Сайтқа кіру Тіркелу

Құжаттың құрылымы, беттердің нөмірлеуі, колонтитулдер

Сабақтың тақырыбы: Құжаттың құрылымы, беттердің нөмірлеуі, колонтитулдер.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға колонтитул ұғымын беру. Құжаттың құрылымын ұйымдастыру және беттердің нөмірлерін, колонтитулдерді қоюға үйрету.
2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және компьютермен жұмыс жасау мүмкіндіктерін дамыту.
3. Оқушыларды компьютермен сауаты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: Аралас
Сабақтың көрнекілігі: ДК, интерактивті тақта, слайдтар, электрондық оқулық тапсырмалары
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
V. Үйге тапсырма
VІ. Қорытындылау
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын пысықтау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Баған дегеніміз не?
2. Жолдарды, абзацты, бетті бөлу қалай іске асады?
3. Баған не үшін қолданылады?
4. Бағанды қалай бөлеміз?
5. Абзацты бөлу жолы қандай?
6. Бағандағы мәтінді қалай бөлеміз?
Электронды оқулықтан тапсырма №5, 6
ІІІ. Жаңа сабақ мазмұны
Құжат схемасы және Құрылым режимдерінде жұмыс
Құжат схемасы режиміне өту үшін лентада Түр қосымшасындағы Көрсету немесе жасыру тобында Құжат схемасына жалауша орнату қажет (6 - сурет). Құжат схемасы режимі тақырыптардың құжатта орналасуын көруге мүмкіндік береді (7 - сурет). Қажет тақырыпқа шертсеңіз, сіз бірден құжаттың сәйкес келетін жеріне ауыса аласыз.

6 - сурет. Құжат схемасы жалаушасы

7 - сурет. Құжат схемасы режиміндегі Word терезесі
Егер мәтінде бөлімдер, бөлімшелер болса, онда құрылымды келесі үлгіде құруға болады:
• Қарапайым стиль - негізгі мәтін;
• Тақырып 1 - тараулар атауы;
• Тақырып 2 - бөлімдер атауы;
• Тақырып 3 - бөлімшелер атауы;
• Нұсқама - нұсқама мәтіні;
• Сурет - иллюстрациялар астындағы жазу мәтіні.
Құжат схемасы режимінен шығу үшін лентада Түр тобындағы Көрсету немесе жасыру тобында Құжат схемасы жалаушасын алып тастаңыз.
Құрылым режимі Құжат схемасы режиміне ұқсас. Бұл режимде тақырыптарды негізгі мәтінмен және тақырыпшалармен бірге араластыруға болады.
Құрылым режиміне өту үшін лентада Түр қосымшасындағы Құжатты көру режимдері тобында Құрылым батырмасын басу қажет (8 - сурет).

8 - сурет. құрылым режиміне өту батырмасы
Құрылым режиміне өту кезінде Құрылым қосымшасы пайда болады (9 - сурет). Оның көмегі арқылы мәтінмен жылдам жұмыс жасауға болады.

9 - сурет. Құрылым қосымшасы

Осы панелді қолданып, Деңгейді көрсету тізімінен қажетті деңгейді таңдап, құжатты белгілі деңгейге дейін бүктеп немесе жайып қоюға болады (10 - сурет).

10 - сурет. Деңгейді көрсету тізімінен деңгейді таңдау
Егер Барлық деңгейлерді көрсету пунктін таңдасақ, онда барлық құжат көрінеді (11 - сурет).
11 - сурет. Құрылым режимінде құжаттың барлық деңгейінің бейнеленуі

Бағыттауыш кескіні бар жасыл батырмалар тақырып деңгейін өзгерту үшін қызмет атқарады. Бұл операцияларды орындау үшін тақырыпты және оған қатысы бар мәтінді алдын ала ерекшелеу қажет. Деңгейді көтеру немесе Деңгейді төмендету батырмаларын басу кезінде барлық тақырыпшалардың деңгейлері өзгереді.

