Сайтқа кіру Тіркелу

Үштұғырлы тіл: бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сатысы

Үштұғырлы тіл: бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сатысы

Заманауи уақыт ағымына сай білім мен ғылымның, экономиканың, саясаттың, жалпы бәсекелестіктің қарыштап дамып отырған жаһандану кезеңінде қоғамымызға кәсіби білімі жетік құзіретті мамандар мен шығармашыл да бастамашыл тұлғалардың қажет екені сөзсіз. Соған орай соңғы жылдары өскелең ұрпақтың білім сапасын халықаралық деңгейге жеткізу мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда, еліміз жаңартылған білім беру мазмұнына көшті. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында, әсіресе, үштілділікті енгізу мәселесі аса маңызды болып табылады. Үштілділік – нақты тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым – қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді алма – кезек қолдану құбылысы. Сондықтан үштілділікті тәуелсіз еліміз үшін стратегиялық мәні ерекше құбылыс деп бағалағанымыз жөн.
Тіл қай ұлтта, қай елде болмасын қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен дарып қалыптасқандықтан, «ана» деген ардақты атпен «ана тілі» деп атаймыз. Біздің ана тіліміз - қазақ тілі. Қазақ тілі – ғажап тіл, сан ғасырлық тарихы бар тіл. Ата - бабаларымыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес асыл мұра. Егемендігіміздің арқасында еңсесін тіктеп, күретамырын тереңнен бойлаған төл тіл.
Халқымыздың біртуар перзенті Мағжан Жұмабаев: «Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы. Ұлттың тілінің кеми бастауы – ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат еш нәрсе болмасқа тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең, тілі де бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, орамды, терең тіл жоқ», – деп тіл жайында терең толғанған екен кезінде. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңда мемлекеттік тіл туралы оңды қоғамдық көзқарас қалыптасып отыр. Тіпті Отанымызда өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдерінің де мемлекеттік тілді меңгеруге деген құлшынысы күннен - күнге арта түсуде.
Үш тілді меңгеру, білу – бұл жаһандық әлемге жолдама деген сөз. Бұл адамның өмірдегі табыстылық, жетістік принципі. Жаһандық әлемде біздің балаларымыз «Планета азаматы» болады. Бүгінгі күрделі әлемде біздің балаларымыз өздерін «судағы балықтай» сезінуі керек. 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу, ал 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиістігін атап көрсеткен болатын.
Сондықтан қазіргі таңда мектептерде шет тілін бастауыш сыныптардан, тіпті балабақшадан бастап оқыту енгізілуде. Себебі, ағылшын тіліне ерте жастан оқытудың тілді жақсы әрі еркін меңгеруге тигізер әсері мол. Көпжылдық зерттеу көрсеткендей, ағылшын тіліне ерте жастан оқыту балалардың жалпы және тілдік дамуын реттейді, балаларды өзге ұлт мәдениетін білуге және құрметтеуге үйретеді. Ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, үлкен адамға қарағанда кішкентай бала ағылшын тілін тез меңгереді. Дегенмен, сол көптілділік іргетасы ана тілден қалануы керек. Мысалы, жапондар секілді. Олар баласын қашан жапон тілінде дұрыс сөйлей білгенше өз тілінде оқытып, үйретіп, содан кейін ғана барып басқа тілді білуге ден қоя бастайтын көрінеді. Өркениетті елдердің осындай озық дәстүрлерінен неге үйренбеске? Ана тілінде дыбыстарды дұрыс айтпай, дұрыс сөйлемеген баланың бойына патриоттық сезімді ұялата білеміз бе? «Өз тілін сезбеген бала – ана сүтін татпаған жетіммен тең» деп көрнекі жазушы Бауыржан Момышұлы айтқандай, ертеңгі күні жетімдерге тап болып қалмаймыз ба?
Қазіргі заманғы мектептердің басты мақсаттарының бірі өсіп келе жатқан ұрпақты жан - жақты, жаһандану құндылықтарына бейімдеу, балалар мен жеткіншектердің көрші елдер мәдениетінің өкілдерімен дүниежүзілік кеңістікте өзара әрекет жасасуына деген шеберліктерін қалыптастыру.
Оқытушылар мен оқушылардың алдында тұрған басты мақсаты – Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттары талаптары деңгейінде үш тілде білім меңгерген, өз елінің тарихы мен салт – дәстүрін білетін, көптілді коммуникативтік құзырлықтары қалыптасқан, өзін – өзі дамытуға және өзін – өзі жетілдіруге талпынатын тұлғаны дамыту.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде үш тілді білім беру моделін енгізудің өзектілігі мынада:
- бүгінгі қазақстандық қоғамда көптілді, көп мәдениетті тұлғаға деген сұраныстың артуы;
- ұлттық мектеп бітірушілерді жалпы қазақстандық және әлемдік білім және ақпарат кеңістігіне кіріктірудегі мәселелерді шешу қажеттілігі;
- болашақ ұрпақты қазақстандық патриотизмге, ұлтаралық қатынас мәдениетіне тәрбиелеудің өзекті мәселеге айналуы;
- аз ұлт өкілдерінің этникалық ерекшеліктерін сақтаумен бірге олардың жалпы қазақстандық экономикалық, әлеуметтік - мәдени үрдістерге толыққанды қосылуына жағдай жасау;
- мектеп бітірушілерінің коммуникативтік және ақпараттық құзырлықтарының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу;
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 - шы жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көп тілді білімі бар педагогикалық кадрларды даярлау іске асырылуда. Оны жүзеге асыру мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында базалық пәндер циклында шетел тілінен сағаттар санын арттыру және оқудың типтік бағдарламаларында өзгерістер енгізу арқылы жүргізіліп жатыр, әсіресе, пәнді үш тілде оқытатын педагогикалық кадрларды дайындауға байланысты [5].
Сөз соңында, қанша тілді меңгерсең де, қанша әлемдік мәдениеттің биік өнертабысына қол жеткізсең де, өзіңнің ұлттық кодыңды сақтап, ұлтымыздың мәңгілік байлығы – туған тұғырлы тіліміз бен халықтық құндылықтарымызды ешқашан ұмытпауымыз керектігі әрбіріміздің жадымызда жүруге тиісті.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Еркін А. Үштұғырлы тіл атты мәдени жобаның маңызы / А. Еркін// Студент және ғылым.- 2011.– 18 наурыз.
2. Бейсенбаева Қ. Үштұғырлы тілдік қатынас / Қ. Бейсенбаева// Мектеп (Шымкент).- 2013.–(№6).
3. Жарыбаев Қ. Үштұғырлы тіл жайлы ғылым не дейді? / Қ. Жарықбаев// Мектептегі психология.- 2014.–(№5).
4. Шаханов М. Үштұғырлы тіл – ұлтқа төнген қасірет/ М. Шаханов//Тасжарған.- 2008.– 14 мамыр (№18)
5. Қонарбаева Р. Үштұғырлы тіл уақыт талабы/ Р. Қонарбаева//Қазақ үні.- 2015.– 17 наурыз (№11).

