Сайтқа кіру Тіркелу

Презентацияларды графикалық объектілермен көркемдеу.

Сабақтың тақырыбы: Презентацияларды графикалық объектілермен көркемдеу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Power Point бағдарламасында жұмыс істеуді меңгерту.
Білімділік: Power Point – тың графикалық мүмкіндіктерін пайдаланып презентацияларды әдемі құрастыруды үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу, шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ақпараттық мәдениеттілікке, өзін - өзі бағалауға,
уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайд, тапсырма.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй жұмысын тексеру сұрақтары.
3. Жаңа сабақ.
4. Жаңа сабақ бойынша практикалық кезең.
5. Сергіту сәті.
6. Үйге тапсырма.
7. Бағалау.

1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) амандасу.
б) сыныпты түгелдеу
2. Үй жұмысын тексеру сұрақтары.

1. MS Word қандай бағдарлама? (MS Word – бұл құжаттарды құру, қарап шығу, өзгерту және пішімдеу, басып шығаруға арналған бағдарлама)
2. Презентацияны әзірлеу кезіндегі ережелерін атаңдар. (Жоспары болуы керек, ақпарат ықшам болуы керек, эстетикалық талғамға сай, графикалық бейнелермен безендіру)
3. Power Point программасының негізгі міндеті? (Ақпаратты қабылдаудың және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау, және өңдеу.)
4. Power Point программасын қалай іске қосамыз. (Пуск - Программы - Мicrosoft Office - Мicrosoft Office Power Point командасы арқылы немесе жұмыс үстелінде маустың оң жақ батырмасын басып, Создать - Презентация Power Point командасы арқылы.)
5. Power Point - ң қандай мүмкіншіліктерін білесіңдер?(Power Point программасы презентацияға сурет, сызба, анимация, сілтеме, бейне мен дыбысты қосуға мүмкіндік береді.)
6. Слайд дегеніміз? (Слайд деп – қызықты суреттер, сызбалар, эффектілермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды.)
7. Слайдты толық экранға көрсету үшін? (Вид – Показ слайдов немесе F5 пернесі.)
8. Power Point - та құжатты қалай сақтаймыз? (Файл – Қалай сақтау (Сохранить как) немесе Файл – Сақтау (Сохранить)).
9. Power Point программасының терезе элементтерін атаңыздар? (Тақырып жолы, меню жолы, пішімдеу қатары, стандартты саймандар қатары, жұмыс аймағы, сурет салу құралдары, қалып күй жолы.)

3. Жаңа сабақ.
Power Point – тың негізгі міндеті ақпаратты қабылдаудың және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу. Power Point – та жасалған құжатты слайд деп атайды. Слайд – қызықты суреттер, сызбалар эффектілер мен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды.
Слайдты құрайтын обьектілерді төмендегі кестеден көруге болады.
Слайдқа кестелер, суреттер қою үшін төмендегі әрекеттерді орындаймыз.
1. Кірістіру (Вставка) – Кесте (Таблица)

2. Көшіріп алу (Копировать) – Қою (Вставить)
3. Кірістіру (Вставка) – Сурет (Рисунки)
4. Көшіріп алу (Копировать) – Қою (Вставка)
Слайдқа дыбыс пен бейне қосу үшін.
Кірістіру (Вставка) – Дыбыс (Звук)
Кірістіру (Вставка) – Бейне (Фильм)

3. Практикалық бөлім.
1 - топ.
«Тәуелсіз елім - Қазақстаным менің» тақырыбына презентация жасау.
ҚР - ның мемлекеттік рәміздерін және Әнұранын кірістіру қажет.
2 – топ.
«Ел ордасы – Астана» тақырыбына презентация жасау. Слайдқа Астананың фото суреттерін және Астанаға арналған дыбыс кірістіру.
4. Бекіту сұрақтары:
1. Слайдтарға қандай графикалық объектілерді орналастыруға болады?
2. Презентация деп нені атайды?
3. Слайдқа кесте, сурет қою үшін.
4. Слайдтарды көрсету үшін.
5. Үйге тапсырма.
«Менің достарым!» тақырыбында презентация жасауға жоспар құрып келу.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Презентацияларды құру, безендіру шаблондары, мәтінді құру

Презентацияларды құру, безендіру шаблондары, мәтінді құру

Оқып - үйренудің негізгі мақсаттары: Оқушыларға презентация құруға, суретке, диаграммаға, мәтінге, кестеге анимация қоюды, бетке түс беруді үйрету....
Анимация әсерлерін баптау, презентациялар көрсету

Анимация әсерлерін баптау, презентациялар көрсету

Пәні: Информатика Пән мұғалімі: Сайлыбай Қ. С....
Power Point бағдарламасы (бекіту сабағы)

Power Point бағдарламасы (бекіту сабағы)

Сабақтың мақсаты: Power Point бағдарламасынан өткенді қайталау мақсатында оқушылардың теориялық білімдерін практикалық жұмыстармен ұштастыру ●...
Power point бағдарламасында мәтін құру, суреттер, кестелер, фильм және дыбы ...

Power point бағдарламасында мәтін құру, суреттер, кестелер, фильм және дыбы ...

Білімділік: Оқушылардың MS Power Point бағдарламасында суреттер, мәтін құру, кестелер, фильм және дыбыстар кірістіру туралы түсінік беріп, алған...
Power Point Жан бітірімді баптау

Power Point Жан бітірімді баптау

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы №1 Г. Орджоникидзе атындағы мектеп – гимназия Омарова Айдаргуль Кемелханқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×