Сайтқа кіру Тіркелу

Модель және модельдеу. Модельдің түрлері

Арыс қаласы
Аманкелді атындағы жалпы орта мектебі
информатика пәні мұғалімі: Алмахан Балжан

Информатика
Сабақтың тақырыбы: «Модель және модельдеу. Модельдің түрлері»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: оқушылардың модель, модельдеу, модель түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру.
ә) дамытушылығы: оқушылардың ақыл - ой өрісін, танымдық қабілетін дамыту.
б) тәрбиелілігі: оқушыларды ұқыптылыққа, әсемдікке баулу, шығармашылық қабілетін арттыру.

Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру
Топқа бөлу
Жауабын тап. Үй жұмысы
Жаңа сабақ
Болашаққа көзқарас, «Экспо – 2017» ой толғау жазу
Қорытындылау (Сөз құрастыру, тест)
Бағалау. Үй тапсырмасын беру

1) Алгоритм дегеніміз не? (Берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру)
2) Паскаль тіліндегі программа неше бөліктен тұрады және оларды ата? (Үш бөліктен тұрады, олар: тақырып, сипаттау бөлімі және оператор бөлімі)
3) Интерпретатор дегеніміз не? (Бір тілден екінші тілге командаларды аударып, оларды бірден орындауға арналған трансляторлық программа).
4) Сызықтық алгоритм дегеніміз? (Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм)
5) Алгоритмнің қанша қасиеті бар? (5)
6) Паскаль тілін ең алған кім және қай жылы ұсынды? (1968 - 1971ж. ж. Никлаус Вирт)
7) Кез келген программа қандай сөзден басталады? (program)
8) Алгоритмдік тіл дегеніміз? (Орындалатын әрекеттерді, амалдарды біріңғай және дәл жазуға арналған тіл)

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру
«Модель» термині көп мағыналы.
Модель ол: нысанның қарапайым көшірмесі заттың кішірейтілген түрі (макеті) табиғатта, қоғамда болып жатқан кейбір құбылыстарды, үдерістерді сызба, сурет немесе сипаттау түрінде көрсету.
Жұмыс істеу өлшемдері нақты нысанның жұмыс атқару өлшемдеріне ұқсас физикалық немесе ақпараттық аналог болып табылады.

Модельдеу – объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін (макетін) құру.
Модель – көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалады.
Бір объект (процесс, құбылыс) үшін әр түрлі модель жасалуы мүмкін.
Модель дегеніміз – нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Модель және модельдеу

Модель және модельдеу

Оқушыларды модель және модельдеу түсінігімен таныстыру Оқушылардың қоршаған ортадағы модель түрлерін анықтай білу қабілеттерін дамыту....
Модель және модельдеу

Модель және модельдеу

Оқушылардың қоршаған ортадағы модель түрлерін анықтай білу қабілеттерін дамыту. Топта жұмыс істеу кезіндегі ережелерді сақтау, ынтымақтастыққа жұмыс...
Модельдеу. Модель түрлері

Модельдеу. Модель түрлері

Модель дегеніміз нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету. Модельдеу – объектілерді, процестерді немесе...
Модель түрлері

Модель түрлері

Сабақтың мақсаты: 1. Модель түрлерімен таныстыра отырып, теориялық білімді практикада ұштастыру 2. Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа,...
Модель-нақты нысанның маңызды қасиеттерін көрсету

Модель-нақты нысанның маңызды қасиеттерін көрсету

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе - 1 кентіндегі Н. Жұбаев атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Тұралы Амангүл Шыңғысқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×