Сайтқа кіру Тіркелу

Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар

Ақтөбе облысы, Темір ауданы
Шұбаршы орта мектебі
Информатика пәнінің мұғалімі:
Қибасова Ұлпан Дүйсенғалиқызы

6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтарды қолдануды үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылық арттыру
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Сабақты бекіту
5. Үй тапсырмасы
6. Оқушыларды бағалау

1. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Үй тапсырмасын тексеру
1. Пернетақтада жоқ символды кірістіруге көмектесетін бұйрық қандай?
2. Мәтінді қалай түрлі түсті етуге болады?
3. Мәтіннің фрагменттерін ерекшелеудің қандай тәсілдерін білесіңдер?
4. Ерекшеленген фрагменттегі кіші әріптерді бас әріптерге қалай өзгертуге болады?

3. Жаңа сабақ мазмұны:
Пішімдеу ағымдағы абзацқа немесе мәтіннің ерекшеленген фрагменттіне қолданылады. Мәтінді пішімдеу сызғышымен (41 – сурет ), жолақтың Басты => Абзац (42 – сурет ) бөлімі немесе Абзац бұйрығы сұхбат терезесінің мәзірі (43 - сурет) бұйрықтарының көмегімен пішімдеуге болады.
- тізімдер құру, олар туралы басқа сабақтарда айтылады;
- ағымдағы абзацта мәтінді түзету: сол жақ шеті бойынша, ортасы бойынша, ортасы бойынша, оң жақ шеті бойынша, екі жақ шеті бойынша;
- абзацтағы шегіністі азайту (ұлғайту)
Интервалдарды абзацтың алдын да (алдыңғы абзацтың соңғы жолы мен ағымдағы абзацтың бірінші жолының арасына) және абзацтың кейін де (келесі абзацтың бірінші жолы мен ағымдағы абзацтың соңғы жолының арасында) ортатуға болады. Бұл функция үшін Алдындағы интервал және соңындағы интервал өрістері жауап береді.
43 – сурет. Абзац сұхбаттық терезесі
44 – сурет. Жоларалық интервалды баптау

Пішімдеу сызғышын экраннан алып тастауға және қайта қоюға болады. Пішімдеу сызғышын экранда көрсетуге Түр => Көрсету немесе => жасыру => Сызғыш бұйрығы жауапты

4. Сабақты бекіту сұрақтары
1. Пішімдеу сызғышы не үшін керек?
2. Пішімдеу деген не?
3. Абзацтағы мәтінді түзеудің қандай түрлерін білесіңдер?
4. Жолдар арасындағы қашықтықты қалай өзгертеміз?

5. Үйге тапсырма
Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар
6. Оқушыларды бағалау

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Калькулятор бағдарламасы және оның мүмкіндіктері

Калькулятор бағдарламасы және оның мүмкіндіктері

Калькулятор сөзі - латынның calculator – «санағыш» деген сөзінен шыққан. Калькулятор – сандармен немесе алгебралық формулалармен амал орындау үшін...
Мәтінді пішімдеу

Мәтінді пішімдеу

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға құжаттың құрылымы, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжатты құруға, дұрыс сақтауға үйрету; Тәрбиелік:...
Мәтін  абзацын  форматтау. Құжат беттерін рәсімдеу

Мәтін абзацын форматтау. Құжат беттерін рәсімдеу

Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы №21 негізгі мектеп мұғалімі: Нурмаганбетов Талгат Сабитович...
Мәтіндік құжатты пішімдеу. Мәтін абзацын пішімдеу

Мәтіндік құжатты пішімдеу. Мәтін абзацын пішімдеу

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы Т. Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Мыңжасарова Светлана...
WordPad мәтіндік редакторына кіріспе

WordPad мәтіндік редакторына кіріспе

Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторына кіріспе Сабақтың мақсаты:  Білімділік: Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.WordPad...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×