Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған қазақ тілін үйренуші ересектер арасында өткізілген сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Біздің Отанымыз - Қазақстан, біздің мемлекеттік тіліміз - қазақ тілі.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Балалардың жеке басындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру;
Сабақтың әдісі: Пікірталас, әңгімелесу, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, ҚР «Тілдер туралы» Заңы, слайдтар
Сабақтың кезеңдері:
Психологиялық даярлық. Мұғалімдерді топқа бөлу.
1 КЕЗЕҢ Ояну. Қазақстан, Отан, Қазақстан азаматы туралы ой - пікір.
Әдісі: Ассоциация. Отан туралы ой - пікір. «Отан» деген сөз мағынасын ашу, алғашқы ойларын білдіре
Отан дегеніміз – әр адамның туып өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Отан – белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін, жанын пида қылып келе жатқан байтақ өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата - ана, бала-шағасы, жар қосағы, дос - жаран, ағайын - туысы, солармен бірге жалғаннан көретін қызығы мен бақытының тұрағы, кейін ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.
Сөзжұмбақты шешу (интерактивті тақтада)
1. Қазақстанның ауа райы қандай?
2. Қазақстанның елордасы қай қала?
3. Қазақстанның елбасы кім?
4. Қазақстан қай құрлықта орналасқан?
5. Қазақстанның жергілікті халқы қай тілде сөйлеседі?
6. Қазақстанның рухани астанасы қай қала?
7. Қазақстанның ұлттық валютасы не?
8. Қазақстанның көршілерінің бірі?
9. Қазақстан неге бай?
Қазақстаным менің,
Жәннатым!
Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!
Қуат бар сенде достасып бірге табатын!
Қазақстаным менің,
Қазақстаным менің –
Ырысым!...
«Мен және менің Отаным» атты кезеңде мұғалімдер Отанға деген сүйіспеншіліктері мен шексіз махаббатын ватмандар немесе интерактивті тақтада сурет салу арқылы немесе көркемдік өнер арқылы жеткізеді. Әрекет жасай отырып оқушылар жаңа мазмұн, жаңа ақпарат, идея, жаңаша ойлауға ұмтылады. Бұрынғы білімі мен жаңа мазмұнды интеграциялайды.
Отан патриоты болу үшін өз Отанының, жерінің, елінің тарихын, мәдениетін, салт - дәстүрін, тілін құрметтеуді айтады.
3 КЕЗЕҢ. Сыни көзқарастар.
Конституция – халық пен биліктің қарым - қатынасын білдіретін, біздің өміріміз бен тұрмысымызды айқындайтын құқықтық құжат.
Мемлекеттің тұрақтылығы мен гүлденуі, Ата Заңның орындалуында. Әрбір Қазақстан азаматы осы ойды есте сақтауы керек. Заңға бағыну – тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық, адамгершілік т. б. адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер ғана қоғамның гүлденіп дамуының негізі, болашағымыздың алтын арқауы болады.
Тәуелсіздіктің 20 жылы тарихта өз ерекшеліктерімен қалды.
Біз бүгін осы атаулы жылдарға тоқталмақпыз. (слайдтар)
1991 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1994 жылы 30 - маусымда қазақ халқының екінші қыраны - ғарышкер Талғат Мұсабаев ағамыздың аспан көгіне 6 айлық сапарға аттанғанын мақтанышпен айта аламыз.
1993 жылы, 13 - қарашада төл теңгеміз дүниеге келді. Ал, 2006 жылы қарашада қолданысқа жаңа үлгідегі теңгелер енгізілді.
1995 жылы ақыл – ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толғанын ЮНЕСКО көлемінде атап өттік.
1995 жылы 30 - тамызда Ата Заңымыз қабылданды.
1996 жылы 16 желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік ескерткіші ашылды. Ал, 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдық мерекесі атап өтілді.
1997 жылы Астана Ақмола қаласына көшірілді.
