Сайтқа кіру Тіркелу

1001 мақал, 101 жұмбақ

Сайыс сабақ: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ».
Сайыстың мақсаты: Мақал-мәтел, жұмбақ туралы білімдерін тереңдету.
Оқушыларды шапшаң ойлауға, тапқырлыққа, жауапкершілікке үйрету, сөздік қорын, дүниетанымын арттыру.
Адал достыққа, білімді, өнерлі, еңбекқор, азамат болуға, тілін, елін, жерін сүйер, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренер жеке тұлға болып қалыптасуына әсер ету.
Сайыстың көрнекілігі:Тақырыптық плакаттар
Сайыстың жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
2. Ойынның шартымен таныстыру.
3. Ойыншылармен таныстыру.
ІІ. Негізгі бөлім
І айналымда 3 ойыншы шығады. Бір сөз айтылады, сол сөзді мақалдың құрамында келтіру керек. Ұпай – 10 балл.
ІІ айналымда мақалдың бір бөлігін айтып, жалғасын таптыру. Ұпай 20 балл.
ІІІ айналымда көрермендер көрімдігі
ІV айналымда 3 жұмбақшы шығады. Ұпайы 20 балл.
V айналымда екі жұмбақшы бір-біріне жұмбақ айтады.
Жеңімпаз келесі айналымда мақалшымен сайысқа түседі.
VІ айналымда жүргізуші жұмбақшыға жұмбақ айтады. Жұмбақшы шешуін табуы тиіс. Шешуін қатыстырып, мақалшы мақал айту керек.
VІІ ақырғы айналымға суырылып шыққан жүйрікке тұрақты тіркестердің мағынасын ашу тапсырылады.
Жеңімпаздарды мадақтау

ІІІ. Қорытындылау
Мақал-мәтел – сөз мәйегі, талай замандар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келген халықтық мұра. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Жұмбақ адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді. Жұмбақ тапқырлықты, білімділікті талап етеді. Сондықтан, балалар, көп оқып, іздену керек!
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қазақтың мақал-мәтелдері. Алматы, 1959ж
2. Қазақтың мақал-мәтелдері. Алматы, 2002ж
3. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш. Авторы Е.Елубаев. Aлматы, 1989ж
4. І.Кеңесбаев «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі».

Авторы: Досқазиева Ботагөз Қисамадинқызы
Мектебі: Алматы қаласы, Әуезов ауданы,
Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясы

Слайдты жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×