Сайтқа кіру Тіркелу

Робот техникасы

Кімде – кім халқынан алмаса, Оны үйрете алмас ешбір мұғалім. (Жүсіп Баласағұн).

Робот - болашақ кепілі
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры» қоғамдық қоры 2010 жылғы ЮНЕСКО – ның ұйымдастыруымен өткен Білім конференциясына қатысушылар адамзаттың басын біріктіретін – білім ғана деген байлам жасады. Иә, білім – ғылымның адамзат қауымдастығының болашағы үшін атқарар рөлін ештеңемен салыстыру мүмкін емес. Қазақстанның тұрақты дамуы үшін еліміздің алдында тұрған ауқымды міндеттерді, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыратын, бүгінгі бастамаларды ертеңге апаратын заманауи біліммен қаруланған озық ойлы, білікті мамандар қажет. Сондықтан, қазіргі заманға сай заманауи технологиялармен жұмыс жасауымыз қажет. Дамыған елдердің қатарына қосылу үшін көп еңбекті қажет етеді. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының «Жаңартылған білім беру мазмұнына» көшу арқылы заманауи ақпараттық қоғам қалыптастыру жағдайында қазіргі білім беру тәжірибесінде кеңінен қанат жайып отырған келешегі зор бағыттардың бірі робот техникасы болып табылады. Мектептің сабақтан тыс шараларында, сондай - ақ қосымша білім беруде оқытушы конструкторлар кеңінен қолданылады. Робот техникасы бойынша конкурстар мен сайыстарға қатысу балаларды ғылыми – техникалық шығармашылыққа құлшындырады, сондай - ақ оқушыларға болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі.

«Робот техникасы» курсы 2016 жылдың 11. 07 – 22. 07 аралығында Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында өткізілді. Курсқа «Роботехника» курсын терең игеріп, оқушыларға жеткізу, меңгерту мақсатында келдім. Курста бірінші күнінде тренер әр жақтан келген мұғалімдермен тығыз қатынаста болу үшін, бір – бірімен таныстырып, үш топқа бөлді. Бағдарлама материалдарымен танысу барысында мұғалімдер «робот техникасы» элективті курсының пайда болу тарихын, даму келешегін қарастырып, курстың негізгі жабдықтарымен (LEGO MINDSTORMS EV3 Education жинақтары) және автономды ұтқыр роботтарды құрастыру және бағдарламалау элементтерімен таныстық. Тренеріміз күнделікті сабағымызды бізге қызық және түсінікті болу үшін барынша жоғарғы деңгейде өтіп отырды. Сонымен қатар мұғалімдер топтық жұмыс жасау арқылы программаларды, роботтарды бірігіп құрастырып отырдық. Роботты қолымызға ұстап көріп оны құрастыру жолын үйреніп, LEGO Digital Designer бағдарламасында 3D жобасын құрып үйрендік. Сондай - ақ роботты Lego Mindstorms Education EV3 бағдарламасында роботты басқара отырып, түрлі әрекеттер яғни оларды түс арқылы жүргізу, түс таңдау, сызықтың бойымен жүргізу т. б. жұмыстарын орындаттық. Роботты құру барысында көп бөлшектердің, датчиктердің түрін ажыратып моторлардың қозғалысын зерттедік. Түрлі тәжірибе тапсырмаларды топтасып орындадық. Тәжірибе жүзінде іске асыру және жоспарлау сатысында мұғалімдерге автономды роботтарды құрастырып, бағдарламалауға «робот техникасы» элективті курсы бойынша сабақтарды жоспарлауға және әріптестермен іс – тәжірибе бөлістім. Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз. Луций Анней Сенека «Робот техникасы» бойынша мектепте оқушылармен жұмыс жасау арқылы оқушылардың қызығушылығы артады деген сенімдемін.

Далибаев Куаныш Джаксылыкович
Информатика пәнінің мұғалімі
Ақбұлақ шағын орталықты орта мектебі
Т. Рысқұлов ауданы, Жамбыл облысы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Информатика тест 11 сынып

Информатика тест 11 сынып

1. Объектілерді ( заттарды, құбылыстарды, үдерістерді ұғымдар - ды) белгілі бір белгілеріне сәйкес топтарға бөлу жүйесі -... А) ақпараттану ә)...
Қазақстандық мектеп оқушыларының роботтары Мәскеуді таңғалдырды

Қазақстандық мектеп оқушыларының роботтары Мәскеуді таңғалдырды

Қазақстанның жас инженерлері 2018 жылғы маусымда Мәскеу қаласында өткен LEAS Russia & Kazakhstan EV3 robotics challenge робот техникасы бойынша...

"IT технологияларды дамыту"

Қоғамды ақпараттандыру кезеңінде оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуда IT- технологияларының мүмкіндіктерін пайдалану жолдары....
Бастауыш сыныптарда ана тілі сабақтарындағы мәтінмен жұмыс арқылы сауаттылы ...

Бастауыш сыныптарда ана тілі сабақтарындағы мәтінмен жұмыс арқылы сауаттылы ...

Қазақстанның білім беру жүйесін жаңарту ең алдымен білім беру ұйымдар білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметінің жоғарғы сапасын қамтамасыз...
ИНФОРМАТИКА және есептеу техникасы негіздері (электронды оқулық)

ИНФОРМАТИКА және есептеу техникасы негіздері (электронды оқулық)

Өзбекстан, Қарақалпақстан республикасы, Мойнақ ауданы, Достық ауылы №18 орта мектебі қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы Шарапиев Ерлан...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×