БОРКЕМІК
Бос, болбыр, осал, жасық.
Мысалдар:
1. Бой түзеген, боркемік.
Күлкі ғой, күйшіл, көңілшек!
(Д. Бабатайұлы, Замана сазы)
2. Соның өзінде де мынау өңшең тоғышар, боркемік ағайын жол нұсқап, жөн көрсете алмай іркіліп отыр.
(М. Әуезов, Абай жолы: 1 том)
3. Боздақтарын аттандырған шақтарда,
Боздап еді - ау боркемік боп қарттар да.
(М. Мақатаев, Неге жыламасын?!)
4. Бізге қиындықтан қорқатын боркемік жасықтардың керегі жоқ.
(Т. Ахтанов, Боран)
5. Әйел боркеміктеніп босап бара жатқан бойын тежеп, әп - сәтте - ақ өзіне - өзі келіп қалды.
(Ә. Кекілбайұлы, Бір шөкім бұлт)
6. Ешқашан ондай осал мінезін көрмегенімен, боркеміктігіне күмәнданбаған.
(М. Мағауин, Көк мұнар)
БҰЛА
Ерке, қағусыз өскен, еш бейнет көрмеген, еркін.
Мысалдар:
1. Аңқау өскен ер едім,
Бұла болып жасымда.
(Махамбет, Қаршыға деген бір құс бар)
2. Қырық бес шықтық кезеңге,
Маң - маң басып бұла аттай.
(Д. Бабатайұлы, Замана сазы)
3. Майда жал, қаз мойында тобым қайда?
Бәрінен сыпырылдым бір - екі айда.
Үстіне жел шықпаса, адам шықпай,
Бұла өскен ая көзім қандай жайда.
(С. Торайғыров, Қайғы)
4. Соның сәнді киінген, бұла боп маңғазданған семіз, қызғылт сары мырзасы Темірғали төрде жібек орамалмен желпініп отыр.
(М. Әуезов, Абай жолы: 3 том)
5. Мына толқын, бұла толқын, не сұмдық еді, о тегі,
Бабасының құны бар ма, сонша неге өш еді!
(Ә. Кекілбайұлы, Жол жыры)
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Боркемік, бұла
- ramuk_b
- 26 шілде 2020
- 2110
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Көркем сөздің құдіреті, Бос, болбыр, осал, жасық, боркемік сөзінің мағынасы
Ұқсас жаңалықтар:
Бет айғақ
Халықтың құқықтық салтында малды, затты тапқан, көрген адамдарға сүйіншісін береді немесе «қалағаныңды ал» дейді....Он бес деген жас қайда
Он бес деген жас қайда? Жарға ойнаған лақтай. Қайда кеттің жиырма бес, Тастан шыққан бұлақтай?...Неге жыламасын?!
Неге жыламасын?! Бәрісі де жылаған. Жылай жүріп, жылай жүріп шыдаған. Түнек болып келе жатқан тажалға, Аттануда, аттануда тірі адам....Мұхтар Әуезов Жолда (“Абай жолы” романынан үзінді)
Мұхтар Әуезов Абай туралы төрт томдық “Абай жолы” роман – эпопеясын жазған. Онда Абайдың бүкіл өмір жолы: балалық, ересек шақтары, шығармашылық...Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Абай бейнесі
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы М.Әуезов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қонақаева Жібек Балтақайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.