Сайтқа кіру Тіркелу

Алгоритм және оның қасиеттері

Сынып: 6
Тақырып: Алгоритм және оның атқарушылары
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Мақсаты: оқушылардың алгоритм ұғымын талдау және оның қасиеттеріне мысал келтіру, қарапайым алгоритмдерді құру дағдысын қалыптастыру.
1. Білімділік: Оқушылар алгоритмнің анықтамасын айтып, мысал келтіріп, негізгі қасиеттерін сипаттай алуы керек.
2. Дамытушылық: Қарапайым алгоритм құра білу, оның нәтижесін талдау.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыру және еңбекке баулу.
Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар: Компьютерлер, Информатика мен есептеуіш техника негіздері әдістемелік нұсқау бағдарламалары
Сабақ түрі: Лекция сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ жауап, әңгімелесу, жазбаша жұмыс, өзіндік жұмыс
Сабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
Сабаққа дайындықтарын тексеру
Шаттық шеңбері
2. Үй тапсырмасын пысықтау
1. Қайсысы алғашқы есептеу құрылғысы емес?
А) Шоттар Б) Арифмометр
С) Калькулятор Д) Соробан
2. Программа бойынша жұмыс істеген бірінші құрылғы:
А) Арифмометр Б) Холлерит машинасы
С) Шоттар Д) Беббидж машинасы
3. Бірінші программалаушы кім?
А) Чарльз Беббидж Б) Герман Холлерит
С) Ада Августа Лавлейс Д) Блес Паскаль
4. Алғашқы ЭЕМ қай жылы пайда болды?
А) 1946ж Б) 1949ж
С) 1980ж Д) 1956ж
5. USB шинасын қандай дискілерді қосу үшін қолданады?
А) оптикалық дискілерді Б) флэш - дискілерді
С) жұмсақ магнитті дискілерді Д) DVD дискілерді

Жаңа сабақ
Анықтама. Алгоритм - берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.
Алгоритм құруға мысалдар: Жолдан өту, қалааралық телефонмен байланысу, қазынаны іздеу, т. б. келтіруді ұсынуға болады. Күн тәртібі, шай қайнату, үй тапсырмасын орындау, компьютерде ойнау, футбол ойнау, шахмат ойнау, т. б. алгоритмдерді талдап мысал келтіруге болады.
Мысал: Шәйді демдеу алгоритмі
- Басы
- Ыстық сумен шәйнекті шаю
- Шәйнекке шәй салу
- Қайнаған су құю
- 3 - 5 минут күту
- Шәйді шыныаяққа құю
- Соңы
Алгоритмнің қасиеттері:
1. Айқын, дәл өрнектелуі.
2. Үзіктілігі.
3. Нәтижелілігі.
4. Жалпыламалығы.
5. Формалды орындалуы.
1. Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде келтірілген әрбір іс - әрекет мағынасы айқын, нақты анықталып, орындаушыға түсінікті болуы тиіс. Алгоритмде тек көрсетілген қадамдар ғана орындалады. Есеп шығару жолы бір мәнді анықталғандықтан орындаушы алгоритм командаларын ойланбай орындауына болады.
2. Алгоритмнің үзіктілік қасиеті. Алгоритм орындау процесі бірнеше қадамнан тұрады. Алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшам бөліктерге, ал олар қадамдарға бөлінеді, әр қадам өз кезегінде жеке әрекеттерге жіктеледі. Бір қадамда бір немесе бірнеше әрекет орындалады. Бұл әрекеттер саны шектеулі болуы тиіс. Алдыңғы әрекеттің қорытындысы келесі әрекеттің керекті мәліметі ретінде қолданылады. Орындаушы алғашқы әрекетті аяқтамай, келесіге көше алмайды.
3. Алгоритмнің нәтижелілік қасиеті. Кез келген алгоритм белгілі бір уақыт ішінде қандай да бір нәтиже беруі тиіс. Алгоритм орындалып болғанда есептің шешуін немесе шешуі жоқ деген нәтиже беруі қажет. Әрбір алгоритмде бастапқы деректер болады, алгоритм орындалып болғанда нәтиже шығады. Мысалы, сандарды қосу алгоритмі үшін қосылғыштардың мәні - бастапқы деректер, нәтижесі - қосынды болады. Кейде алгоритмнің бірнеше қадамы қайталана беріп нәтиже бермейді. Ондай алгоритм циклден шықпайтын, нәтижесіз болғандықтан қайта құру қажет.
4. Алгоритмнің жалпыламалық немесе ортақтық қасиеті.
Белгілі бір алгоритм жеке есепті ғана емес, оған ұқсас басқа да есептерді шешуге мүмкіндік беруі тиіс. Берілген мәліметтерге қатысты нәтиже ғана өзгеше болады. Мысалы, квадрат теңдеуді шешу алгоритмі кез келген a, b, c мәндері үшін құрылады. Ал берілген бұрыштың синусын анықтау алгоритмі кез келген алғашқы бұрыш аргументі арқылы оның (sin) нақты мәнін есептеуге мүмкіндік береді, т. с. с.
5. Алгоритмнің формалды орындалуы.
Орындаушы алгоритм мағынасын, есептің қойылуын түсінбегенмен, әр команданы (әрекетті) орындай отырып, дұрыс нәтиже алады. Алгоритм қадамдарында көрсетілген әрекеттерді дұрыс орындау үшін, әрбір әрекет орындаушыға түсінікті болуы қажет. Мысалы, х санын квадратта дегенді төменгі сынып оқушылары түсінбейді, ал оны х санын х санына көбейт деп айтса, онда бұл айтылғанды олар орындай алады. Демек, алгоритм белгілі бір орындаушыға (адамға, адамдардың білім деңгейіне, машинаға т. б.) арналып құрылады.
Орындаушы алгоритм командаларын орындай отырып, өзі атқарып отырған істің мән – жайына көңіл аудармай - ақ белгілі бір нәтиже ала алады, яғни орындаушы формалды әрекет етеді. Алгоритмнің бұл маңызды ерекшелігін оның формалды орындалуы деп аталады. Бұл қасиет алгоритмнің орындалуын компьютерге жүктеуге мүмкіндік береді.
Бекіту: «Сурет сал» алгоритмі кестесін толтырыңдар

