Сайтқа кіру Тіркелу

Азық-түлік дүкенінде

Саран қаласының ЖОББ №16 мектебі
Урпебаева Гульмира Орембековна

Сабақтың тақырыбы: Азық-түлік дүкенінде
Мақсаты:Фонетика саласы негізінде алған білімдерін еске түсіре отырып, оқушыларға тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді меңгерту.
Міндеттері: Білімділік. Фонетикалық талдауды еске түсіру, мәтін бойынша сұрақ құрастыра білу, сурет бойынша сөйлем құрастыра білуге үйрету.
Дамытушылық. Сөйлету, ойлау арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өз ойын еркін жеткізу дағдысын жетілдіру, ауызекі сөйлеу дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Тілге деген қызығушылығын арттыру, топтық жұмыс арқылы достық қарым-қатынасқа, сыпайы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс;
Сабақтың көрнекілігі:слайдтағы азық-түлік суреттері, конверт, карточкалар, житондар, ас туралы мақал-мәтелдер.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеп, топқа бөлу, оқу құралдарының толықтығы, оқушылардың көңіл-күйі, оқушылар назарын сабаққа толық аудару.
1. Оқушылар орындарынан тұрып, бір-бірінің қолдарынан кезекпен алып, үш тілде «сәлем, привет, hello » - деп, бір-бірімен амандасады.
Мұғалім: Міне, осындай көңіл – күймен сабағымызды бастаймыз. Үйге қандай тапсырма берілді?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (Мақал-мәтелдер жаттау)

ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар, айтыңдаршы дастарқанның сәні не? (нан, хлеб, брэд) Дұрыс айтасыңдар. (мұғалім слайдтан нанның суретін көрсетеді)
- Адамдардың сүйіп ішітін сусыны не? (шай, чай, ти). Дұрыс айтасыңдар. (мұғалім слайдтан шайдың суретін көрсетеді)
- Шай дәмді болу үшін шайға не қосады? (сүт, молоко, милк) Дұрыс айтасыңдар. (мұғалім слайдтан сүттің суретін көрсетеді)
- Шайымыз тәтті болу үшін не қосамыз? (қант, сахар, щуга).Дұрыс айтасыңдар. (мұғалім слайдтан қанттың суретін көрсетеді)
- Осы тағамдарды біз қайдан сатып аламыз? (дүкеннен)
- Қандай дүкеннен? (азық-түлік).
- Дұрыс, азық-түлік дүкенінен сатып аламыз. Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы «Азық-түлік дүкенінде» деп аталады. (Слайдтан сабақтың тақырыбы көрсетіледі)
Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру. Тақтадағы плакатқа көңіл аудару.Слайд «Азық-түлік дүкенінде»

Жаңа сөздер: (хормен оқу, жеке оқу, жатқа оқыту)
Сөрелер – полки
Тамақ түрлері – виды еды
Келесі апта – следующая неделя
Өлшеңіз –взвесьте пожалуйста
Барды – ходили
тізім – список
Қуанды-радовался (-лись)
Сапа –качество
беріңізші- дайте пожалуйста
барлығының құны – стоимость всего
тағы не аласыз? - что еще возьмете?
таңдап алды- выбрал(-а, -и)

Сөздік дәптермен жұмыс
Әр топтан бір оқушыдан келіп, конвертке салынған тапсырманы таңдап алады.
І топ . 1-тапсырманы орындайды. Диалогты оқып, өз түсінгендерін айту.
ІІ топ.2- тапсырманы орындайды. Мәтінді оқып мазмұндау. Сұрақ құрастыру.
ІІІ топ.5-тапсырманы орындайды. Сурет бойынша сөз тіркесін, сөйлемдер құрастыру.
Әр топтың тапсырмасын тексеру.
(Тапсырманы жақсы орындаған топ 3 житон, екінші орындаған 2, үшінші орындаған 1 житон алады.)
Тақтамен жұмыс.4-тапсырма. Келесі сөздерге фонетикалық талдау жасау:
Үш топтан үш оқушы шығып, фонетикалық талдау жасайды.
Сөреден, ірімшік, шұжық
(Тапсырманы бірінші және дұрыс орындаған топ 3 житон, екінші орындаған 2, үшінші орындаған 1 житон алады.)
«Адасқан әріптер» ойыны. Әр топ жасырылған сөзді шешуі керек.
Ө с р е р е л - сөрелер
А т қ а м - тамақ
р і м і к ш і – ірімшік
н е к ү д – дүкен
ұ м ғ а і м л - мұғалім
ышуқо - оқушы

Сабақты бекіту: Мұғалім оқушыларға карточкалар таратады, оқушылар алған білімдерін пайдалана отырып, дұрыс-бұрыс жұмысын орындайды.
Сөйлемдер дұрыс бұрыс
Азық-түлік дүкенінде нан, қант, шай, сүт сатылмайды. -
Азық-түлік дүкенінде нан, қант, шай, сүт сатылады. +
Азық-түлік дүкенінде киімдер сатылады. -
Сен азық-түлік дүкенінен қант, нан, кәмпит сатып алдың. +
Ол азық-түлік дүкенінен қалам, дәптер сатып алды. -
Әжем азық-түлік дүкенінен айран, қаймақ сатып әкелді. +

Әр топ кезекпен сөйлемдерді оқып, дұрыс-бұрыс екендігін айқындайды.
Рефлексия. 1.Бүгін қандай тақырып өттік?
2. Азық-түлік дүкенінде нелер сатылады?
3. Сабақ сендерге ұнады ма? Сабақ ұнаса, алдарыңдағы қағазды мына шеңбердің ішіне жапсыруларыңа болады.
Үйге тапсырма: «Азық-түлік дүкенінде» тақырыбына 5 сөйлем құрастыру, жаңа сөздер.
Бағалау. Мұғалім сабаққа белсене қатысқан балаларды мадақтап, бағалайды.
Келесі сабақта біз осы тақырып төңірегінде сөз қозғаймыз.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Дастархан басында

Дастархан басында

Мақсаты: Балаларға азық - түлік түрлері туралы түсінік қалыптастыру. Азық - түліктердің қайда сатылатынын, қайда сақталатыны туралы мәлімет беру....
Ұлттық тағамдар. Мәтін

Ұлттық тағамдар. Мәтін

Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты 1. 1. 2. 1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім(не) туралы айтылғанын анықтау. 1. 3. 7. 1 Мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем...
Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздер және сөз тіркестерінен құралған ...

Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздер және сөз тіркестерінен құралған ...

Т 3. 1. 2. 1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндерді түсіну А 3. 2. 1. 1. Сөйлеу барысында...
Менің сүйікті тағамым

Менің сүйікті тағамым

Сабақтың мақсаты: Жаңа сөздермен таныстыра отырып сөйлем құрап, сұраққа жауап беру арқылы тілдерін дамыту. Жаңа сөздерді есте сақтауға жағдай туғызу....
Мен азық-түлік дүкеніне барамын

Мен азық-түлік дүкеніне барамын

Дүкен сөзіне қатысты қандай сөздер білеміз? - Еске түсірейікші? Азық-түлік дүкенінде, ойыншық дүкенінде, ыдыс дүкенінде кім жұмыс істейді? Кім...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×