Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Махамбет ЖОББМ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кабешова Данагүл Амангелдіқызы
8 – сынып
Сабақтың тақырыбы: «Отаншылдық – ұлы қасиет»
Сабақтың мақсаты:
1)модуль бойынша Отан туралы алған білімдерін жинақтау арқылы өз ойларын, мазмұнын ашуға үйрету.
2) оқушылардың монологты, диалогты сөйлесе алу, сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғап сөйлеу, жазу сауаттылығын, есте сақтау қабілеті мен сөздік қорын дамыту.
3) оқушылардың бойындағы отансүйгіштік қасиеттерін, өз еліміздің тәуелсіздігін қадірлей білуге, оны өз қабілетінше қорғай білуге баулу.
Күтілетін нәтиже: Отан, туған жер тақырыбына өз ойын еркін жеткізе алатындай сөздік қорының қалыптасуы.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, іздендіру, ой қозғау көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, слайдтар, «Атамекен» әнінің үнтаспасы.
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих, қазақ әдебиеті, саз, жағрапия
Сабақтың барысы:
А. Кіріспе бөлімі.
1. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен амандасу, сабаққа қатысын тексеру)
2. Сабаққа психологиялық дайындық жасау.
Б. Негізгі бөлімі.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
4. Жаңа тақырып.
В. Қорытынды бөлімі.
5. Сабақты бекіту.
6. Сабақты бағалау.
«Білім биржасы» ойыны арқылы жүзеге асады. Әр дұрыс емес жауапқа сары түсті «акция», дұрыс, толық емес жауапқа қызыл түсті «акция», толық, дұрыс жауап үшін көк түсті «акция», өте жақсы, дәйекті (дәлел келтіру) жауапқа жасыл түсті «акция» беріледі. Сұрақтарға жауап берілген соң әр оқушы қолындағы «акцияларын» санап, түстеріне қарай сұрыптайды. Қай түсті «акция» көп болса, соған сай бағаланады.
Сары түсті «акция» - 2, қызыл түсті «акция» - 3, көк түсті «акция» - 4, жасыл түсті «акция» - 5 деген бағамен бағаланады.
Қызығушылығын ояту.
- Балалар, сіздер қайда отырсыңдар?
- Сіздер мектепке қайдан келдіңіздер?
- Үйлеріңіз қайда орналасқан?
- Ал, ауылымыз қайда орналасқан?
- Батыс Қазақстан облысы қай мемлекетте орналасқан?
- Әрине, Қазақстан Республикасында орналасқан.
- Міне, балалар, Отан қайдан басталады екен?
- Отан туған жерімізден, өз ауылымыздан, өз үйімізден, өз отбасымыздан басталады екен.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» деп аталады. Халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталған отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілікті білдіретін, біздерді отаншылдыққа тәрбиелейтін мақал – мәтелдермен танысамыз.
- Олай болса, балалар, тақтаға назар аударайық. Дәптерімізді ашып, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын жазып алайық.
Слайд: Қазақстан Республикасының картасынан өз туған жерін тауып, картадағы көрінісіне тоқталу.
Слайд: суретті сөзбен алмастырып, мақал-мәтелді оқы, мағынасын түсіндір.
1.Отан (оттан) да ыстық. 2.Туған жерге (туың) тік.
3.Туған жердің (күні) де ыстық, (түні) де ыстық. 4.Өз елің алтын (бесік).
5.Отанның алғысы – (жүректің) қуанышы. 6.Отансыз адам – ормансыз (бұлбұл).
Сөздік жұмысы.
Түсініктеме. «Отан» сөзі арабтың «ватан», яғни «өлке» деген сөзінен шыққан.
Грамматикалық тақырып: Қосымша және оның түрлерін қайталау.
1.Қосымша нешеге бөлінеді?
2.Сөзге жаңа мағына беретін немесе мағынасын өзгертпей-ақ үстеме мағына беретін қосымша қалай аталады?
3.Жалғаудың неше түрі бар және оның атқаратын қызметі қандай?
Мәтінмен жұмыс (оқып, қосымшасы бар сөздерге талдау жаса).
Слайд: жазбаша тапсырмаларды орында.
№1. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойып жаз.
«Отан» деген сөз...(т.с) күн сайын естиміз. Отан дегеніміз адам...(і.с) туып-өскен жер...(т.ж). Қазақ елі...(ж.с) тұратын адамдар...(і.с) Отаны – Қазақстан Республика...(т.ж).
Адамның жақсы, бақытты өмір сүру...(т.ж) көп жағдайда Отан...(б.с) деген сүйіспеншілігі...(б.с) байланысты.
Отаның...(т.с) сүйе білсе...(ж.ж) – атақ та, жұмыс та, құрмет те болады.
№2. Сандарды әріптермен ауыстырып жаз.
/20.25.1.18/
/28.34.38.18/
/20.25.15.1/
/25.28.24/ - /14.28.13.17.8.13.24.38.19/.
« Отан үшін отқа түс – күймейсің»
/8.16.7.38/,
/20.25.1.18.7.37/
/24.28.13.8.25.38.18.7.38.5.38.19.7.38/
/24.21.11.3.8.18/ /8.17.8.24/,
/38.24.22.8.18/
/7.2.16.8.16.7.8/.
«Елді, отанды сүйетіндігіңді сөзбен емес, іспен дәлелде» /Б.Момышұлы/
№4. Мақал-мәтелдердің аудармасын тауып, мазмұнын түсіндіріңдер.
1. Отан-елдің анасы,
Ел-ердің анасы. Родная земля-золотая колыбель.
2. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Каждому родная земля - рай.
3. Ел іші-алтын бесік. На чужбину попав, поймешь, как дорога Родина.
4. Әркімнің өз жері-жұмақ. Родина - мать народу, народ – мать джигиту.
5. Туған жердің қадірін
Шетте жүрсең білерсің. Нет земли лучше Родины, нет людей лучше, чем на Родине.
№5. Қате құрастырылған сөйлемдерді дұрыстап жаз. Қосымшалардың түрін ажырат.
Қате сөйлемдер Дұрыс сөйлемдер
1.Өз сүймейтін елінің адамдар қорғаны халқын бола алмайды.
2.Азаматтың туы намыс алтын.
3.Өзінің өскен адам ауылын қадірлеген отаншыл болады.
4.Ол сыйлайды адамдарды.
Сабақты бекіту. Қорытынды сөз.
Құс ұясыз, жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды.
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды,
Тірі адамға – сол қайғы,
Білесің бе, Отанның сен не екенін?
Екі Отан жоқ,
Жалғыз Отан – мекенің!- деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай Отанымыздың жалғыз екенін ұмытпайық.
Сабақты бағалау.
Сабақ соңында жерлес ақын – сазгерлеріміз Қ.Мырза Әли мен Е.Хасанғалиевтің сөзі мен әніне жазылған «Атамекен» әні орындалады.
Отаншылдық – ұлы қасиет
- Данко78
- 18 шілде 2012
- 9331
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қазақ тілі, Отан туралы, алған білімдерін жинақтау
Ұқсас жаңалықтар:
Отан туралы өлең
Отан!! Отан! Сен болмасаң, не етер ем? Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем, Өмірден бұл өксуменен кетер ем....Отан туралы мақал-мәтелдер топтамасы
Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас....Отан
Отан!! Отан! Сен болмасаң, не етер ем? Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем, Өмірден бұл өксуменен кетер ем....Отан оттан да ыстық
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақмая ауылы №49 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдиева Бибігүл Аманбайқызы...«Туған жерім – Қазақстан»
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С Тақырыбы: «Туған жерім – Қазақстан» ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.