Сайтқа кіру Тіркелу

«Ақпараттар әлемі» атты интеллектуалдық сайыс

Мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой - өрісін және танымдық қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді жылдам еске түсіру дағдыларын қалыптастыру
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі М. И. Ф. пәндері апталығына байланысты өткізгелі отырған «Ақпараттар әлемі» білім сайысына қош келдіңіздер!
Армысыңдар, жас толқын білім қуған
Білім жолы - қашанда ол бір думан
Қош келіпсіңдер информатика кешімізге
Оқушының жаратылған жолы нұрдан
Білімменен бар әлемді көмкеріңіз,
Сендерменен нұрлы болар көктеміміз.
«Ақпараттар әлемінде» деген тақырыбы,
Бүгінгі кешімізге қош келдіңіздер. Жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.
Сайыстың шарты: Сайысқа 2 топ қатысады. І топ «Тапқырлар», ІІ топ «Қыран». Сайыс 7 кезеңнен тұрады: Сайыскерлердің ұпайын есептеп отыратын 1 адам тағайындаймыз.
Жоспар
1. Таныстыру
2. “Бәйге”
3. “Қатесін анықта”
4. “Кім епті”
5. “Кім тапқыр”
6. “Кім алғыр”
7. Көрермендермен ойын
Ендеше сайысымызды бастайық.
«Ақпараттар әлемі» атты интеллектуалдық сайыс
Мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой - өрісін және танымдық қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді жылдам еске түсіру дағдыларын қалыптастыру
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі М. И. Ф. пәндері апталығына байланысты өткізгелі отырған «Ақпараттар әлемі» білім сайысына қош келдіңіздер!
Армысыңдар, жас толқын білім қуған
Білім жолы - қашанда ол бір думан
Қош келіпсіңдер информатика кешімізге
Оқушының жаратылған жолы нұрдан
Білімменен бар әлемді көмкеріңіз,
Сендерменен нұрлы болар көктеміміз.
«Ақпараттар әлемінде» деген тақырыбы,
Бүгінгі кешімізге қош келдіңіздер. Жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.
Сайыстың шарты: Сайысқа 2 топ қатысады. І топ «Тапқырлар», ІІ топ «Қыран». Сайыс 7 кезеңнен тұрады: Сайыскерлердің ұпайын есептеп отыратын 1 адам тағайындаймыз.
Жоспар
1. Таныстыру
2. “Бәйге”
3. “Қатесін анықта”
4. “Кім епті”
5. “Кім тапқыр”
6. “Кім алғыр”
7. Көрермендермен ойын
Ендеше сайысымызды бастайық.
1 - ші кезең: «Таныстыру» кезеңі

Таныстырып таңдамалы команданы,
Ұшталсын деп тілейік қаламдары.
Бірінші айналым да басталыпты,
Сәтті болсын иллайым қадамдарың.

2 - ші кезең: «Бәйге» кезеңі
Жүргізуші: Бәйге деген жүйрік аттар жарысы
Жүйріксіңдер сендер осы жарыста
Жүйрік озып келеді қатарынан
Біреу қалып жатады асығыста
«Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық» мерей тойына байланысты сайыскерлерге 20 сұраққа жауап беру тапсырылады, яғни әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Бір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
І - топтың сұрақтары
1. Электронды кесте ұяшығына қандай мәліметтер енгізуге болады?
2. А1 мен С3 аралығындағы мәндердің қосындысын есептеуге арналған
функцияны көрсетіңіз?
3. Адам мен компьютер арасындағы қатынас?
4. Беттерді нөмірлеу үшін қандай әрекет жасаймыз?
5. Кестені сызудың тәсілдерін ата?
6. Паскальда дәрежелеуді қалай белгілейміз?
7. 14 DIV 5 – функциясының мәні неге тең?
8. Электрондық поштамен жұмыс істеу үшін қандай бағдарламалық жасақтама
қызмет етеді?
9. bks@mail. online. kz мекен жайының домендік бөлігі қайсы елді көрсетеді?
10. Нақты тип операторын ата

ІІ - топтың сұрақтары
1. Кестедегі баған және жолдарды қалай қосуға болады.
2. Қосымша баған, қатарларды қалай қосып немесе алып тастауға болады.
3. Var қызметші сөзі не үшін қолданылады?
4. Тармақталу операторы қалай жазылады?
5. Паскаль тіліне Х санының бүтін бөлігін алу үшін қандай функция қолданылады?
6. Write операторы
7. 12 mod 5 функциясының мәнін тап
8. nss@mail. ru мекен жайының домендік бөлігі қайсы елді көрсетеді?
9. Internet E - mail - дың тағайындалған қызметі –
10. Excel - де формула қандай символдан басталады?

