Сайтқа кіру Тіркелу

Жігіттің жеті өнерінің бірі –аңшылық

7 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Жігіттің жеті өнерінің бірі – аңшылық.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жігіттің жеті өнері жайында жан - жақты білімдерін жинақтау, Абай мен Мұхтардың суреттерлік шеберлігінің үндесуі.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын дамыту ойлау қабілеттерін көркем әдеби тілде сөйлеу қабілеттерін дамыта түсу.
Тәрбиелік: Оқушыларға аңшылық, атакәсіпті үйренуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, флипчарт, үлестірме қағаздар, суреттер.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: талдау, жинақтау, салыстыру.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Жаңа сабақ.
3. Оқушылардың қызығушылығын ояту.
Аңшылық өнері он сегізінші, он тоғызыншы ғасырларда көптеген өлең – жырлар арқылы жазылған. Өйткені бұл кезеңдерде аңшылық қатты дамыған. Елдің серілері, ер - азаматтары осы өнерімен айналысыпты. Бұл өнерді қазақтың көрнекті адамдары да қатты ұнатқан. Әсіресе Абай, Ақан сері, Ілияс, Мұхтар. Ақындарымыз осы өнер жайында көптеген әңгіме өлеңдер, зерттеулер жазған. Аңшылық дегеніміз кәсіп, күнкөріс, өнер деп түсінеміз. Аңшылықты өнер түрінде танып суреттеген адамдар Абай, Мұхтар, Шәкәрімдер екен.

Абай жақсы аңшы болыпты. Ол көз алдында бүркітінің түлкіге түсіп, алысып жатқандарын көріп, сұлу көріністерінен ләззат алып, «Қансонарда бүркітші шығады аңға» деген өлеңі туыпты.
Оқулықтан өлеңді мәнерлеп оқып, оқушылардың қызығушылығын ояту.
Осы өлеңде аңшылық ақын сезіміне қалай әсер еткенін көріп тұрмыз. Абай - жақсы – жаманның парқын біліп, тіршіліктің қыр - сырына зерде бойлатқан ұлы ақын. Оның ойы бойынша қыран құс тегін емес.
1. Оқулықтан мәтінді оқып, мазмұндау.
2. Мәтіннен сөз тіркесін теріп жазу.
3. Мәтін мазмұнына сүйене отырып, берілген сұрақтарға жазбаша түрде өз пікіріңді баяндап, жауап беру. /мәтін бойынша 10 сұрақ/
4. Сызба бойынша мәтінді әңгімелеу.

Жігіттің жеті өнерінің бірі –аңшылық


Мағынаны ажырату.
Зерттеу.Деңгейлік тапсырмалар.
1. Абайдың өлеңіндегі аңшылар аңға жылдың қай мезгілінде шығуды қолайлы көреді?
2. Бұл мезгілді таңдауының себебі неде?
3. Аңшыға не қажет?
4. Бүркітші қағушы кім?
5. Аңшылар қандай әрекеттер жасайды?
6. Бүркіт аңға қандай тәсілдермен түседі?
7. Өлеңдегі бүркіт түлкіге қалай түскен?
8. Аңшылардың көңіл - күйін беретін өлең жолын көрсет.

Салыстырыңыз. Деңгейлік тапсырмалар.
Абай аңшыға не қажет деп таниды?
Оны Мұхтар қалай суреттейді?
Бүркіттің түлкіге түскен әрекеті Абай да қалай, Мұхтар да қалай суреттеген?
Бүркіт түлкіге қалай түседі?

ҚолданыңызДеңгейлік тапсырмалар
Қазақ халқында аңшы адамға қыран бүркіт, жүйрік ат, жақсы жолдас, мықты қару керек дейді. Осыны өлең мен әңгімеден табу.

Қорытынды
Бүгін сабақта нені білдік?
Нәтижесі қандай?
Бүркітші әңгімесіндегі аңшы бойына жинақталған қасиеттерін көреміз, әсіресе, шыдамдылық, сезімталдық, тапқырлықты байқадық.
Міне, Абай жақсы - жаманның парқын біліп, тіршіліктің қыр - сырына зерде бойлатқан ұлы ақынымыз қыран құстың қасиетіне тегін таңданбаса керек. Аңшылықтың құпиясы сыры өте көп деп сезініп, қазіргі жастардың сол кәсіпті меңгеруіне насихаттау, Абай мен Мұхтар үніне үн қосып Аңшылық - жігіттің жеті өнерінің бірі деп сол өнерді үйренуіне ықпал жасау.

Үйге тапсырма:
«Аңшылық - өнер» тақырыбында эссе жазу.
Бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×