Кітап үзіндісі: Маған деген жақсы көру сезіміңді өшiрмесең болғаны...
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...
Биологтар ұзақ уақыт қабыландардың өз күшiктерiнiң аузынан тамақты тартып алып жейтiн әдеттерiн хайуани тағылық деп бағалап келген. Бiрақ кейiн мүлде басқа нәрсе анықталған. Қабыландардың балалары қомағай болғандықтан, сырттан бiреу тоқтатпаса, тойғандарын бiлмей, күптi болып өлiп қалады екен. Қабыланның өзi болса, генетикалық жад арқылы мұны жақсы бiледi. Сол себептi артығын жегiзбейдi.
Өмiрдiң барлық саласында – iшетiн тамақтан бастап, басқа қонған бақ - дәулетте де, бәсеке - тартыста да, нәпсiде де қомағайлық пен ынсапсыздыққа бой алдырып, қабыланның күшiгiндей қатерде тұрмыз. Қабыланның күшiгiн құтқаратын күштi табиғат күнi бұрын ойластырған. Ал адамды құтқаратын өзiнен басқа күш жоқ.
Төлен Әбдік "Парасат майданы"
Маған деген жақсы көру сезіміңді өшiрмесең болғаны... Өзге көлеңкедей келеңсіз шырғалаң, өрмекші торы біртін - біртін жеңіліс тауып жойылар. Жалғыз адамға жаманшылық жасап көрмеппіз, кісінің ала жібін аттамаппыз – бізге де бақытты, шуақты, жайбарақат, бейқам күндер бұйыратын шығар. Жанымның жұбанышы!
Сәуле Досжан "Үшінші есіктің құпиясы"
Өлімді көп ойлай берсең, өмірдің де қызығы кетеді...
Ілияс Есенберлин "Алтын құс"
— Иә, махаббат - біздің өміріміздегі бірден - бір қуаныш, бірақ соған шамадан тыс артық талап қоямыз деп, өзіміз бүлдіріп аламыз.
Ги де Мопассан "Сүйкімді дос"
Кітап үзіндісі:
Ештеңе жоқ, әлі бұл тұрлаусыз, даңғаза дүние де өтеді. Сандалбай саясат құрып, жаңа дүниенің таңы атады. Әне, біз жаңа Қазақияға сонда көшетін боламыз…
Дәнеш Ахметұлының "Қарабеттер көшесі"
"Билік адамды бұзады" – бұл шексіз биліктің тәтті дәмін әлі татып көрмеген жандардың айтатын қалыпты сөзі. Алайда сіздер, құрметті оқырмандар, абсолютті үстемдік сезіміне бой алдырып, дұрыс жолдан таймай, азғындық іс - әрекеттерден өзіңізді тежей аласыз ба?
Китами Масао "Қылышсыз самурай"
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кітап үзіндісі: Маған деген жақсы көру сезіміңді өшiрмесең болғаны...
- ramuk_b
- 9 қараша 2024
- 264
- 0
- 0
Ілмек сөздер: кітаптардан үзінділер, жазушы шығармаларынан үзінділер
Ұқсас жаңалықтар:
Кітап үзіндісі: Ажалың жоқ болса, алпыс айдаһар жабылса да өлмейсің...
Адамға рухани бостандық керек. Ертедегі құлдар заманында адамдардың аяқ - қолы кісенделсе, қазір ақыл - ойы кісендеулі... Төлен Әбдік "Ақиқат"...Кітап үзіндісі: Ішімдік сақауды да сөйлетеді
Бақыт дейтiн шашылып жатқан жоқ, басқан жерiңнен табыла бермейдi. Оны ұғуың керек, табу керек, сонан соң иемдену үшiн күресу керек....Кітап үзіндісі: Бақыт. Бұл да бiр созбалаң нәрсе
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды?...Кітап үзіндісі: адам өмірі деген тесік шелекке құйылған су тәрізді болады е ...
Иә, адам өмірі деген тесік шелекке құйылған су тәрізді болады екен. Тіршіліктің оны - мұны шаруа қамымен күйбеңдеп, басың қатып жүргенде, бір күні...Кітап үзіндісі
Ал, музыка тыңда, кітап оқы, қиял кез. Түбі сен осы бөлмеден не данышпан боп шығасың, не ақылыңнан адасып шығасың. Дулат Исабеков «Қарғын»...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.