Сайтқа кіру Тіркелу

Құжатқа сурет кірістіру

Сабақтың тақырыбы: Құжатқа суреттер кірістіру
Сабақтың мақсаты:
1. Білім беру. Құжатқа суреттерді кірістіруді үйрену. Paint редакторынан суреттерді енгізу мүмкіншіліктерін үйрену.
2. Дамыту. Оқушылардың жаңа сабаққа деген ынта - ықыласын арттырып, жан - жақты білімдерін және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелеу. Эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: практикалық
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, компьютер Интерактивті тақта ActivStudio
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: (оқушыларды түгелдеу, сыныптың тәртібін байқау, кезекшілікті, дайындықты шолып шығу)
2. Үй жұмысын тексеру: «Ою - өрнек перфокартасы» Тест жұмысы
4. Жаңа материалды түсіндіру.
5. Жаңа материалды бекіту. Деңгейлік тапсырмалар
6. Үйге тапсырма беру, түсіндіру.
7. Оқушыларды бағалау
8. Қорытындылау.
Жаңа материалды түсіндіру:

WORDPAD ҚҰЖАТЫНА СУРЕТТЕРДІ КІРІСТІРУ
Wordpad құжатына дайын суреттерді, сондай - ақ Рaint графикалық редакторында немесе басқа графикалық қолданбаларда жасалған суреттерді кірістіруге болады.
Графикалық объектіні кірістіру үшін келесі әрекеттерді орындаңдар.
1. Рaint редакторын пайдаланып сурет салыңдар немесе дайын суретті суреттер кітапханасынан алыңдар.
Рaint редакторында суретті салып аламыз
2. Суретті белгілеңдер (яғни оларды Рaint редакторындағы бөліп алу батырмаларының көмегімен қиып алу керек).
3. Правка менюінен Копировать немесе Вырезать командаларының бірін таңдаңдар.

4. Суретті кірістіретін мәтінді ашыңдар,
5. Меңзерді құжаттың суретті кірістіретін жеріне орналастырып, Вставить батырмасын шертіңдер немесе Правка ►Вставить командасын орындаңдар.

6. Суретті тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып іліп
алыңдар да, мәтіннің тиісті жеріне орналастырыңдар.

Рaint редакторын пайдаланып сурет салып алып отырып, оны құжатқа кірістірілген жағдай.
Сергіту сәті: Оқушыларға алфавит бойынша 20 әріп таратылады. Кез келген бір сөйлем айтылады. Мысалы, Наурыз мейрамы құтты болсын. Енді шарт бойынша мұғалім машинка рөлін атқарады. Сөйлемдегі әр әріпке тоқталады. Оқиды кімде сол әріп болса, орынынан тұрып шапалақ ұрады. Егер пробел бола барлығы шапалақ ұрады, тыныс белгілері болса, барлығы орнында отырып аяқтарымен жерді тебеді.
Жаңа материалды бекіту.
Деңгейлік тапсырмалар
1 - деңгей «Иә - жоқ»
(Сұраққа дұрыс болса « и ә», дұрыс емес болса « ж о қ» деп жауап бересіздер. Берілген жауап дұрыс болса «1», дұрыс емес болса «0» деп есептеледі )
1. Paint графикалық редакторында салынған суретті WordPad редакторына кірістіруге болады ма? (ия)
2. WordPad редакторында сурет немесе обьект кірістірудің 2 түрі бар ма? (ия)
3. Құжатқа сурет кірістіру үшін ПРАВКА - Копировать командасын орындап, керекті жерге меңзерді орналастырып ПРАВКА – Вставить командасын орындаймыз (ия)
4. Құжатқа сурет кірістіру үшін Вставка - Обьект командасын орындаймыз(ия)
5. 2 батырмасы жаңа құжат құру үшін қолданылады (ия)
2 - деңгей
Қраіп – Қаріп – шрифт - shrift
Қрұу – Құру – Создать Сreate
Мтәін – мәтін – текст - text
Пренеқтата – пернетақта – клавиатура keyboard
Сқатуа – сақтау – сохранить – save
Құтаж - құжат – документ - document

Берілген хабарламаның мағынасын анықтау.
1. Кестенің бірінші жолындағы әріпті ал.
2. Алфавит бойынша одан кейінгі тұратын әріпті анықта.
3. Табылған әріпті кестенің мағынасы жолына жаз.
Әріптер таусылғанша 1 - 3 пунктерді қайтала
Хабарлама Й Ы П Ы Р С Ы П Т
Мағынасы к і р і с т і р у

3 - деңгей
1. Word Pad мәтіндік редакторында жаңадан құжат құрыңыз. Құжатты “Мектеп” атымен сақтаңыз.
2. Құжатқа жұмыс үстелінен 6 суретін кірістір.
3. Сурет астына “Менің сүйікті мектебім” мәтінін енгіз. Мәтін қарпін Times New Roman етіп орнатыңыз, мәтін өлшемін 16 етіп орнатыңыз, мәтінді жартылай қарайтыңыз

Үйге тапсырма
1. 5. 2 тақырып.
2. Оқулықтың 17 - 179 беттеріндегі тапсырмаларды орындау
3. Сурет жұмбақ құрастыру (Ынтымақ, бірлік тақырыбындағы мақал - мәтел бойынша)
Қорытындылау.
WORDPAD мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктерінің бірі - ГРАФИКАЛЫҚ ОБЪЕКТ КІРІСТІРУ Жалпы, сурет салу арқылы WordPad және Рaint бағдарламаларын байланыстыруға болады. Рaint бағдарламасының WordPad бағдарламасына маңызы зор.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері

WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға WordPad редакторының қосымша мүмкіндік түрлерімен таныстыру. Алмасу буферімен жұмыс істеуді, мәтінге...
WordPad мәтіндік бағдарламасымен практикалық жұмыс жасау

WordPad мәтіндік бағдарламасымен практикалық жұмыс жасау

Қызылорда облысы, Арал ауданы, №61 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Төлеуова Сәнімкүл Шалабайқызы...
WordPad құжатына суреттерді кірістіру. WordPad бағдарламасынан шығу

WordPad құжатына суреттерді кірістіру. WordPad бағдарламасынан шығу

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектептің физика және информатика пәні мұғалімі УМИРЗАКОВА НУРГУЛ...
Мәтіндік құжаттарға графикалық кескінді кірістіру

Мәтіндік құжаттарға графикалық кескінді кірістіру

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, №1 Г.Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназиясының информатика пәні мұғалімі: Кадырова Светлана...
Word - тың графикалық мүмкіндіктері

Word - тың графикалық мүмкіндіктері

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, №1 Г.Орджоникидзе атындағы мектеп - гимназияның информатика пәні мұғалімі Андабекова Құралай...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×