Сайтқа кіру Тіркелу

Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу

Абай орта мектебі
Мұғалімі: Чингисова Маржан
Сабақтың тақырыбы: Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруге үйрету. Оқушыларға кестелерді қоршауды жиектеуді көрсету.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
2. Үй тапсырмасын тексеру
4. Қорытындылау
5. Жаңа тақырып.
6. «Ой қозғау»
7. Сергіту сәті
8. Практикалық жұмыс.
9. Сабақты бекіту
10. Үйге тапсырма
11. Бағалау.
Үй тапсырмасын тексеру
1. Тақтадағы ұяшықтардан сұрақтар алу арқылы үйге берілген тапсырманы ауызша сұраймын. Сұрақ бірінші партадағы оқушыдан бастап қойылады, егер жауабын білмесе, келесі дейді, сол кезде келесі оқушы орыннан тұрып жауап береді.

1. Microsoft Word редакторын қалай іске қосамыз?
Пуск – Все программы – Microsoft office – Microsoft office Word
2. Жақа құжатты ашу үшін.
Файл – Открыть
3. Жаңа құжатты сақтау үшін
Файл – Сохранить как
4. Біз Word редакторында кесте құру үшін қандай әрекеттерді орындаймыз
Вставка – Таблица
5. Ұяшық деп нені айтамыз?
Бағандар мен жолдарда реттелген ақпарат
6. Ұяшықтарды қалай біріктіреміз?
Ұяшықтарды біріктіру (Объединить ячейки)
7. Ұяшықтарды бөлу үшін не істейміз?
Ұяшықтарды бөлу (Разбить ячейки)
8. Бағандар мен жолдарды өшіру үшін қандай командаларды орындаймыз?
Бағандарды өшіру (Удалить столбцы)
Жолдарды өшіру (Удалить строки)
9. Word редакторының терезе элементтер?
Тақырып жолы, меню жолы, стандартты тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және абзац маркерлері, сырғытпа және айналдыру жолағы, жұмыс аймағы
және меңзер, қалып – күй
10. Өшірілген құжаттарды уақытша сақтайды? Корзина
Үй тапсырмасын қорытындылау:
Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды.
Кесте құрудың әдісі:
Аспаптар панелінен “Вставка - Таблица” батырмасын басу арқылы
Осы командалар орындалғаннан кейін мына терезе пайда болады:
Бұл терезеге баған саны мен жол санын жазып ок батырмасын басамыз. Сонда Word мәтіндік редакторында мынадай кесте пайда болады.
Кесте безендіру алгоритмі
Кестені бөліп алу.
«Таблица» - «Автоформат» командаларын орындау.
Формат пішімін таңдау.
ОК батырмасын шерту.
Кесте жиектеу алгоритмі
Кесте торын алып тастағыларың келетін ұяшықты немесе ұяшықты толық белгілеу.
Формат> Границы и заливка
Границы и заливка диалогтық терезеде Граница қосымшасы қосылады
Жақтаудың Нет типін таңдаңдар да, ОК шерту.

Кестеге Добавить столбцы, Добавить строки, Добавить ячейки, Разбить ячейки, Разбить таблицу, Объединить ячейки, Удалить ячейки, Удалить столбцы, Удалить строки (бағандар мен жолдар қосуға, ұяшықтарды бөлу, біріктіру, жою) командаларын орындай отырып, кестені құруға және жоюға болады.
Үй тапсырмасының меңгерілгенін практикалық жұмыс арқылы тексеру:

"Ой қозғау"
Кестеде кесте, жол және баған сөздері берілген, оның орысша, ағылшын тілдеріне аудар.
Практикалық жұмыс
1. Меню көмегімен Втавка - Таблица - Вставить таблицу командасын орындау арқылы кесте құрыңыз.
2. «Менің сабақ кестем» тақырыбын туралау.
3. 5 баған, 3 жолдан тұратын кесте құр.
2. Стандартты саймандар қатарындағы Кесте қосу (Вставить таблицу) батырмасын шерту арқылы кесте құрыңыз.
3 оқушы туралы мәліметпен кестені толықтыру.
Кестеге Разметка страницы - Границы и заливка командасы арқылы жиектеу орналастыр
Оқушы туралы мәлімет
р/с Оқушының аты - жөні Туған жылы Меке - жайы телефоны
1
2
3
Сергіту сәті
Тұрады ол жолдармен бағандардан,
Және тұрар ұяшықтар ағымынан.
Кәне ойланып көрейік ол не екен,
Баған менен жолдарды қиылыстырған.
К е с т е
Кестенің бір негізгі элементі,
Көлденең ұяшық құру қызметі.
Ұяшық емес, баған емес ол не екен?
Кестенің негізгі болған қызметі.
Ж о л
Тіктөртбұрышқа ұқсайды,
Елемей кетуге болмайды.
Бағанменен жолдардың қиылысы,
Кестеде қай элементті құрайды.
Ұ я ш ы қ
Кестені қолдан сызып шығу арқылы кесте құрыңыз.
Кестенің ішін мәтіндермен толтырыңыз
Кестені белгілеу – Макет - Направление текста /Мәтін бағыты/ командасы арқылы 1 - ші бағанды толтыр.
1 - ші жолдағы мәліметтерді ортаға туралап, қарайтылған (Ж), қисайтылған (К) түрде жаз.
Кестенің соңынан тағы 1 баған қос оң жағына, оған Қолы деген мәлімет енгіз.
Tab пернесін басып 1 жол қос, 4 - ші ұяшықты біріктір.
Мұғалімге көрсетіңіз.
Үйге тапсырам: Кестемен жұмыс.
(Әр түрлі әдістерді пайдаланып, кесте құру эл. түрде)
Бағалау: смайликтер арқылы бағалаймын
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Кестелерді түзету

Кестелерді түзету

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруге үйрету. Тәрбиелілік: жеке жұмыс жасауға,...
Мәтіндік редакторда кесте құру, формула енгізу

Мәтіндік редакторда кесте құру, формула енгізу

Сабақтың мақсаты Білімділік Microsoft Word бағдарламасы туралы түсініктерін кеңейту. Өткенді қайталай отырып, білімдерін бекіту, теориялық білімді...
Microsoft Word кесте құру. Кестелерді пішімдеу

Microsoft Word кесте құру. Кестелерді пішімдеу

СҚО, Шал ақын ауданы, Кеңес орта мектебі Информатика пәнінің мұғалімі: Мұхамедин Сырым Қойшыбайұлы...
Кестелер құру. Кестелерді редакциялау

Кестелер құру. Кестелерді редакциялау

Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау. Мақсаты: Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға...
Кестелермен жұмыс

Кестелермен жұмыс

Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×