақстанның бас қаласы. Қала Есіл өзені жағасында орналасқан. Астанада Президент сарайы, Парламент ғимараты, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Жастар сарайы көпқабатты тұрғын үйлер бар.
ә) Берілген сұрақтарға жауап беру.
Астана қайда орналасқан?
Астанада нелер бар?
Астана мемлекеттің қандай орталығы?
б) Еліміздің бас қаласы – Астана туралы оқушыларға әңгімелету.
Мұғалім оқушы жауаптарын қорытындылап, мынадай қосымша мәлімет беруіне болады – 1929 жылдан бері еліміздің астанасы Алматы қаласы атанып келді. 1994 жылы Республика Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының астанасын көшіру туралы» қаулы қабылдады. Сөйтіп, Ақмола қаласының Қазақстан Республикасының астанасы ретіндегі ресми тұсаукесері аталып өтілетін мерзім (1998 жылғы 10 маусым) көрсетілді. 1998 жылы 6 мамырда жаңа елорданың аты өзгертіліп, Астана деп аталды.
3. Суретпен жұмыс. Айтылым.
«Саяхат» оқыта үйрету ойынын ұйымдастыру. Бұл үшін мұғалім Астана қаласының көрікті жерлерінің суреттерін (аттары жазылған) оқушыларға таратады. Оқушылар бұл ғимараттың (ескерткіштің т. с. с.). Астанада орналасқаны туралы, оның қандай екені туралы сөйлем құрастырып айтады.
Үлгі: Мынау – «Бәйтерек». Бұл – тәуелсіздік монументы. Ол Астана қаласында орналасқан. Ол биік және әдемі.
4. Сергіту сәті.
5. Жаттығуды орындау. Оқылым. Айтылым.
А) Жаттығудағы сөйлемдерді оқиды, аударады.
Ә) Аударылған сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырып, бір - біріне сұрақтар қояды. Жауап береді.
1. Қазақстанда үлкен, әдемі қалалар көп пе?
Қазақстанда үлкен, әдемі қалалар көп.
2. Астанада мұражайлар, театрлар, институттар бар ма?
– Астанада мұражайлар, театрлар, институттар бар.
3. Астананың көшелері кең, түзу ме?
– Астананың көшелері кең, түзу.
4. Астана Қазақстанның бас қаласы ма?
– Астана Қазақстанның бас қаласы.
5. Сен Қазақстан туралы кітап оқыдың ба?
– Мен Қазақстан туралы кітап оқыдым.
IV. Сабақты бекіту. Жазылым. Сөйлесім.
а) Жаттығуда берілген сөздерге көптік жалғауларын жалғап жазады.
ә) Оқушылар берілген сұрақтарды оқып, оларға жауап береді.
- Астана қандай қала?
- Астана жаңа, әдемі, үлкен, сұлу, кең қала.
- Астанада не көп?
- Астанада кең, жаңа даңғылдар, жаңа көшелер, әсем ғимараттар, биік үйлер, кең алаңдар көп.
V. Сабақты қорытындылау, бағалау.
- Бүгін сабақта біз не істедік?
- Не үйрендік? Не білдік?
VI. Үйге тапсырма беру.
1. Астана туралы әңгімелеу.
2. Жаңа сөздерді жаттау.
Астана – бас қала
- Жайнагүл
- 3 сәуір 2013
- 12878
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Астана бас қала, дауыссыз дыбыстар, қазақ тілі
Ұқсас жаңалықтар:
Астана - әсем қала
Астана - әсем қала. Ол өзінің ауыз толтырып айтарлықтай ерекшеліктерімен де ерекшеленеді....Астана 8-сынып (орыс мектебі)
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Астана туралы түсініктерін кеңейту, мәтінмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру, Дамытушылық:...Елордасы - Астана
Республикамыздың қалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы мағлұмат беруді жалғастыру. Өлеңді мәнерлеп оқуға, ойларын жүйелі жеткізуге баулу;...Астана
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зекенова Рима...Менің Қазақстаным
№35 мектеп-гимназиясы Кемалова Зауреш Тыныштыққызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.