Ұлы Дала елі
ҮЙ ЖИҺАЗДАРЫ
▪ Үй жиһаздары – үй ішіндегі дүние, мүліктердің жалпы атауы.
▪ Адалбақан – киім ілуге арналған ашалы, ою - өрнекті ағаш.
▪ Асадал – ыдыс - аяқ қоятын жәшік.
▪ Абдыра (әбдіре) – зат, киім, бұйым салып қоятын үлкен сандықтың қарапайым түрі.
▪ Сандық – зат салатын оюлы, сырты темірмен қапталған үй мүлкі.
▪ Сандық ап – көшкенде қажалмас үшін киізден жұмсақ қаптама.
▪ Жағлан – сыртын былғарымен қаптаған сандық түрі.
▪ Жәшік – қақпақпен жабылатын, төрт аяқты мүлік.
▪ Қобдиша – сандықтың кішкене түрі.
▪ Жүкаяқ – сандық астына тұратын оюлы төрт аяқты ағаш мүлік.
▪ Кебеже – өрнектеліп жасалған жәшіктің бір түрі.
▪ Төсекағаш – керует.
▪ Шабадан – ішіне көрпе, жастық, киім, бұйым салатын қалың матадан, киізден оюлап жасалған мүлік.
▪ Кілем – жүннен тоқылатын бұйым.
▪ Түскілем – тоқылған, жүннен басылған немесе матадан кестелеген керегеге ілетін кілемше. «Түскиіз» деп атайды.
▪ Текемет – түрлі - түсті ою - өрнекті түр салып киізден басылатын төсеніш.
▪ Алаша – өрмекпен тоқылып, қосылатын кілемше.
▪ Шымылдық – ерлі - зайыптылардың жатарда тұсына ұстайтын ақ матадан тігілген мүлік.
▪ Көрпе – ішіне жүн, мақта салып матадан тігілген жамылғы.
▪ Төсек көрпе – адамдар астына төсейтін көрпе.
▪ Көрпеше – бір адам отыратын шағын көрпе.
▪ Сырмақ – киізден сырып жасалатын түскиіз немесе төсеніш.
▪ Талдырма – жұмсақ төсеніш киіз.
▪ От киіз – от басына, ошақ қасына төселетін кесек киіз.
▪ Тулақ – босаға жаққа төселетін мал терісі.
▪ Шыпта – ас тұратын жерді қалқалап қоятын ши.
▪ Мамық – құс жүнінен жасалған жатын төсеніш.
▪ Жастық – басқа салатын құс жүнінен жасалған мүлік.
▪ Жастық ағаш – жастық астына қоятын ағаш мүлік.
▪ Бөстек – қозы, тоқты терісінен жасалған төсеніш.
▪ Кірсалғыш – жеңіл бұйымдарды салып, кереге басына ілінетін матадан әшекейлеп жасаған бұйым.
▪ Боқша – кітап салатын немесе зат салатын киізден немесе қалың матадан жасалған дорба.
▪ Жүк – сандық үстіне жиналған төсек - орын.
▪ Жүкжапқыш – жүк үстіне жабатын кестелі жапқыш.
▪ Шатыр – жауыннан, ыстықта күн көзінен қорғанатын жиналмалы баспана.
▪ Бесік – баланы бөлейтін қастерлі мүлік. Оның жастық, мамық, жаялық, тартпа, түбек, шүмек, бесік жапқыш т. б. бөліктері мен бұйымдары болады.
Әзірлеген:
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Үй жиһаздары. жүктеу
Үй жиһаздары
- aiboll
- 12 қараша 2017
- 12795
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Үй жиһаздары, дүние, мүлік
Ұқсас жаңалықтар:
Бесіктің жабдықтары
Бесік қазақ халқы үшін киелі. Бесікке жатқызу, оның құрылысы, жасау-жабдықтары туралы білгіңіз келсе онда толығырақ бөліміне кіріп оқыңыз....Рухани жаңғыру. Тұрмыстық, шаруашылық саймандары
Рухани жаңғыру Тұрмыстық, шаруашылық саймандары ▪ Құрал - сайман – шаруашылықта қолданылатын еңбек құралы....Киіз үйдің ішкі көрінісі
Халықтың мәдени – тұрмыстық салтының бай қазынасымен білімді тереңдету; халық мұрасын қадірлеуге тәрбиелеу; үйдің ішкі көрінісімен танысу; кілем...Киіз үй жабдықтары
Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы, №39 «Қызылөзек» орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Рахметова Қаракөз Асарбекқызы...Қазақ халқының қолданбалы өнері
Қазақтың қолданбалы өнері аяққап, қоржынның жасалу түрлері, зергерлік бұйымдар мен ағаш бұйымдарына түсінік беру...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.