Сайтқа кіру Тіркелу

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №4

Жолда

Абай күнде терезенің түбіне келіп, Шыңғыс тауын тамашалаудан жалыққан емес. Әр кеш әжесі Зере Айғыздан туған немере қызы, үш жасар Кәмшатты тербетіп отырады. Сол күндердің бірінде ішке Оспан мен Смағұл келіп қалады. Смағұл да Абайдың інісі. Айғыздан туған. Оспан екеуі түйдей құрдас. Бұл екеуі бір шелек қымызға лас қолдарын салып еді, оны Абай көріп екеуін де жеркіп, салып тастады. Сосын үй ішіне Абайдан екі жас үлкен ағасы Тәкежан мен Құнанбайға жақын болып қалған татар жігіті Ғабитхан кіріп қалады. Ғабитхан «Мың бір түнді» жырлап жатқан кезде, Жұмағұл келеді. Ол кешегі болған жайтты айтып береді. Бөжейлер Құнанбайдың үстінен арыз айтқалы Қарқаралыға бет алыпты. Ертең Құнанбай да жүрмек. Абай да қосылып баратын болыпты. Сосын, Абай жолға лезде қамданып, барлығымен бір мезгілде қош айтысты да, Жұмағұлмен бірге жолға шығады.

Абай Қарқарылаға жетіп, әкесімен тұрғалы көп күндер болды. Бүгін Абайдың қайын атасы Алшынбай (Алшынбайдың Түсіп деген баласының Ділдә деген қызына Абайды айттырысқан болатын) Құнанбайды көргелі қонаққа келе жатыр. Ашекең келіп, қонақ асын ішіп болғасын, Бөжейдің арызданғанын айтады. Сосын Майыр дейтін ірілі кісі кіріп келеді. Осы өлкенің аға сұлтаны Құнанбай болса, Майыр оның көмекшісі. Бүгін ол Бөжейді жақтап келгендей сөз бастайды. Сосын олар біраз айтысып та қалады. Алшынбай араға түсіп, оларды тоқтатты да, Майырды үйіне жөнелтіп жібереді. Кейін Құнанбайға бет бұрып: «Сенің бұл ісің жөнсіз. Ана хан тұқымы, бәлеқұмар Баймұрын сенің орныңа аға сұлтан болғысы келіп жүр. Бұйрығыңмен жүріп жатқан мешіттің де бітуі мәрелеп қалды. Ел сені одан әрі сыйлауда. Одан да қырсық мінез танытпай, Бөжей бауырыңды өзіңе тарт. Кешірім сұрасаң, сенің ештеңең кетпейді», - деді де өз жолына түсіп кетті.

