Сабақтың тақырыбы: Суреттің үзінділерімен жұмыс. Практикалық жұмыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға үзінділерді шағылдырып бейнелеуге, бұруға, созуға, еңкейтуге және олармен әртүрлі әрекеттер орындауға үйрету. Суреттің үзінділері туралы, жылжыту, көбейту, жою туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Сурет салған кезде үзінділермен әрекеттерді тиімді пайдалану, жұмыс кезінде уақыт үнемдеу дағдыларын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, интерактивті тақта, оқулық.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты меңгерту.
4. Сабақты бекіту.
5. Үйге тапсырма беру.
6. Бағалау.
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
Редактордың неше түрі бар?
Графикалық редактор дегеніміз не?
Paint дегеніміз не?
Сақтау (Сохранить) бұйрығы қалай орындалады?
Жаңа тақырыпты меңгерту:
Үзінді дегеніміз - бұл суреттің белгіленген бөлігі. Суреттің бір бөлігін белгілеу үшін құралдар тақтасындағы ерікті аймақты белгілеу және тікбұрышты аймақты белгілеу құралдары қолданылады. Бірінші құралмен (Выделение произвольной области) ерікті түрдегі үзіндіні белгілеп алады. Екінші құралмен (Выделение) тікбұрышты үзіндіні белгілейді.
Үзінділермен мынадай операциялар орындауға болады.
1. Алмасу буферіне қиып алу.
2. Алмасу буферіне көшіру.
3. Басқа жерге апару.
4. Басқа жерге көшіру.
5. Сурет бойынша «көбейту».
6. Пішіні мен өлшемін өзгерту.
7. Масштабын өзгерту, қисайту.
8. Төңкеру және бұру.
9. Түсін өзгерту.
10. Жою.
Үзіндіні көшіру үшін жасалатын әрекеттер.
1. Үзіндіні белгілеу
2. Правка - Копировать
3. Правка - Вставить
4. Керекті жерге апару
Үзіндіні жылжыту үшін жасалатын әрекеттер.
1. Үзіндіні белгілеу
2. Правка - Вырезать
3. Правка - Вставить
4. Керекті жерге апару
Үзіндіні көбейту.
Үзіндіні көбейту дегеніміз – экранда маустың нұсқағышын жылжытумен қатар оның көшірмелерінің тізбегін жасау.
Үзіндіні көбейту үшін оны белгілеп, «барлығы басталатын» жерге апарып қойыңдар. Содан кейін оны мауспен іліп алыңдар да, Shift пернесін басып отырып, үзіндіні сурет салу аймағында жылжытыңдар.
Осылай көбейткенде алынатын көшірме саны маусты жылжыту жылдамдығына байланысты болады.
Үзіндіні жою.
Үзінділерді бірнеше әдіспен жоюға болады:
1.Алдымен үзіндіні белгілеп алып, содан соң Правка - Очистить выделение командасын орындайды.
2.Алдымен үзіндіні белгілеп алып, содан кейін Правка - Вырезать командасын орындаңдар, бұл жағдайда үзінді алмасу буферіне орналастырылады.
3.Егер Рисунок - Очистить командасын орындаса, онда экраннан тек үзінді ғана емес, барлық сурет жойылады.
Практикалық жұмыс.
Айтылған сабақ бойынша оқушыларға мынадай практикалық жұмыстар беріледі.
1 - тапсырма.
1.Алма ағашының ортаңғы үлкен бұтағын салып ал.
2.Алма ағашының оң жақ бір бұтағын салып ал.
3. Осы бұтақты көшіріп, ағаштың оң жағына төрт бұтақ орналастыр. Үстіңгі бұтақтар кішірейе береді.
4. Тап осылай ағаштың сол жақ бұтақтарын сал.
5. Бір алма салып алып, оны көшіру арқылы ағашты алмамен толтыр.
6. Сонда суретте көрсетілген алма ағашы шығуы керек.
2 - тапсырма.
Берілген суретті салып шық.
Бағалау: Оқушылардың жұмысы бағаланады.
Сабақты бекіту сұрақтары:
Үзінді дегеніміз не?
Үзіндіні көшіру әрекеті қалай орындалады?
Үзіндіні жылжыту әрекеті қалай орындалады?
Үзіндіні көбейту дегеніміз не?
Үйге тапсырма Суреттің үзінділерімен жұмыс. Тақырыпты оқып компьютерде сурет салып жаттығу.
Бағалау: Оқушылардың жұмысы бағаланады.
Суреттің үзінділерімен жұмыс
- fati
- 18 желтоқсан 2015
- 2813
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Суреттің үзінділерімен жұмыс, информатика сабағы
Ұқсас жаңалықтар:
Суреттің үзінділерімен жұмыс
Манашы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Даблова Айгул...Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер
Сабақтың тақырыбы: Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер....Кескіндермен жұмыс істеу
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға PageMaker баспа жүйесінде кескіндермен жұмыс істеу тәсілдерін, кескіндер тобын ерекшелеу, кескіндерді топқа...Объектілермен жұмыс істеу
Сабақтың мақсаты: 1. Объектілерді жылжыту мен көшіру ережелерімен таныстыру. Объектілердің атны өзгерту, оларды жою мен қалпына келтіру...«PAINT графикалық редакторы» 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: «PAINT графикалық редакторы» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды графикалық редактор командаларымен, құралдарымен,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.