Сайтқа кіру Тіркелу

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №20

Базаралының биыл қашқаны Шыңғыстың болысы Бөкеншіден шыққан Күнту болғандығынан еді. Жылда патша үкіметіне жиналатын салықтан басқа, "қарашығын" деген салық шығыпты. Ұлықтар мен болыстар алатын салық екен. Биылғы жиылған қарашығынды түгел Ырғызбай алып қойған. Соған ызаланған басқа рулардың жеті байы кек алуға Кеңгірбай бабасының моласының қасына барып серттесті. Олар Сақ - Тоғалақтың атқамінері - Оразбай, Көтібақтан - Жиренше, Бөкеншіден - Күнту, Есболаттан - Абыралы, Жігітектен - Бейсенбі, Жуантаяқтан - Байғұлақ, Топайдан - Байділдә екен. Бір - екі айдан кейін сайлау болады. Серттескендер сайлауға дейін елубасыларды өздеріне қаратуды ойлай бастайды. Онысы да жүзеге асады. Уақыты кеп Семей оязы Казанцев келіп сайлауды өткізеді. Қатысқан елу қолбасының жиырма бірі ғана оспанға дауыс берген. Қалғаны Күнтуға дауыс беріп, жеңіп кетті. Сайлаудың осындай өтетінін ешбір Ырғызбай ойламаған еді.

Күнту болыс болғанын естіген кезде, қашып келген Базаралы Семейге енді тақаған болыпты. Қалада Жиренше, Оразбай, Абыралы, Күнтулар болыстықты тойлап жатты. Базаралы сол жерге келіп қонады. Барлығы Құнанбай балаларын жамандағаннан басқа ештеңе айтпайды. Көп өтпей осы пәтерге Абай жіберген жастар келіп қалады. Ербол, Көкбай, Шұбар, Ақылбай, Мағаштар Базаралымен құшақтаса Абайдың ыстық лебізін айтады. Базаралы да қайтыс болған. Құнанбайды айтып, жөн сұрайды. Қызу әңгіме үстінде Көкбай Абайдың жаңа әндерін шырқай жөнеледі. Көп сұрасып Ерболдар қайтып кетті.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №25

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №25

Абай ауылы Қызылқайнар деген қоныста отыр. Бұл кез патша алымы келген уақыт болатын. Оған қоса «Недоймка» (ұлықтарға жиналатын салым), «Қарашығын»...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №21

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №21

Базаралы қайтқалы айдай боп, бәрі оны шақырып қонақ етіп жатты. Абайдың күзегіне де келіп, қонақ болды. Көп қызық әңгімелер айтылды. Базаралы қанша...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №19

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №19

Күз аспаны күңгірт, бұлыңғыр. Көшіп келе жатқан Абай ауылы мен көрші ауылдар. Сол көштің алдында Абай, Көкбай, Шұбар, Ақылбай, Мағаш, Кәкітай, Дәрмен...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №16

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №16

Абай бір топ жігіттермен Балқыбектегі сиязға бет алады. Биыл бұл сиязда үлкен мәселелер қаралмақ. Басты мәселе Тобықтының 4 бірдей болыстығын билеп...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №9

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №9

Биылғы жайлауға таласып жатқан ешкім жоқ. Бәрінің малы аз. Жұрт күземге қарай бет алғанда Ырсай, Жақып, Майбасар, Құнанбай ішінен жиырмадай ат...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×