3 - ші кезең: «Қатесін анықта» кезеңі
Интернет желісіндегі электронды почтамызға екі топқа хаттар келіп тұр екен. Ондағы сөйлемдерді ретімен, мағынасына қарай құрастырып қоямыз.
І - топ
1 - хат. Сканер мен пернетақтаны іске қосып, компьютерді қосу керек. Монитормен мәтін жазып, суретті компьютерге енгізу үшін принтерді пайдаланамын. Жазылған ақпаратты қағазға басып шығару үшін жүйелік блок қолданамын.
2 - хат. Компьютерде мәтін жазу үшін Paint текстік редакторы пайдалануға болады.. Мәтін жазу үшін сызғыш, өшіргіш құралдарын пайдаланамын. Ал сурет салғым келсе Wortpad стандартты программасымен сала аламын. Мұнда Word Art панелі арқылы әр түрлі суреттерді саламыз.

ІІ - топ
3 - хат. Мен пернетақтамен жұмыс істегенді ұнатамын. Өйткені онда көптеген құжаттарды сақтауға, сканерлеуге болады. пернетақтаның үш түрі бар: Лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш. Сақталған құжаттарды Shift пернесін басып, жоюға болады. Функционалдық пернелерге әріптер блогы жатады.
4 - хат. Мен электронды кестемен жұмыс істегенді ұнатамын. Онда әр түрлі кестелер мен слайдтар жасауға болады. Дыбыс жазып, видео роликтерді көруге болады. Және де бұл программа арқылы интернет жүйесіне шыға аламыз.

4 - ші кезең: «Кім епті?»
Бұл кезеңде компьютермен жұмыс беріледі. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты өз шығармаларын көрсету.

5 - ші кезең: «Кім тапқыр?»
Бұл кезеңде әр топқа 10 сөз беріледі. Берілген әріптердің орны ауысқан, сол сөздерден дұрыс информатикалық сөз құрастыру қажет.
І топ ІІ топ

1 Терчествин Такедис
2 Соцеспро мнотри
3 Ретпьюком Қаншыт
4 Neter baT
5 rClt UaPpeg
6 Dpagowne Ledete
7 fSthi LpsCoack
8 Rtene emho
9 марамгорп Такедис
10 енюм мдоем

6 - шы кезең: «Кім алғыр?»
Төмендегі амалдардың мағынасы бар ма?
І - топ: ІІ - топ:
a) 2. 5div7. a) 5. 2div3
b) 7mod2. 5 b) 10mod5

7 - ші кезең: «Көрермендермен ойын»
Көрермендерге сұрақ қойылады. Сол сұрақтың жауабын тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтуы керек.
1. Фонограф бағдарламасы қандай мәліметті өңдеуге мүмкіндік береді?
2. Жіпке ілдім мен өзім,
Кіп - кішкене күн көзін
3.... кеме, білім теңіз?
4. Молекулалары әр түрлі амин қышқылдарының қалдықтарынан тұратын күрделі табиғи полимерлер?
5. Жоқ өзінде бас та, қас та мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында?
6. Байт биттен құралады. (........................................................)
7. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас. (........................................)
8. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім. (............................................)
9. Веб - дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса. (.....................................)
10. Білмесең, “анықтама”- дан сұра. (............................................)
11. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы. (.......................)

Жүргізуші:
Осымен осы ойынды тәмамдасақ,
Бұл жарысты өткізер ме ек жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ!

Сайыстың соңында ең көп ұпай алған топ анықталып, марапатталады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×