Сайтқа кіру Тіркелу

Шыдамдылыққа тәрбиелейті спорт түрі - волейбол

Сабақтың тақырыбы: Шыдамдылыққа тәрбиелейтін спорт түрі – волейбол.
Сабақтың мақсаты: Олимпиадада жеңіске жеткен толағайлар туралы ақпараттармен таныстыру. Олимпиада – бейбіт елдердің бәсекесі екенін оқушылардың санасына жеткізу. Волейбол ойынымен таныстыру, оның ерекшеліктерін білу.
Оқушыларды салауатты өмір салтын мықты ұстауға шақыру, ұлттың бетке ұстар толағайларын құрметтеуге, осы толағайлар секілді азамат болып өсуге, ел намысын әрқашан биік ұстар, ұлтжанды азамат болып өсуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: толағайлардың суреттері, Лондон олимпиадасы туралы жазылған мақалалар, интерактивті тақта
Сабақтың әдісі: презентация, флипчарт, түсіндіру, оқу, аудару, талдау, топтық, жеке жұмыстар, суретпен жұмыс, сұрақ - жауап, сергіту ойыны, тест.
Пәнаралық байланыс: денешынықтыру сабағы, орыс тілі
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сұрақ – жауап.
- Сыныпта кім кезекші?
- Сыныпта кім жоқ?
- Жылдың қай мезгілі? (1 слайд)
II. Үй тапсырмасын тексеру. (2 слайд)
1. Спорт шеберлері туралы әңгімелеу. (оқушылардың презентациясы)
Оқушылар ізденісіне берейік Лондон олимпиадасында қола медаль жеңіп алған отандастарымыз туралы мәліметтерге кезек берейік.

2. Оқушылар спорт туралы өз шығармаларын оқиды.
Менің атым – Мадияр. Мен бос уақытымды пайдалы өткіземін. Бос уақытта спортпен айналысамын. Қыста шаңғымен сырғанаймын, коньки тебемін. Жазда футбол, волейбол ойнаймын. Мен велосипед спортымен де айналысамын. Мен спорт үйірмесінде жүгіремін, секіремін, жаттығамын. Мен Қостанай қаласына футбол жарысына бардым. Біз екінші орын алдым. Мен болашақта Қазақстан намысын қорғаймын. Досым сенің де спортпен айналысқаның дұрыс.

Қорытынды:

(Мықты, күшті, денсаулық зор, әйгілі, атақты, сұлу, өмір жақсы, көп өмір сүру)
III. Жаңа тақырып.
1. Спорт тақырыбына байланысты диалог тыңдап, бүгінгі сабақтың тақырыбын атаңдар.
Қай спорт туралы бүгінгі тақырып? (проблемалық сұрақ)
 Сәлем!
 Сәлем!
 Сен қайдан келесің?
 Мен спорт кешенінен келемін.
 Онда не істедің?
 Онда волейбол ойнадым.
 Волейбол үйірмесінде не істейсіңдер?
 Мен секіремін, жүгіремін, жаттығамын, волейбол ойнаймыз.
 Сен волейбол спорттан жарысқа қатынасасың ба?
 Мен волейбол жарысқа қатысамын.
 Волейбол үйірмесіне қатысуға бола ма?
 Болады. Ертең менімен бірге барып үйірмеге жазыласың.
 Қай спорт туралы бүгінгі тақырып?
2. Жаңа сөздер: Шыдамдылық – выносливость
Өмірінің ұзаруы – продолжительность жизни
Үйлесімділік – гармония
Сұлулық – красота
Салауатты өмір – ЗОЖ
Рухани - духовный
3. Мәтінмен жұмыс. (Мәтінге ат қою)
Спорт – адам өмірінің ұзаруына, салауатты өмір сүруде таптырмас құрал. Спорт өнеріне жеткіншектерді баулу – ерте заманнан қалыптасқан дәстүр.
Волейбол – мектеп оқушыларында шыдамдылық, сұлулық пен тұрақтылықтың қалыптасуына жол ашатын спорт түрі.
Бұл балалардың өміріне өте қажет дене жаттығуларының үйлесімділігін жақсартатын ойын. Волейбол ойыны үшін спорт залы, спорт кешендері таза болуы керек.
4. Мәтін арқылы сұрақ - жауап
1. Спорт қандай құрал?
2. Спорт қандай дәстүр?
3. Волейбол спорттың қандай түрі?
4. Волейбол қандай ойын?
5. Спорт залдар, спорт кешендері қандай болуы керек?
Қандай қорытынды жасауға болады?
(Адам спортпен, волейболмен айналысса дені сау болады, ауырмайды, өмірі ұзын болады, сұлу болады)

5. Сергіту саты «Қара жорға» билейік.
6. Дәптерлерде жұмыс. Грамматикалық жаттығулар:
Жіктеу: Волейболшы (1 оқушы тақтада)
Тәуелдеу: Волейбол (1 қатар)
Септеу: Волейбол (2 қатар)
(Бір – бірін тексеру)
Сөздер арқылы мәтін құру. (Мен болашақта волейболшы боламын. Менің досым волейбол үйірмесіне қатысады.)
Қорытынды: Волейбол сөзін жақсы пайдалану білесіңдер.
7. Дұрыс сөйлемдерді табыңдар.
Мен спортпен айналыспаймын.
Маған волейбол үйірмесі ұнайды.
Мен волейбол жарысына қатысамын.
Мен Қазақстан намысын қорғаймын.
Спорт адамға пайдалы.
Біздің мектепте волейбол үйірмесі жоқ.

8. Қорытынды: Волейбол бізге қандай пайда әкеледі?
Денсаулықтың достары:
Рефлексия: Балалар сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма? (жүректерді сыйлау)
9. Үйге тапсырма беру.
10. Бағалау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×