Сайтқа кіру Тіркелу

Тапқыр достар сайысы

«Тапқыр достар» сайысы
Сайыс мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың лидерлік қасиетін ұштап, аналитикалық қабілеті ашу, интелектуалдық деңгейін арттыру.
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділіктерін дамыту, өзара көмектесу, топпен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Сайыста жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, ойын сабақ

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, слайдтар
Сабақтың барысы: “Адам байлығының ішіндегісі ең тамашасы - білім” деген екен шығыс ғұламасы Әбу Райхан әл Беруни. Ендеше 7 сынып тәрбие сағатында өткелі тұрған “Тапқыр достар” сайысына қош келдіңіздер.
Сайыс кезеңдері:
1. Таныстыру
2. «Сен білесің бе?»
3. «Тіл өнері»
4. «Ойлан, тап!»
5. «Ғажайып ұяшық»
6. «Кім жылдам, әрі тапқыр»
7. Қорытынды
Барысы:
Мінекей залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз
Ғылымдардың жаңасы
Информатика жайында
Сайысты біз бастаймыз
- Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Тапқыр достар» сайысына қош келіпсіздер!
- Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған екі топты қол соғып қарсы алайық.
Бас иіп топ алдында шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын, - дегендей сайысымыздың 1 - ші кезеңі «Таныстыруды» бастайық! Сөз кезегін «Windows» және «Вирус» топтарына береміз. (Әр топ өз тобының атын, ұранын, топ басшысын, мүшелерін таныстырады)
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр
Тапқырлық пен шапшаңдық бұл сайыста керек екен – дей отыра келесі кезеңді бастайық.
2 - ші кезеңі «Сен білесің бе?»
Яғни сұраққа жауап береміз? Әр дұрыс жауап 10 ұпай.
1 топқа сұрақтар:
1 Ақпараттың өлшем бірлігі «бит байт»
2 Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы? «электр тогы»
3Екілік жүйенің сандары? «0 және 1»
4 Қазақстан қанша мемлекетпен шекаралас? 5
5 Ақпарат сөзі латынның қандай сөзінен шыққан?
2 топқа сұрақтар
1 Геометрия сөзі грекшеден аударғанда қандай ұғымды білдіреді? Жер өлшем
2 2 ғасырда неше жыл бар 200
3 адам және компьютер арасындағы қарым қатынас? интерфейс
4 ақпарат шығару құрылғысы? принтер
5 параллелипедтің неше қыры неше жағы бар? 12 қыры 6 жағы

3 - ші кезеңі «Тіл өнері»
Дұрыс жауапқа 10 ұпай
1. Жері байдың -..............
«елі бай»
2. Көпті сыйлағаның........
«өзіңді сыйлағаның»
3. Жалқаудың жаны тәтті,.......
«еңбектің наны тәтті»
4. Өзге елде сұлтан болғанша,........
«өз еліңде ұлтан бол»
5. “Ас - адамның арқауы”, ал компьютердің асы.....
«Тоқ»
4 - ші кезеңі «Ойлан, тап!»
Бұл кезеңде интерактивті тақтада слайд - шоумен көрсетілген суреттерді топ басшысы өз тобының мүшелеріне жасырып айтады. Топ мүшелері экранға қарамай тұруы тиіс. Әр сурет 4 секунд ғана тұрады, сосын келесі суретке ауысады. Сол уақытта топ басшысы түсіндіріп үлгеруі тиіс.
1 топқа мынадай суреттер жеке - жеке слайдта көрсетіледі: жүйелі блок, қапшық, кактус, электр тогы, қарындаш, әділ - қазылар суреті, процессор.
2 топқа мынадай суреттер жеке - жеке слайдта көрсетіледі: сағат, компакт - диск, мұғалім, маус, үй тапсырмасын орындап отырған қыз, сканер, доп, принтер, алма, фотоаппарат, монитор, кітап.
Шындап тұрған шынардай арманы бар,
Өнерлерін көрсетсін ұл мен қыздар
«Өнерпаз болсаң» кезеңіне келіп жеттік,
Ойлантып отырғанды таң қалдырар, - деп келесі кезеңге көшейік.
5 - ші кезеңі «Өнерпаз болсаң»
Әр топ өз өнерлерін көрсетеді.
6 - ші кезеңі «Ғажайып ұяшық»
7 - ші кезеңі «Кім жылдам, әрі тапқыр»
Тақтада «ПРОГРАММАЛАНҒАНДЫҚТАН» сөзі беріледі. 1 минутта қай топ көп мағыналы сөз құрайтынын байқау.

Қорытынды
Әділқазыларға сөз беру. Жеңген топты анықтау. Марапаттау.

Ойын толқын жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, - дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×