Бір күні Абай Қарқаралы көшелерін аралап жүріп, үйінен алыстап кетеді. Үлкен көшенің бойында оған қарсы бір топ адамдар келе жатады. Ортасында келе жатқан соқыр кісі екен. Оның екі желкесінен екі жігіт ұстап келе жатыр. Соқыр кісі өзінің сөз тапқырлығымен артынан шұбырып келе жатқан қауымды қызықтырып, күлдіріп келе жатыр. Абай да соларға ілесіп кетеді. Көше басына келіп қалғаннан кейін, «Шөже біздің үйге қоныңыз», - деп адамдар сөз таласып айтып жатты. Сосын барлығы, Абай да үлкен бір үйге кіреді. Абай алдында Шөже ақын жайлы көп есіткен болатын. Шөже ақын іште де сөз жүгіртіп, Бәрін күлкіге бөлей берді. Біршама уақыт өткен соң, жиналған қауым тарала бастайды. Абай да көптен бөлек болмай қайтады. «Жол - жөнекей Майбасардың пәтеріне кіріп өтейін», - деп Абай жолын бұрады. Абай пәтерге кіргеннен, Майбасар онымен әзіл қуып, айтыса бастайды. Абай Шөжеден үйренгеніне Майбасарды қосып айтып береді. Барлығы күліп жібереді. Сол сәтте ішке Қарабас еніп, халықтың жаңа біткен мешітке Жұма намазға кетіп жатқандарын айтады. Дегенмен, іштегі еш бір адам намазға бармады. Намаздан кейін үлкен ас жиынға, Құнанбай пәтеріне көпшілік жиналады. Абай да онда барды. Бірақ оны ешкім қыстырмады. Үлкен төрт бөлмеде ағайын түгел жиналыпты. Табақшылардың қолы үзілмей тамақ тасуда. Бір кез іштен біреу домбыра тартып, әндете кетті. Сырттағылар: «Бұл кім?, бұл кім?», - деп сұрай кетеді. Абай есіктен сығалап, тыңдай бастайды. Ән аяғын тапқан соң, іште отырғандар: «Бәрекелде, Балта ақын!», - дей кетеді. Абай әншінің Алшынбайдың қасында жүретін Балта ақын екенін бірден таныды. Сосын Алшынбай Құнанбай мен Бөжейге: «Ағайынсың, жақынсың. Ендеше сол жақындығың қайта жаңғырсын! Екеуің бала алысыңдар. Бөжей Құнанбайдан бала алып, бауырына салсын. Иістерің аралассын», - деді. Абайға мына соңғы сөз өте ұнамаған еді. Ішінен біртүрлі түршігіп қалады. Өз бауырларының біреуі немесе өзі кетіп қалуы мүмкін.

Осы кештен жиырма күндер өткен мөлшерде Құнанбай елге қайтатын болады. Айналасы алпыс шақты сербең кісілер жиналып, ауылға қарай бет алады. Үш - төрт күн дегенде үйге де жетіп қалысты. Құнанбай Қарашоқыдағы Күнке ауылына қонуды ұйғарады. Ал Абай әжесі мен шешесін сағынған болатын. Ол Жұмағұлды ертіп алып, Жидебайға бет алады. Бәрі қуанып қарсы алады. Абай болған оқиғаларды тас түгелімен баяндап береді. Ертеңіне Құнанбай Қарабасты жіберіп, Бөжей, Байсалдар, барлығы осында қонақ болатынын айтып жібереді. Зере Ұлжан мен Айғызға қамданып, дайындалуын бұйырады. Дәл айтқанындай ертеңіне көпшілік қауым осында жинала түседі. Барлығын жылы қарсы алып, дәм - тұз татқызады. Ертеңіне Бөжейлер жүрер кезде Абайдың Қарқаралыда естіген жат сөзінің шешуі жетеді. Өз үйінде жер бауырлап, жылап Айғыз жатыр. Бөжейлер оның қызы Кәмшатты алып кетпек. Бұл жағдай бәрін зар жылатып, қинайды. Кәмшаттың шырылдаған дауысы Бөжейлер ұзап кеткенше басылмайды.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №10

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №10

Абай соңғы күндері мызғуды қойып, қажылық туралы көп кітаптарды оқып, ізденіп жатты. Себебі, әкесі Құнанбай қажылыққа кеткелі жатқан еді....
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №7

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №7

Ұлжан құдасының ауылына отыз шақты кісімен барады. Алшынбайға жетпіс жылқы, отыз түйе аталыпты. Оған қоса, көп қазына келген. Үш күн кезегімен...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №6

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №6

Күн түске жетпей - ақ Бақанас бойы қайнап, шыжып кететін. Абай, Оспан, Смағұл және басқа балалар Бақанас суына шомылып жатыр. Қастарына Тәкежан...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №5

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №5

Абай Қарқаралыдан келгелі ауыл араламады. Медреседегі оқуын еске ала отырып, парсы және араб тілдерінде жазылған кітаптарды күні - түні оқиды. Ол өз...
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №1

«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №1

Абайдың жасы 13 - ке тақалды. Орыс мектебінде 3 ай оқымай, ауылға қайтсын деп әкесі Байтас және Жұмабай деген кісілерді жібереді. Ауылға үш күндік...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×