11 сынып қазақ әдебиеті
№ 30 - 31 сабақ тақырыбы: Ғабиден Мұстафин. «Қарағанды» романы.
Мақсаты: Ғабиден Мұстафин шығармашылығы туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері: Ғабиден Мұстафин шығармашылығы туралы білімдерін ұлғайту, туған жер туралы білімдерін кеңейту, тарихын білуге тәрбиелеу, шығарманы түсініп оқуға дағдыландыру
Құралдар: Ғабиден Мұстафин суреті, оқулық
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру(оқулық, қалам, дәптер)
Үй тапсырмасын тексеру (класстер бойынша әңгімелеу, 154 - 164 беттер - оқу, әңгімелеу
№1, 9 сұрақтарға жауап беру)
Жаңа сабақ: Ғабиден Мұстафин - өз заманының шындығын жазған жазушы. Оның тілінің басты ерекшелігі – афоризм сөздерін көп қолданылуы.
Ғабиден Мұстафин 1902 жылы Қарағанды облысының Тельман ауданында осы күнгі Теміртау қаласына жақын Жауыр тау – Нұра өзенінің бойындағы Сартөбе деген жерде туған. Спасск қаласындағы орысша - қазақша мектепті 1918 жылы аяқтайды.
Көптеген очерк, фельетондар, әңгімелер жазады.
1927 жылы – алғашқы әңгімесі - «Сәрсен мен Мұқаш» жарық көреді.
1929 жыл – «Ер Шойын» және басқа әңгімелер» деген тұңғыш әңгімелер жинағы шығады.
1930 жылы – Қарағандыға келіп, қара жұмысшы болып жұмыс істейді.
1933 жылы - «Қарағанды пролетариаты» газетінде 1 жыл еңбек етеді.
1934 - 38 жылдар – Новосибирьде қазақ тілінде «Қызыл ту» газетінде жұмыс істейді.
1938 жыл – Алматыға келеді
1940 жыл - «Өмір мен өлім» романы шығады. ( Қарағанды кеншілері өмірі туралы)
1945 жыл –«Шығанақ» (Шығанақ Берсиев туралы) романы шығады.
1948 жыл – «Миллионер» романы жарық көреді ( колхоз құрылысындағы өзгерістер туралы).
1952 жылы - «Қарағанды» романы жеке кітап болып шығады.
1960 жылы – «Дауылдан кейін» романы дүниеге келеді.
Соңғы туындысы - өмірбаяндық романы – «Көз көргендер».
Тапсырма: хрестоматия - 168 - 172 беттерден Ғабиден Мұстафиннің шығармаларының атауларын жазып алу.
Тапсырма: «Дауылдан кейін» романы туралы жазылған мәліметтермен танысу, басты кейіпкерлерінің аттарын жазып алу, Роман не туралы?- сұраққа жауап беру - өздік жұмыс.
«Қарағанды» романы – 1952 жылы жарық көрген. Қазақстанда совет өкіметі тұсында өркендеп дамыған өндірісті, онда жұмысшы табының туып, қалыптасуын көрсетуге арналған. Автордың өзінің балалық, жастық шағы сол ортада, Қарағаншы жұмысшыларының ішінде өтті. Не білімі, не өндірістік мамандығы жоқ жас жұмысшы Ғабиден өз әріптестерімен бірге үлкен өмір көрді. Онда ол жер қазды, темірдің тотын қырды, токарь, машинист болып істеді. Ағылшындардан қирап, тозып қалған, жабылған Қарағандыны жақсы білді. Оның совет өкіметі тұсында қайта ашылуының куәсі болды. Ескі жұмысшылардың қайта тууы мен жаңа қосылған ұрпақтың жұмысшылыққа тәрбиеленуін өз көзімен көрді. Сөйтіп оны жазушының көзімен қайта қарап, үлкен романға арқау етті.
Қарағанды өндірісін игеру ісіне қатысқан орыс, украин жұмысшыларының достық көмегі, индустрияландыру саясатын жүзеге асырып, республиканың жаңа бейнесін жасаудағы партияның басшылық ролі романның негізгі тақырыптарының бірі.
(Мейрам – партия басшысы, Шербаков – шахтер, трест бастығы, Ермек, Жанәбіл, Жұманияз, Ардақ, оның әкесі - Әлібек - қазақ жұмысшылары)
Роман оқиғасы 20-ншы жылдар ішіндегі қазақ жеріндегі таптық тартыстар негізінде өрістейді. Осы тартыс негізінде жазушы ескішіл күштердің мезгілі өтіп күйреуін, жаңа, жас күштердің жеңісін бейнелейді.
Бекіту:
Ғабиден Мұстафин кім?
Қандай шығармаларын білесіңдер?
Өмірбаяны туралы не айтасыңдар?
Ғабиден Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романының кейіпкерлері кімдер?
Оның тілінің басты ерекшелігі неде?
«Қарағанды» романының тақырыбы қандай?
Роман не туралы?
Үйде: «Қарағанды» романын оқу №1, 4 тапсырмалар( 177 бет, оқулық).
Қорытынды: бағалау, қоштасу
Ғабиден Мұстафин. «Қарағанды» романы
- ramuk_b
- 27 қыркүйек 2019
- 68344
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ғабиден Мұстафин, Қарағанды романы, 11 сынып қазақ әдебиеті
Ұқсас жаңалықтар:
Ғабиден Мұстафин «Шығанақ» романы
Сабақтың мақсаты: Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып ерлікке, адамгершілікке баулу; Логикалық ойлау қабілеттерін, өмірге деген көзқарастарын...Арман туралы ұлағатты сөздер
Жастар армандайды. Кәрі адамдар еске алады. Луи Арагон ... арман деген көп белес. Біріне шықсаң, бірі бар. Ғабиден Мұстафин...Тарқаған өкпе. Т. Әбдірайым. Ғабиден ата ғибраты А. Жақсыбаева
Мәтін мазмұнын түсініп идеясын ашуға негіз жасау. Оқушыға мәтінге құрылған жоспарды оқып, дәлелдеуге мүмкіндік беру. Әңгімені оқи отырып, достық...Қажымұқан өлеңі. Сәкен Сейфуллин
Батыс Қазақстан облысы, Бөкейорда ауданы, Ханорда ауылы, Жәңгірхан атындағы жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бижанова...Ғабиден Мұстафин
Ғабиден Мұстафин (1902-1985жж.) Әдетте, жазушының ізденісі мен өмір жолы көркем шығармасында із қалдырып, ел басынан кешкен тарихи оқиғалар сайрап...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.