Досмайлова Кульжамал Узенбековна,
Алматы қаласы, √94 мектеп гимназиясы,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тілге құрмет – елге құрмет!

Тілге құрмет – елге құрмет!

Қазақстан - 130 - дан астам ұлыс өкілдері тұратын көпұлтты мемлекет және олардың әрқайсысының өзінің ұлттық ерекшелігін, мәдениетін айқындайтын туған...
Өзге тілді білемін өз тілімді сүйемін

Өзге тілді білемін өз тілімді сүйемін

Балалардың қазақ тіліне деген ынтасын жандандырып, тілді құрметтеу, өзін құрметтеу, тіл - біздің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін түсіндіру....
Көптілділік – полимәдениетті тұлғаны қалыптастыру негізі

Көптілділік – полимәдениетті тұлғаны қалыптастыру негізі

Көптілділік - көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол...
Бүлдіршін - Полиглоттар

Бүлдіршін - Полиглоттар

Мақсаты: Білімділік: Балалардың алған білімдерін сарапқа салу. Балаларды өз бетімен жұмыс істеуге, тез ойлауға, есте сақтауға, өз ойын жан - жаты тез...
Ағылшын тілін дамыту (бастауыш сыныптарға арналған таңдау курс бағдарлама)

Ағылшын тілін дамыту (бастауыш сыныптарға арналған таңдау курс бағдарлама)

Ағылшын тілін дамыту (бастауыш сыныптарға арналған таңдау курс бағдарлама)...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×