1988 жылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы үкімет қаулысы шықты.
1997 жылы «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып белгіленді
1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы»болды.
1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» болып белгіленді.
2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» болды.
2002 жыл «Денсаулық жылы»деп белгіленді.
2003 - 2004 жыл «Ауыл жылы» болып саналды.
2005 жыл Дүниежүзі қазақтары үшін құрылтай болды.
2006 жылы Қазақстандағы Пушкин жылы болды.
2006 жыл Ресейдегі Абай жылы деп саналды.
2006 жылы 6 - қаңтарда әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Н. Ә. Назарбаев жазған «Менің Қазақстаным» атты ҚР жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді.
2010 жылы ҚР ҰҚЫҰ Саммитіне төрағалық етті. Осы саммитте Астана декларациясы қабылданды.
4 КЕЗЕҢ. «Гүлдене бер, Қазақстан!»
Қорытынды бөлім.
Сараптаулар, синтездеу жұмыстары жүреді. Оқушылар Отан туралы бірнеше мақал - мәтелдер үлгісін жасайды.
Аман қалған шабуылдан жүздеген
Батыр халық екенбіз ғой біз деген
Аямаған жұрттан нанын тұзбенен,
Жомарт халық екенбіз ғой біз деген.
Отан адамға өмір сүру қуанышын, өзінің күшіне деген сенім, елі үшін мақтаныш сезімін сыйлайды. Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, біз үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр.
Сұрақ - жауап сайысы
1. Қазақстан қандай ел?
2. Қазақстанның қанша халқы бар?
3. Еліміздің табиғаты туралы не білесіңдер?
4. Біздің еліміздің астанасы қай қала?
5. Біздің еліміздің басшысы кім?
6. Еліміздің Президенті кім бола алады?
Мақал - мәтелдер сайысы.
«Жалғастыр»
1. Еңбек түбі береке,
(Көптің түбі мереке)
2. Елінен безген – ер оңбас,
(Көлінен безген – қаз оңбас)
3. Ер бір рет өледі,
(Қорқақ мың рет өледі)
4. Сөз атасы – құлақ,
Жол атасы – тұяқ,
(Су атасы – бұлақ)
5. Өлеңді жерде
Өгіз семіреді.
Өлімді жерде
(Молда семіреді)
1. Қазақстанның ауа райы қандай?
2. Қазақстанның елордасы қай қала?
3. Қазақстанның елбасы кім?
4. Қазақстан қай құрлықта орналасқан?
5. Қазақстанның жергілікті халқы қай тілде сөйлеседі?
6. Қазақстанның рухани астанасы қай қала?
7. Қазақстанның ұлттық валютасы не?
8. Қазақстанның көршілерінің бірі?
9. Қазақстан неге бай?
Сабақтың соңы: Сабағымызды қорытындылай келе, әр топ барлық қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 20жылдығымен құттықтап, тілектерін білдіреді. «Менің елім – Қазақстан» әні хормен орындалады.
Біздің Отанымыз - Қазақстан, біздің мемлекеттік тіліміз - қазақ тілі
- Жанар
- 15 қаңтар 2012
- 18592
- 0
- 80
Ілмек сөздер: Қазақстан, мемлекеттік тіл, тәуелсіздік, қазақ тілінен сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Тәуелсіздік күні
16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан...Қазақстан
Менің туған жерім – Қазақстан Республикасы. Бұл – бай тарихпен, көне мәдениетпен және ерекше табиғатпен ұлы мемлекет. Осы тамаша табиғат - ай!...Бірлігі бекем Қазақстанның еңсесі биік
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Тәуелсіздік ұғымын терең ұғындыру, оқушылардың бойына Отанына, еліне деген сүйіспеншілік пен бірлік ұғымдарын терең...Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы
Ақтөбе қаласы №41 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Cәрсенова Нәписа Ысқаққызы...«Туған жерім – Қазақстан»
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С Тақырыбы: «Туған жерім – Қазақстан» ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.