Сайтқа кіру Тіркелу

Сан есімнен алған білімдерін пысықтау

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Сан есім түрлері тақырыбы бойынша алған білімдерін нығайту, тиянақтау.
2. Дамытушылық.. Ойлау қабілетін дамыту, тіл байлығын арттыру, оқу дағдыларын қалыптастыру, пәнге қызығушылықтарын ояту, логикалық ойлауын дамыту.
3. Тәрбиелік. Ана - табиғатты сүюге, қастерлеуге үйрету. Ұйымшылдық пен ұжымшылдыққа тәрбиелеу, топ намысын қорғауға жұмылдыру.
Сабақтың типі: қайталау сабағы
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, кесте, сұрақтар жазылған парақшалар, қызықты грамматикалық тапсырмалар.
Әдісі: сұрақ - жауап, топпен жұмыс, талдау, оқулықпен жұмыс.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа әзірлеу, оқу құрал - жабдықтарын тексеру, топқа бөлу.
2. Үй жұмысын тексеру.
Берілген сан есімдердің мағыналық түрлерін анықтау, сан есімдерді қатыстырып сөйлем құрастыру.
Жаңа сабақ. Кіріспе. Мұғалім сөзі
Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Алдымен сабақтың жоспарымен танысып алайық.
1 - тур. Төсбелгіні қорғау.
2 - тур. «Білікті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады».(сұрақ - жауап сайысы)
3 - тур. «Мақал - сөздің мәйегі» (мақал - мәтел сайысы)
4 - тур. «Ойлы болсаң, озып көр»( Ребустар әлеміне саяхат.)
5 - тур. Жаттығулармен жұмыс.
6 - тур. Шешсең жұмбақ - көңілің тынбақ..
7 - тур. Кім көп сөз таба алады? «Мықты болсаң, тауып көр» кезеңі.

1 - тур. Топқа бөлінген оқушылар өз аттарын белгілеп, («Барыс»және «Болашақ») алдын ала дайындап келген төсбелгісін қорғайды. Бұл шарт 5 ұпаймен бағаланады.
2 - тур. «Білікті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады» атты сайыста әр топ мүшесі қоржын ішінен номірленген парақша алады. Сол нөмірге сәйкес келетін конверттің ішіне жасырылған сұраққа дұрыс жауап беру қажет. Әрбір дұрыс жауабы үшін 1 ұпай жинап отырады.
1. Сан есім деген не? Сұрақтарын ата.
2. Сан есімнің мағыналық түрлерін ата.
3. Реттік сан есім жасайтын жұрнақтарды ата.
4. Жинақтық сан есімге жататын сандарды айт.
5. Жинақтық сан есім жасайтын жұрнақтар қайсылар?
6. Болжалдық сан есімнің сұрақтарын ата.
7. Болжалдық сан есім жасайтын жұрнақты ата.
8. Болжалдық сан есім цифрмен берілгенде қосымша қалай жалғанады?
9. Топтау сан есімге қай септік жалғауы жалғануы арқылы жасалады?
10. Бөлшектік сан есімге мысал айт.
11. Құрамына қарай сан есім нешеге бөлінеді?
12. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі түседі.
Сөйлемдегі сан есім қызметі.
3 - тур. «Мақал - сөздің мәйегі» тақырыбында мақал - мәтел айту жарысы. Сайысқа түсушілер алма - кезек сан есім қатысқан мақал - мәтел айтады. Әрбір дұрыс жауабы үшін 1 ұпайдан беріледі. Мысалы:
1. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
2. Бір талды кессең, он тал ек.
3. Ер бір рет өледі,
Ез мың рет өледі.
4. Ер жігіт бір сырлы,
Сегіз қырлы болады.
5. Жеті атасын білмеген, жетімдіктің белгісі.
6. Ұлға отыз үйден тыю, қызға қырық үйден тыю.
7. Отыз тістен шыққан сөз,
Отыз рулы елге жайылады.
8. Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
9. Жүз сомың болғанша,
Жүз сомың болсын. с. с.

4 - тур..«Ойлы болсаң, озып көр» кезеңінде әрбір топқа ребус сызылған парақ беріледі. Ребусты дұрыс шешкен топ, туған жерге, ана - табиғатқа байланысты нақыл сөзді таба алады. Дұрыс жауабы үшін 5 ұпай.
1 - ребус:
2 - ребус:
Жауабы: 1) Жас достар! Табиғатты сүйіңдер, табиғат - Отан байлығы.
2) Туған жер – алтын бесік.

5 - тур. Жаттығулармен жұмыс
6 - тур. «Шешсең жұмбақ - көңілің тынбақ.»сайысы. Интерактивті тақтада есеп жұмбақ
мәтіні шығады:
Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр, бес ешкі,
Екі қоян, үш түлкі,
Бәрі нешеу, кім білді?
( шешімі - 28 аң)
Жұмбақта қатысқан сандарды құрамы мен мағынасына қарай талдау.
7 - тур. «Мықты болсаң, тауып көр» кезеңі.
Кім көп сөз таба алады? сайысы.
Сағат тілі бойынша ешбір әріпті тастамай рет - ретімен 21 сөз тап!
Қорытындылау. Сан есімнің түрлері туралы түсінгенін сұрау.
Оқушыларды бағалау. Ұпай санын есептеу. Жеңімпаз топты анықтау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма. « Табиғатты қорғау - барлық адамның міндеті.» тақырыбына шағын мәтін құрастыру.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×