Сайтқа кіру Тіркелу

«Үздік информатик»

Сабақтың тақырыбы: «Үздік информатик»

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушыларға XXI ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру жолдарын жетік үйрету. Информатика пәніне қызығушылығын арттыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың білімін жетілдіре отырып, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру. Жаңа материалға қызығушылығын дамыту.
3. Тәрбиелік: Әрбір оқушыны тиянақтылыққа, өзіне - өзі талап қоя білуге баулу, көңілін аудару. Сабақта қауіпсіздік техникасы мен тазалық - гигиеналық талаптарын орындату.

Сабақтың түрі: Өтілген тарау бойынша қайталау, сабақ жарыс - сайыс түрінде өтеді.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, слайдтар.

Сабақтың өтілу барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
♦ Оқушыларды сайысқа шақыру
II. Сайысты өткізу программасымен таныстыру
♦ Әділқазылар алқасымен таныстыру
♦ Сайысты өткізу
♦ Әділқазылар алқасының қорытындысын жариялауы
♦ Марапаттау

Жоспары:
I. Бәйге
II. Асыл тасты сұрақтар
III. Дода көкпар
IV. Жеті жұмбақ
V. Кім жылдам?
жүргізуші:
Тойлап маржандай боп өлеңдесіп,
Достарым отырсың ба елеңдесіп.
Ата - салт, баба дәстүр жолыменен,
Алайық біз әуелі сәлемдесіп.

жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Бүгін біздің сіздермен бірлесе отырып, «Үздік информатик» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған оқушыларды ортаға шақырамыз.

жүргізуші:
Әділ халқым берерсің әділ баға
Өнері мен өренін салыстырып
Ең алдымен сіздерге осы ойында әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайық:

жүргізуші:
Төрағасы, төбе билер, жюрилер
Әділетпен кеңес құра біліңдер – дей отырып сайысымыздың 1 - ші кезеңі «Бәйге» сайысын бастаймыз. Сайыскерлерге 10 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

І. «Бәйге»
І - топ
1. Аты бар бірқатар байттар тізбегі (файл)
2. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)
3. ЭЕМ - мен жұмыс жасау кезінде экраннан қандай қашықтықта отыру керек? (60 - 70см)
4. Қағаздағы кескінді экранға шығаратын құрылғы (сканер)
5. Компьютердің «ақыл - ойы», ең басты бөлігі (процессор)
ІІ - топ
6. Принтердің неше түрі бар? (3)
7. Компакт - диск оқу құрылғысы (CD - ROM)
8. Дүниежүзілік компьютерлік желі (интернет)
9. Компьютер ауруы (вирус)
10Windows деген не? (терезе, ОЖ)

жүргізуші:
Осымен 1 - тур қорытындысы аяқталды.

жүргізуші
Ең қиынын жарыстың
Жеңіп алда жарыссын
Келесі кезең «Асыл тасты сұрақтар»

жүргізуші:
Алдарыңызда 6 сұрақ берілген олай болса экранға назар аударайық

ІІ. «Асыл тасты сұрақтар»

І - топ
1. Операциялық жүйе дегеніміз не?
2. Операциялық жүйенің жіктелуін айт?
3. Бір тапсырмалы операциялық жүйе дегеніміз не?

ІІ - топ
4. Көп тапсырмалы операциялық жүйе дегеніміз не?
5. Қазіргі заманда дербес компьютердің неше түрі бар?
6. Тасымал компьютер деген не?

жүргізуші:.
Жан достарым, мұны жақсы ұғайық
Информатика, құрметтеуге лайық келесі кезең «Дода көкпар»
Оқушылар берілген тапсырмадағы артық терминді табу:

ІІІ. «Дода көкпар»
І - топ
1. Екі, бес, нөл, қосынды, бір, тоғыз
2. принтер, монитор, графиксалғыш, пернетақта
3. Көбейту, өшіру, азайту, қосу, бөлу
4. Торкөз, қызыл, жасыл, көк

ІІ - топ
5. Вирус, синус, косинус, тангенс
6. Сантиметр, килобайт, бит, мегабайт
7. Нүкте, Shift, үтір, қос нүкте
8. Монитор, тышқан қолтетігі, пернетақта, жүйелік блок

Келесі кезең: «Жеті жұмбақ» Әр топқа үш үштен жұмбақ жасырылады.

ІV. «Жеті жұмбақ»
І - топ
1. Бұтақ орнында мың бір инесі
Компьютер жаны мекені (кактус)

2. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,
Түсі оның сұр, құйрығы ұзын
Ойланып, білгіш болсаң жауап берші (тышқан)

3. Ақпарларды қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер)

ІІ - топ
1. Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек (монитор)

2. Биологияда бұл паразит
Көзге зорға көрінер
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпараттарды өлшер (бит)

3. Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі
Бір күн барда, бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ,
Ұзын саны жүз жеті. (Пернелер)

жүргізуші:
Тез жауап бер ойланып тұрып қалма
Мәреге таяп қалды бұл жарыста
Келесі кезең «Кім жылдам?» Бұл сайысымыздың шарты бойынша әр топ өз тобының атауынан бірнеше сөз құрастыру керек.

V. «Кім жылдам»
І – топ: Информатика
ІІ – топ: Ақпараттандыру

жүргізуші
Информатика болашаққа бастайды
Келешекке білім қуған жастарды
Қадам басып 21 - ші ғасырға
Барлық әлем жаңалығын тастайды - дей отырып сөз кезегін әділқазыларға берейік.

жүргізуші
“Үздік информатик” ойыны өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×