Сайтқа кіру Тіркелу

Кітап үзіндісі: Үйсіздіктің азабын, әй, бір кісідей - ақ тарттым - ау

Кітап үзіндісі
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...

- Аға, кәзит қайдан келеді? — деп сұраймын. - Алматыдан келеді, өкімет шығарады. - Алматы жер түбі, үлкен қала екенін білем. Ал өкімет не? - Өкімет — ол осы жұрттың бәрін билейді. Байларды кәмпеске жасайды. Түсіндің бе? Мен басымды изеймін, еміс - еміс бірдеңелерді түсінетін тәріздімін.
Бердібек Соқпақбаев “Балалық шаққа саяхат”

Ұнжырғаңды түсірмей, уақытында шашыңды алдырып, әрқашан да умаждалмаған таза киім киініп жүр, қуатым. Жұрт сенің ішіңе үңілмейді, сыртыңа қарайды. Жаның жадау, жағаң жамау болса, соған сүйсінетіндер де шығады, Ешкімге таба болмай, тік жүр, жаным, жарайма? Арақ ішпе, керегі жоқ. Өзің де құмар емессің ғой. Өзіміз ішпей үлгі көрсетсек, кейін балаларымыз да ішпес еді деп ойлаймын.
Әзілхан Нұршайықов "Махаббат, қызық мол жылдар"

Үйсіздіктің азабын, әй, бір кісідей - ақ тарттым - ау. Бас - аяғы бір ғана жылдың ішінде үш үй алмастырдым. Жақсы, тұруға қолайлы болғандықтан алмастырмайтының белгілі. «Үйі жоқтың, күйі жоқ» дейтін мақал да шығарып алдым. Ал күйсіз пенде қаңғыбас. Әр түрлі солақай, сырап жүрістерге бейім. Қызметтің соңынан бірден үйге қайту сирек. Өйткені автобус, трамвайда адам көп. Оңайлықпен отыра алмайсың. Отырсаң да итің шығып, зорға отырасың. Түймеңнен түйме, жүйкеңнен жүйке қалмайды. Одан да азырақ сергіп, көңіл көтергенді, демалғанды тәуір көресің. Жападан жалғыз көңіл көтерілмейді. Жолдастар тауып аласың.
Бердібек Соқпақбаев “Өлгендер қайтып келмейді”

Мұхтар Мағауин өзінің “Мен” деп аталатын кітабында: “әдебиеттегі ғана емес, әдепкі өмірдегі, адамдар арасындағы реніштің көбі түсініспеуден болады. Немесе кесірлі астамдықтан” деген ойды көлденең тартады. Дұрыс айтылған пікір. Түсініспеу — кісі мен кісіні ылғи араз етеді, сырттай тон пішіп басқаша ойлауға итермелейді, белгілі бір адам туралы кездейсоқ, теріс айтылған жалғыз ауыз сөз ол кісі туралы пікіріңізді 180 градусқа бұрып жібереді, содан әлгі адам туралы ылғи жаман ойда жүресіз.
Сәуле Досжан "Үшінші есіктің құпиясы"

Кітаптардағыдай дос болып қалмайсыңдар ма?
Мархабат Байғұт "Сізді сүйген қыз едім"

Диплом алғанның бәрі — педагог емес. Ұстаз болуға туа жаралу керек.
Орынша Қарабалина "Ұстаз бақыты"

— Бибісара текті жерден шыққан ғой байғұс, қанша айтқанмен, баяғы Байзақ датқаның тұқымынан емес пе. Қалпеге қойын сойып, қолын қусырып, бұрынғының кәдесін істеп - ақ жатыр. Тектінің аты текті ғой, шаңырағын шайқалтпай түтінін үзбей, келінін кіші баласына қоса қойды.
Шерхан Мұртаза "Мылтықсыз майдан"

Сенікі дұрыс шығар. Бірақ адамдардың табиғатынан өзімшіл екендігіне көзім жеткен. Қай адам болмасын өз бақыты үшін бәріне барады. Сен де өз бақытыңды ойлап, Мақпалға рұқсат беріп отырсың. Сен оның бақытсыз халін ойладың ба? Үндемейсің, ә? Ойлаған жоқсың.
Нәсіреддин Сералиев "Махаббат туралы хикая"