Бұйрық нөмірі Алгоритмнің бұйрығы Бұйрықтың орындалу нәтижесі
1 Көк қарындашты ал
2 Шардың суретін сал
3 Шарды боя
4 Қарындашты орнына қой
5 Соңы

Сабақты қорытындылау: «Көкпар» ойыны.
Ойынның шарты: Оқушылар үш топқа бөлінеді. Мұғалім сұрақтар қояды. Қайсы топтағы қол көтерген оқушылар саны көп болса, сол топ оқушылар «лақты» алды делінеді, яғни жауап береді. Жауап толық болмаса, қайтадан қол көтеріліп толықтырылады. Жауапқа толық жауап берген оқушы лақты мәреге жеткізген болады, ол оқушыға жоғары ұпай қосылады.
«Көкпар» ойыны үшін қойылатын сұрақтар:
1. Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритм орындаушысына анықтама беріңдер
3. Алгоритмнің қасиеттері қандай?
«Көкпар» ойынының тиімділігі: үй тапсырмасына тиянақты дайындалуға, жылдамдыққа дағдыландырып, есте сақтау қабілетін дамытады, пәнге қызығушылығын арттырады.
Оқушылардың біліміне сәйкес бағалау
Үй тапсырмасын беру: Алгоритм ұғымы. Алгоритмнің қасиеттері.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Алгоритмнің түрлері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)

Алгоритмнің түрлері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)

Мақсат: Алгоритм түрлері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) тақырыбын түсіндіре отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір іс -...
Алгоритм түсінігі, орындалуы. Алгоритм қасиеттері

Алгоритм түсінігі, орындалуы. Алгоритм қасиеттері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АҚТӨБЕ КӨЛІК, КОММУНИКАЦИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ Оқытушы: Сиалиева У.Ш....
Алгоритмді жазу тәсілі

Алгоритмді жазу тәсілі

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алгоритм ұғымымен таныстыруды жалғастыру, оның жазу пішімдері мен блок - схема құруды үйрету, алгоритм типтерімен...
Алгоритм құрылымы: Сызықтық немесе тізбекті алгоритм

Алгоритм құрылымы: Сызықтық немесе тізбекті алгоритм

Білімділігі: Оқушыларды алгоритмнің командалары және оның құрылымын түсіндіре отырып, компьютерде есеп шығару кезеңдерімен таныстыру, практика...
Алгоритм және оның қасиеттері

Алгоритм және оның қасиеттері

Сабақ тақырыбы: Алгоритм және оның қасиеттері Сабақ мақсаты: 1. «Алгоритм» ұғымын қалыптастыру, оның қасиеттерін білу, орындаушы мен оның командалары...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×