Беттердің нөмірленуі
Үлкен құжатпен жұмыс істеу қолайлы болу үшін құжатты нөмірлеген дұрыс. Беттерді нөмірлеу - пішімдердің қарапайым операциясы Беттерді нөмірлеу сұхбат терезесін аш үшін Кірістіру – беттің нөмірі батырмасын шертеміз. Нөмірді құжаттың қай жағынан(жоғары әлде төменгі) және нешінші беттен бастап нөмірлену керектігін белгілейміз.
Колонтитулдар
Колонтитулдар - үлкен құжаттардың атрибуттарының бірі болып табылады. Колонтитулдар төменгі және жоғарғы болып бөлінеді. Олар әрбір беттің төменгі бөлігінде немесе жоғарғы бөлігінде басылатын графикалық кескіндерді немесе мәтінді ұсынады.
Колонтитулдарды беттерді нөмірлеу үшін, бөлімнің, дәрістің атауын, аттарды және тектерді (имени и фамилии), ұйымның атауын, ағымдағы мерзім мен уақытты енгізу үшін қолдануға болады. Сонымен қатар Word бағдарламасында колонтитулдарға арнайы арналған автомәтін элементтері бар.
Колонтитулдарыд құру
Колонтитулдарды құру үшін Кірістіру қосымшасына өтіңіз және лентада Колонтитулдар тобындағы Төменгі колонтитул немесе Жоғарғы колонтитул батырмасын басыңыз (1 - сурет). Пайда болған менюден колонтитул түрін таңдаңыз (2 - сурет).

2 - сурет. Колонтитулдар тобы
2 - сурет. Колонтитулдар менюі
Егер сіз басқа режимде болсаңыз, онда автоматты түрде Беттерді белгілеу режиміне өту болады. Төменгі және Жоғарғы колонтитулдар құрылады, ал курсор Колонтитулдар тобында таңдалған түрге орналасады.
Лентада Колонтитулдармен жұмыс - Конструктор қосымшасы пайда болады (3 - сурет). Бұл қосымшаға колонтитулдармен жұмыс жасау кезінде қажет болатын негізгі функциялар шығарылғандықтан ол жұмысты жеңілдетеді.

3 - сурет. Колонтитулдармен жұмыс - Конструктор қосымшасы
Бұл панел келесі әрекеттерді орындауға көмектеседі:
• Колонтитулдарды безендіру параметрлерін жылдам өзгертуге және бірінші бет үшін ерекше колонтитул орнатуға;
• Беттің нөмірін және параметрін жылдам өзгертуге;
• Жоғарғы колонтитулдан төменгі колонтитулға өтуге;
• Ағымдағы мерзім мен уақытты кірістіруге;
• Қосымша жылдам - блоктарды қосуға, мысалы, құжаттың авторының есімін, ұйымның атауын, кілттік сөздерді және т. б. (4 - сурет).
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Суреттер мен жазуларды пішімдеу

Суреттер мен жазуларды пішімдеу

Word бағдарламасы құжатты баспаға беру кезіндегі және экрандағы сыртқы түрін жақсартуға мүмкіндік беретін пішімдеудің көптеген құралдарын қамтиды....
Құжатқа сурет кірістіру

Құжатқа сурет кірістіру

Сабақтың мақсаты: 1. Білім беру. Құжатқа суреттерді кірістіруді үйрену. Paint редакторынан суреттерді енгізу мүмкіншіліктерін үйрену. 2. Дамыту....
WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері

WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға WordPad редакторының қосымша мүмкіндік түрлерімен таныстыру. Алмасу буферімен жұмыс істеуді, мәтінге...
Мәтін  абзацын  форматтау. Құжат беттерін рәсімдеу

Мәтін абзацын форматтау. Құжат беттерін рәсімдеу

Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы №21 негізгі мектеп мұғалімі: Нурмаганбетов Талгат Сабитович...
Мәтіндік құжаттарға графикалық кескінді кірістіру

Мәтіндік құжаттарға графикалық кескінді кірістіру

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, №1 Г.Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназиясының информатика пәні мұғалімі: Кадырова Светлана...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×