Сайтқа кіру Тіркелу

Сатылай кешенді талдау

Сатылай кешенді талдау
Қазіргі білім беру жүйесіндегі негізгі міндеттердің бірі - инновациялық технологиялар арқылы оқушылардың өзіндік мүмкіндіктерін жоспарлы пайдалана білуіне қол жеткізу.
Осы міндетті жүзеге асыру барысында бүгінгі педагогикада технология және инновация ұғымдары терең тамыр жаюда.
Әсіресе, тілді жүйелі түрде меңгерту үшін пән мұғалімдері жаңа технология әдіс - тәсілдерін тиімді пайдалана білуі қажет.
Тіл сабақтарында жүргізілетін грамматикалық талдаулар оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениеттерін арттырып, шығармашылық ойлауға дағдыландырады.
Осы талдауды оқушыларға терең меңгертуде ғалым Н. А. Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясының маңызы зор. Алғаш рет бұл технология 1994 жылы тәжірибеден өткен.
Сатылай кешенді талдау - оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелей меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай білуге машықтандыратын оқыту. Бұл технология дидактиканың мынадай ұстанымдарына сүйенеді:
1. Тұлғалық құрылымға бағдарлануына қарай - өзін - өзі дамыту
2. Қолдану деңгейіне қарай - жеке пәндік

3. Ұйымдастыру формасына қарай - сыныптық - сабақтық, топтық, ұжымдық оқыту амалы.
4. Балаға қатынас амалына қарай - тұлғаға бағдарланған, ынтымақтастық педагогикасы, еркін тәрбие.
5. Басымдық танытатын әдісіне қарай - дамыта оқыту, ізденушілік, өздігінен дамыта оқыту, шығармашылық, диалогтық, ойындық.
Мәселені шешудегі өз әрекетім, нәтижелерім:
- Әр тарауды аяқтағаннан кейін пысықтау сабақтарында қолдану;
- Қолданбалы курс жүргізуде тиімді пайдалану;
- ҰБТ - ға дайындаудың негізгі көзі;
- Тіл, әдебиет сабақтарында оқушы білімін жүйелеп, нақты меңгертуге ұмтылу;
Профессор Н. А. Оразақынованың дәрісін 2003 жылы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында тыңдағанмын. Автор өз шәкірттерімен келіп, сатылай кешенді талдаудың бірнеше үлгілерін көрсетті. Оқушылардың ғылыми тілде сөйлеуі, білім - біліктері дәріске қатысушы барлық пән мұғалімдерін қызықтырған болатын.
Бүгінгі күні мен де өз сабақтарымда осы талдаудың әдіс - тәсілдерін тиімді пайдаланудамын. Тәжірибе алмасу мақсатында 2011 жылы Орал қаласындағы №34 МГ базасында өткен «Н. А. Оразақынованың әдістемесі бойынша сатылай кешенді талдаудың түрлері» тақырыбындағы облыстық семинарға қатыстым.
Тілдік материалдарды сатылай кешенді талдау технологиясының ерекшелігі - оқушылар түсіндірген материалды толық түсініп, жүйелі меңгереді, шығармашылық жұмыстарды өздігінен орындауға бейімделеді.
5 - класта фонетиканы өткенде дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру оқушылардың қызығушылығын оятады.
Мысалы: Берілген сөз: кітаптар
- дыбыс белгісі = +?

- дауысты дыбыс белгісі

- дауыссыз дыбыс белгісі

Шешуі: 8 =3 +5

Дауысты дыбыстарды талдау
1) Тілдің қатысына қарай

2 (а, а) жуан
3 ----------------------------
1 (і ) жіңішке

2) Жақтың қатысына қарай

2 (а, а) ашық
3 ----------------------------
1 (і ) қысаң
3) Ерін мен езудің қатысына қарай

3 (а, а, і) езулік
3 ----------------------------
еріндік

Дауыссыз дыбыстарды талдау

1) Үн мен салдырдың қатысына қарай

4 (к, т, т, п) қатаң
5 ----------------------------
1 (р ) үнді

Морфологиялық талдау үлгісі:
Берілген сөз: дәптер
1) Бұл сөз бір құрамнан тұрады
2) Тұлғасына қарай: негізгі
3) Құрылысына қарай: дара
4) Сөзде бір лексикалық, бір грамматикалық мағына бар
5) Лексикалық мағынасы - оқу құралының атауы
6) Грамматикалық мағынасы - зат есім
7) Сұрағы: не?
8) Мағынасына қарай: жалпы зат есім
деректі зат есім

Бұл технологияны сабақта пайдаланудағы күтілетін нәтиже:
1) Оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады
2) Ойлау қабілеті артады
3) Сабаққа қызығушылығы артып, білімін толықтырып отырады.

Қорыта айтқанда, «Сатылай кешенді талдау - тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен шектелмей, сонымен қатар баланың жалпы тұлғалық дамуына, ойлау мен есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты танымдық - психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесімді дамуына бағытталған оқытудың түрі» деп, Н. А. Оразақынованың өзі айтқандай, бұл талдау арқылы оқушылар ана тілінің қадір - қасиетін бағалай білетін тұлға болып шығатынына сенеміз.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қабыш Жәркенов. Есім сабақ оқуды қалай үйренді?

Қабыш Жәркенов. Есім сабақ оқуды қалай үйренді?

Автордың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріп, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, өлеңді сатылай кешенді талдау арқылы білімдерін көтеру....
Нәтиже сабақ (Еріндік және езулік дауыстылар)

Нәтиже сабақ (Еріндік және езулік дауыстылар)

Грамматикалық тақырып еріндік дауыстылар бойынша оқушының білімін жүйелеу; жаттығу, анықтау, талдау жұмыстарын жүргізу; дауысты дыбыс түрлерін...
Сөз таптарына саяхат

Сөз таптарына саяхат

Атырау қаласы, М. Отаралиев атындағы негізгі мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Даргужина Сандуғаш Биязбайқызы...
Тілдік материалдарды сатылай кешенді талдау

Тілдік материалдарды сатылай кешенді талдау

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясы Байбосын Фарида Еркебайқызы...
Алюминий және оның қосылыстары

Алюминий және оның қосылыстары

БҚО, Орал қаласы, №44 ОЖББМ. Орынова Гүлбаршын Ермекқалиқызы Сабақтың тақырыбы: Алюминий және оның қосылыстары Сабақтың мақсаты: Екідайлы элементтер...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×