Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік техниканың даму үрдісі
Сабақтың мақсаты: Компьютерлік техниканың даму үрдісімен таныстыру.
Сабақ міндеттері:
Білімділік: Компьютерлік техниканың даму үрдісі жөнінде ақпарат беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Тәрбиелік: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың құрал - жабдықтары: компьютерлер, SIN. kz бағдарламасы, тест сұрақтары т. б. б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Өтілгенді пысықтау
III. Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі
IV. Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі
V. Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі
VI. Бақылау кезеңі
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
II. Өтілгенді пысықтау
• 1642 жылы француз математигі Блез Паскаль 19 жасында жасаған ЭЕМ машинасы қалай аталды?
• 1694 ж неміс математигі Лейбиниц Паскаль механикалық есептеу машинасын жасаған ЭЕМ машинасы қалай аталды?
• 1833 жылы алғашқы есептеуіш автоматтың авторы Чарлз Бәббидж
жасаған ЭЕМ машинасы қалай аталды?
• Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэйббидж жасаған ЭЕМ машинасы қалай аталады?
III. Жаңа ұғымдармен алғашқы таныстыру кезеңі
ЭЕМ буындары:
Бірінші буында - бірінші электрондық машина ЕNIАС, EDSАС машиналары болды. 1940 - 1955 жылдар.
Екінші буынға - 1955 жылдан бастап, жартылай өткізгіштер транзисторлар пайда бола бастады. Онда бағдарламалық тілдер: Фортран, Алгол, Кобол қолдана бастады.
Үшінші буынға - интегралдық негізде құрылған ЭЕМ - дер.
Қазіргі кездегі компьютерлер төртінші буынға жатады.
Бесінші буындағы компьютерлер әлі шыққан жоқ.
Казіргі кезде көптеген елдерде бесінші буындағы ЭЕМ - ді жасау ісі қолға алынуда. Бұл машиналар кәдімгі адам сөйлейтін тілге жуық тілді түсінетін, яғни "жасанды интеллект" ЭЕМ - дері болуы керек. Бұл идея толығымен іске асқанда, ЭЕМ - ге кәдімгі сөзбен мәселені түсіндіріп айтасыңдар, ал компьютер өзі бағдарламаны құрып, мәселені (есепті) шешетін болады.
IV. Жаңа ұғымдарды бекіту кезеңі
• Оқулықтағы бақылау сұрақтарына жауап беру.
• Оқулықта берілген тәжірибелік тапсырманы орындау.
V. Жаңа ұғымдарды қолдану кезеңі
• Оқулықтағы «Өзіңді тексер» сұрақтарына жауап беру.
• Sin. kz бағдарламасындағы тәжірибелік тапсырмаларды орындау.
VI. Бақылау кезеңі
• ЭЕМ буындарын атаңдар. Олардың бір - бірінен айырмашылығы неде?
• Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?
Үйге тапсырма: «Информатика - 6 сынып» Н. Ермеков, Н. Стифутина, §6, Тапсырмаларды орындау, сөзжұмбақ, ребус құрастыру
Компьютерлік техниканың даму үрдісі
- perizat84
- 1 желтоқсан 2014
- 5410
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Компьютерлік техниканың даму үрдісі
Ұқсас жаңалықтар:
Компьютердің шығу тарихы
Қазіргі заманда компьютерге ешкім таң қала қоймайды, бірақ оның тарихын көп адамдар біле бермейді. Техниканың дамыған заманында компьютердің шығу...Есептеуіш техниканың даму тарихы
Есептеу құрылғылары пайда болмай тұрып, адамдар әр түрлі есептеуді жүргізу мүмкіндіктерін іздеді. Бұл үшін олар қол саусақтарын, тастарды, ағаш...Компютерлік техникасының даму үдерісі.
Компьютерлік техниканың даму тарихы жайлы оқушыларға толық мағлұмат беру, ұлы тұлғалардың жаңалықтарымен таныстыру, тарихи деректер аққылы ақпарат...Информатика. Ақпарат
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың табиғаттағы ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен...Компьютерлік техниканың даму үрдісі
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік техниканың даму үрдісі Мақсаты: Білімділік: Компьютерлік техниканың даму туралы мағлұмат беру, ұлы тұлғалардың...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.