Бір шайнаймын,
Бір шайнағанды
Мың шайнаймын. (Сағыз)
Бір тетігін басқанда,
Алып шықты аспанға.
Басып тағы байқап ем,
Жерге түстім қайта мен. (лифт)
Ұшағым бар кіші,
Мінбейді еш кісі. (Инелік)
Пішен емес шабатын,
Отын емес жағатын.
Бірақ, одан қашпайсың,
Айлап орып тастайсың. (Шаш)
Тарғыл түсті,
Ерен күшті. (Жолбарыс)
Жандылардың ірісі,
Тек мұхитта тынысы (Кит)
Өзі темір,
Өз жеңі.
Есіктерді
Ашар не бір (Кілт)
Сүті жоқ сыңар емшек,
Сәбилер құмар емшек (Емізік)
Ащы да болса, құмарсың,
Асыңа қосып тұрасың. (Бұрыш, пияз)
Бір ұяда топтасқан,
Түртіп қалсаң, от шашқан. (Шырпы)
Жетпіс жұмбақ №2 Абдрахман Асылбек
- aiboll
- 11 наурыз 2017
- 5791
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жұмбақтар жинағы, бастауыш сыныптарына арналған жұмбақтар
Ұқсас жаңалықтар:
Жылау, көз жасы туралы мақал-мәтелдер
Жыламаған балаға, Емшек бермейді. Жылайын деген баланың Үш күн бұрын көзі қышиды....Жетпіс жұмбақ №5 Абдрахман Асылбек
Қарт емес – Тәтті. Мұз емес – қатты (Науат)...Жетпіс жұмбақ №4 Абдрахман Асылбек
Бір зат бар тілі жоқ, Ал, сөзінде міні жоқ. (Хат)...Жетпіс жұмбақ №3 Абдрахман Асылбек
Екі аяқты желаяқ, Артсаң болды сен аяқ, Жетем деген жеріңе Жеткізеді оңай - ақ. (Велосипед)...Жетпіс жұмбақ №1 Абдрахман Асылбек
Он таңбалы – цифрлы, Әрекеті сиқырлы. Керек санды қоссаң сен, Сөйлесесің достармен. (Телефон)...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.