Кітап үзіндісі: «Бақытты болу үшін үйлену керек» деуің мүмкін
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...
Баяғыда Арал толысып тұрған шағында анау Қарақалпақстан жағынан бір құс үш баласын алып ұшып шыққан екен. Орта жолда әбден қанаты талған ана құс балаларына қарап: "Сендерді арғы бетке арқамды ойып алып бара жатырмын. Сендер маған не жақсылық көрсетесіңдер?" деп сынапты. Сонда екі үлкен баласы шешелерін алтынмен аптап, күміспен күптейтінін айтып безек қағыпты. Ал, кіші баласы: "Шеше, сені де ата - анаң бағып - қақты. Соларға өзің не ұшпақ көрсеттің? Ештеңе. Сондықтан балаларың да сені үлде мен бүлдеге бөлеуге уәде беретіндей ме?! Ертең сен секілді мен де ана боламын. Өмірім балаларымды өсірумен өтеді де кетеді" деген екен. Әбден қалжырап келе жатқан ана құс үлкен екі баласын суға тастап жіберіпті де, анық сөйлеген кенжесін арғы бетке аман - есен жеткізіпті.
Шархан Қазығұл "Оңашадағы онлайн ойлар"
Рысқұл садақтан атылған Қызыл Жебенің құрыш ұшындай болып барып, айтулы палуан Мақаштың тастай тақымын талқандап, көкпарды тартып алғанда, Тұрар бұл өмірдің додалы көкпар екенін, күреспесе, алыспаса адам өз сыбағасынан, бəлкім бақытынан адасып қалатынын бала көңілмен, көмескілеу болса да, аңлады.
Шерхан Мұртаза "Қызыл Жебе"
«Бақытты болу үшін үйлену керек» деуің мүмкін. Сонда үйленбесең, бақытсыз боп қаласың ба? Үйленбей тұрып бақытты болып алғаның дұрыс негізі. Үйлену тек сол бақытты еселей түседі. Ұзатылып бара жатқан қызға «бақытты болам деп емес, барған жерімді бақытты қылам деп ойла» деп жатады ғой. Өзінің бақытын ойламайтын адам басқаны бақытты ете ала ма?
Данияр Жігітбек "Не үшін үйлену керек?"
Меніңше, қыздың жолы емес, келіннің жолы – жіңішке. Келін - жат жұртқа келген кешегі қыз бала. Қызғалдақ - ғұмырын қиып, басқа жұртқа, бөтен елге келді. Басқа ата - ананың тәрбиесін көрді. Шаңырағы бөлек, салт - дәстүрі, тіпті ішетін тамағы да бөлек елден келді. Кешегі бұла өскен қыз баланың бір күнде келін атанып, жат жұртқа үйренісіп, бейімделіп кетуі деген өте қиын. Міне, осы кезде жас келінге қадалатын көз де көп, айтылатын сын сөз де көп. Түк көрмегендей жас келіннің киген киімі мен жүрген жүрісін сөз қылып, ұнамды қылығы болса, сүліктей қадалатын көзімізді сүземіз. Біздің ең үлкен қателігіміз осы. Келіннің жолын ауырлататын өзіміз.
Зейнеп Ахметова "Теңбіл тіршілік"
Көздің қасиеті де, осалдығы да сол сыр жасыра білмейтіндігінде ғой…
Мұқан Иманжанов “Алғашқы айлар”
Ең əуелі Қонаевтың бойынан мына асыл қасиетті байқадым. Қайсыбір сапарға шығып, жолаушылар үйіне аттанар алдында əрдайым əкесі Меңліахмет ақсақалдың алдына барып:
— Жол - ана қасиетті. Іссапарға жүргелі жатырмын. Батаңызды беріңіз! - деп бата сұрайтын.
— Жолың болсын, балам!.. — деп тау тұлғалы ұлының алдына келіп бата сұрағанына риза болатын.
Серік Əбдірайымұлы "Елу жыл ел ағасы"
Бетіне құмырсқа жорғаласа да із түсетін ұп - ұлпа май топырақ болады - ау. Әйелдің жаны да тап сондай. Оған айтылған наз, салған қолқаның ешбірі із - түссіз қалмайды.
Әбіш Кекілбаев "Ажар"
Ғылым мен өнер адамы үшін фәниден бақиға барар жол біреу - ақ - тоқтамай еңбек ету, жұмыс істеу. Басқаның бәрі алдамшы.
Мұхтар Мағауин "Көк мұнар"
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
«Бақытты болу үшін үйлену керек» деуің мүмкін
- ramuk_b
- 24 қыркүйек 2024
- 227
- 0
- 0
Ілмек сөздер: кітаптан үзінді, жазушылар шығармалары қысқаша мазмұны
Ұқсас жаңалықтар:
Кітап үзіндісі: Бостандық - біреуге зияның тигенге дейін бостандық, ал одан ...
Бостандық - біреуге зияның тигенге дейін бостандық, ал одан кейін қиянат. Қажығұмар Шабданұлы "Қылмыс"...Кітап үзіндісі: адам өмірі деген тесік шелекке құйылған су тәрізді болады е ...
Иә, адам өмірі деген тесік шелекке құйылған су тәрізді болады екен. Тіршіліктің оны - мұны шаруа қамымен күйбеңдеп, басың қатып жүргенде, бір күні...Туыстық атаулар сыры: келін
Келін (әйел) – інінің әйелі «келін» деп аталады. Бала мен немеренің әйелі «келін бала» болады. Бүкіл ауылдағы жолы кіші адам да осы келін....Кітап үзіндісі
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау...Гүлі едің аялаған ата-ананың
Отбасы - адалдық пен алғыс бағы, Қос жүректің сүюі, жан құштары. Балапандай көруші еді сені өмірде, Ұядан тұрсың ба енді сен де ұшқалы....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.