Бала — өмірдің көркі, қызығы. Ол жүрген жерде қасіретке орын жоқ.
Мұқан Иманжанов "Дос қайғысы"

Адамның ең үлкен бақыты — өзіңді біреудің сүюі болар. Сол адамды сенің де сүюің болар. Егер екі адам бірін - бірі аңсай іздемесе, бірін - бірі өлердей сағынбаса, бір - бірінсіз тұра алмайтының, бір - біріне қажеттігін сезінбесе — толықсып туған Айдың жарығы кеудедегі түнекті түре алар ма? Шыққан Күннің шуағы кеудедегі ызғарды қуа алар ма?
Софы Сматаев "Біз құлмыз ба, кімбіз?"

Қарапайым, жұпыны өмір кешсек те, қорқу - үрку дегенді білмейміз. Иә, сендердің таза тұратындарың рас, бірақ саудалары бірде оздырса, бірде тоздырады. "Саудада дос жоқ" деп халық тегін айтпаған. Кейде тіпті бүгін бай болсаң, ертең кедейленіп тақырға отырып қаласың. Ал, біздің шаруа тірлігі баянды: мұжықтың қолы қысқа болғанмен жолы ұзақ, байларша асып - тасып жатпасақ та, қарынымыз тоқ, уайымымыз жоқ, әйтеуір.
Лев Толстой "Адамға қанша жер қажет?"

Қалай болғанда да, он екі баланы асырап - сақтаған қаршығадай жездемнің алдында бас иіп, осы он екі бала ер жетіп, төбесін көкке жеткізер күнді аңсайтынмын. Бірақ жездем аңсамайтын. Ол айтар: "Мен оларды асырау үшін дүниеге әкелдім. Ал олардың жарылқауы міндет емес."
Оралхан Бөкей "Ұйқым келмейді"

Бүгін қандай жақсылық жасадым. Кімді қуантып, кімді ренжіттім дегендей есеп - қисапсыз болмайды. Адамбыз ғой... Аяқты шалыс басуымыз хақ. Сондайда өткен күннің қателігін түзеу жақсылықты, қуанышты көбейтеді.
Мағзом Сүндетов "Күтем сені, Дидар"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Кітап үзіндісі: Ұдайы су аяғы құрдым бола бермейді

Кітап үзіндісі: Ұдайы су аяғы құрдым бола бермейді

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау...
Кітап үзіндісі: Маған деген жақсы көру сезіміңді өшiрмесең болғаны...

Кітап үзіндісі: Маған деген жақсы көру сезіміңді өшiрмесең болғаны...

Маған деген жақсы көру сезіміңді өшiрмесең болғаны... Өзге көлеңкедей келеңсіз шырғалаң, өрмекші торы біртін - біртін жеңіліс тауып жойылар....
Кітап үзіндісі: адам өмірі деген тесік шелекке құйылған су тәрізді болады е ...

Кітап үзіндісі: адам өмірі деген тесік шелекке құйылған су тәрізді болады е ...

Иә, адам өмірі деген тесік шелекке құйылған су тәрізді болады екен. Тіршіліктің оны - мұны шаруа қамымен күйбеңдеп, басың қатып жүргенде, бір күні...
Кітап үзіндісі: Қайғы мен мұң екеуі ағайынды қасіреттер

Кітап үзіндісі: Қайғы мен мұң екеуі ағайынды қасіреттер

Жолдастар, жақсы оқысаңдар да, жаман оқысаңдар да өздерің үшін. Міне, мен жақсы оқыдым. Бердібек Соқпақбаев "Балалық шаққа саяхат"...
Кітап үзіндісі: Əйелді қорлаған еркекті өмір өкінішсіз жібермейді

Кітап үзіндісі: Əйелді қорлаған еркекті өмір өкінішсіз жібермейді

Əйелді қорлаған еркекті өмір өкінішсіз жібермейді. Өйткені əйел - өмірдің анасы, ал асыл перзент анасын ешкімге де қорлатпайды. Өйткені əйел - киелі...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×