Сайтқа кіру Тіркелу

Жұлдыздар. Аспан әлемі ҚМЖ

Сабақ тақырыбы Жұлдыздар. Аспан әлемі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 05. ӘТН1. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.
05. ӘТН2. Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу.
Сабақ мақсаты Тақырыпқа сай ұсынылған мәтінді орфографиялық нормаға сай жазу.
Мәтіндегі ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес сөз тіркестерін ажырату.
Бағалау критерийі - дыбыстар жүйесін орфографиялық нормаға сай, үндестік заңына сәйкес қолданады;
- сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта біледі.
Тілдік мақсаттар Пәнге қатысты сөздік қор мен термин: үндестік заңы, ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалдар, орфографиялық норма;
Диалог пен жазу үшін қолданылатын тіркестер:«Меніңше,... тапсырманы толық орындады/орындай алмады, себебі ол... жасады/жасамады»
Құндылықтарға баулу - қарым - қатынас жасау;
- өзгелердің көзқарасына құрметпен қарау;
- өмір бойы оқуға дайын болу;
- жауапкершілік;
Құндылықтарға баулу топтық, жұптық жұмыстарға бағытталған тапсырмалар арқылы іске асырылады
Пәнаралық байланыс Сабақта АКТ пайдалану арқылы информатика, түнгі аспан суреті арқылы бейнелеу өнері, аспан денелері туралы ақпараттармен танысу арқылы жаратылыстану пәнімен байланыс орнатылады
Алдыңғы білім Оқушылар бұған дейін аспан денелері - Күн мен Ай туралы ақпаратпен танысып, сюжетті суреттердің желісі бойынша орфографиялық нормаларды сақтай отырып әңгіме құрастыруға дағдыланды
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері
Сабақтың басы -
15 минут Ширату. Жұмбақ шешу

Әйнектей көгілдір,
Теңіздей тым мөлдір. (Аспан)

Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан. (Күн)

Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді. (Жұлдыз)

Айсыз түнде қараңғы,
Түнекте де боранды.
Бір орнынан жылжымай,
Бағыт берер бұлжымай,
Қандай жұлдыз шырағы,
Жол көрсетіп тұрады? (Темірқазық)

Дұрыстап аңғарсаң,
Көктегі бағдаршам. (Үркер)

Жұмбақтарды шешіп, олардың мазмұнына талдау жасалады.
- Жұмбақтар қандай тақырыптарда болды?
- Олардың жауаптарын қалай топтастыруға болады?
- Жауаптарына байланысты қандай ортақ тақырып ойластыруға болады? деген сауалдар арқылы тақырыпты болжау, жаңа сабақ тақырыбын хабарлау, сабақ мақсатын анықтау.

ТЖ. «Венн диаграммасы»
Оқушылар орфографиялық және орфоэпиялық норманың ережесі, айырмашылықтары туралы зерттеу жүргізіп, «Венн диаграммасына түсіреді.

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Алып Ер Тоңға» жыры

«Алып Ер Тоңға» жыры

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 6 Б/С1 Шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және...
Нұрдәулет Ақыш “Нағыз әже қайда?” әңгімесі

Нұрдәулет Ақыш “Нағыз әже қайда?” әңгімесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 5 Т/А1 Тірек сөздермен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау...
Статистикалық мәліметтер

Статистикалық мәліметтер

Сабақтың мақсаты: 1. Статистикалық мәліметтер туралы білу. 2. Салыстырмалы және абсолюттік сілтемелерді түсіну....
Шынықсаң шымыр боласың

Шынықсаң шымыр боласың

5Т/А. 5 Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру. Тыңдалым материалы бойынша жауап беру...
Жай бөлшек. Жай бөлшекті оқу және жазу.

Жай бөлшек. Жай бөлшекті оқу және жазу.

Жай бөлшектердің анықтамасын өз сөзімен айта алады, жай бөлшектерді оқи және жаза біледі; Оқушылардың басым бөлігі: шамалардың бөлігін жай бөлшектің...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×