Мақсаты: Оқушыларға қазақтың кемел жазушысы Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығын тануға мүмкіндік бере отырып, олардың бойындағы патриоттық сезімді, эстетикалық талғамды, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Міндеттері:
• Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы жайлы білу.
• Жазушыға байланысты әдеби-танымдық қабырға газетін шығару.
• Жазушының бір шығармасынан үзінді оқу.
• Оқылған үзінді арқылы шығармаларының атын таба білу.
• Драмалық шығармаларынан қысқаша сахналық қойылым көрсету.
• Оралхан Бөкейге арнап өз туындысын оқу не өзге ақындардың туындысын жатқа мәнерлеп оқу.
Жүргізуші: - Армысыздар, әдебиет сүйер қауым! Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің апталығы аясында өтіп жатқан «Алтайдың Кербұғысы» атты әдеби-танымдық сайысымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайысымыз Өр Алтайдың құнарлы топырағынан нәр алған, қыз - табиғат өңірдің уызынан қанып ішкен, өз санасында сандаған повестер мен сағыныштарға толы әңгімелердің негізін қалап үлгерген, Алтайда жатып асқақ та өршіл дауысымен алты алашты елең еткізген Оралхан ағамызға арналады.
Осы айтам-ау, адамның адамнан несі артық? Адамның адамнан мінезі мен білімі артық. Ендеше, бүгінгі сайысқа мінезімен де, білімімен де ерекшеленген оқушыларымыздың қатыспақ ойы бар.
Таныс болыңыздар: Бірінші топ «Мұзтау», екінші топ «Шыңғыстай», үшінші топ «Қамшыгер».
Жүргізуші: - Әдебиет майданындағы оқушыларымыздың ерлігі сыналар сайысымыздың шартымен таныс болайық!
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы,
№ 1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Даркенбаева Биби-Жар Бақбергенқызы
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.