Сайтқа кіру Тіркелу

Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту

І. Сабақтың тақырыбы: Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту. Обьектілерді көшірмелеу, орын ауыстыру және жою;

ІІ. Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға файлдар мен бумаларды құру мен іздеу жолын үйрету.
Дамытушылық: Дамыта оқыту негізінде оқушылардың оқу іс - әрекетін белсендіру.
Тәрбиелік: Оқушылардың өз бетінше компьютермен жұмыс істеуге үйрету, еңбекке баулу.
III. Сабақтың түрі: жаңа сабақ
IV. Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар
V. Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі:
А) Сәлемдесу;
Б) Оқушыларды түгендеу;
В) Оқушы құралдарын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақ

Компьютермен жұмыс істегенде көптеген файлдар құруға тура келеді. Егер ол файлдарды тек бір қапшыққа орналастыра берсе онда бара бара ол қапшықтан қажетті файлды тауып алу қиындай түседі. Сондай файлдарды өзіміз жасаған жеке қапшықтарға орналастырған жөн мысалы: барлық суреттерді сурет қапшығына ал ойындарды ойын қапшығына т. с. с. орналастырады. Қапшық құрудың мынадай жолы бар:

Менің компьютерім қапшығын ашыңдар;
С дискісінің қапшығын ашыңдар;
Тышқанның нұсқағышын меню жолындағы файл командасына орналастырыңдар;
Пайда болған созылған менюдің құру командасын шертіңдер, басыңқы меню пайда болады;
Басыңқы менюдегі қапшық командасында тышқанды шертіңдер;
Сонда жаңа қапшық белгішесі пайда болады. Обьектінің атын өзгертудің бірнеше әдістері бар:
Тышқанның сол жақ батырмасын шертіп обьектіні белгілеңдер де қапшық терезесінің менюдегі Файл Переименовать командасын орындаңдар. Обьектінің ескі атының төңірегінде төртбұрышты жақтау пайда болады, оған пернетақтадан жаңа ат іздеп ENTER пернесін басыңдар;

Обьектіні белгілеп, Ғ2 пернесін басыңдар да жаңа ат енгізіңдер немесе ағымдағы атты түзетіңдер. Обьектінің атын өзгерту барысында қателік жіберсеңдер ESC пернесін басып, жаңа атты еңгізуді орындатпауға болады; WINDOWS обьектілермен жұмыс істегенде оларды көшіру немесе бір орыннан екінші орынға жылжыту қажет болады. Обьектілерді көшіргенде обьект бұрынғы орнында қалады, ал жаңа орынға көшірмесі түседі. Қанша көшірме қажет болса, сонша алуға болады. Обьектіні жылжытқанда, ол жаңа орынға орналастырылады да, бұрынғы орында қалмайды. Обьектілерді жылжытумен көшірудің бірнеше жолдары бар: Тышқанның оң жақ батырмасының көмегімен.

Обьектіні қапшықтың терезесінде жылжыту немесе көшіру үшін тышқан нұсқағышын обьектінің үстіне орналастырып оның оң жақ батырмасын басып тұрып жаңа орынға жылжытады да батырманы босатады. Одан кейін экранда динамикалық меню пайда пайда болады, онда келесі: егер көшіру қажет болса КОПИРОВАТЬ; жылжыту қажет болса ПЕРЕМЕСТИТЬ; ал таңбаша жасау қажет болса СОЗДАТЬ ЯРЛЫК командаларының бірін таңдауға болады. Бір қарағанда қажетті емес және аса маңызды емес болып көрінетін обьектілерді жою өте қауіпті қадам. Обьектіні ойланбай жою программаның дұрыс жұмыс істеуіне немесе тіпті жүйенің бұзылып қалуына әкеледі. Жою операциясы тек оқытушының бақылауымен ғана жүргізілуі керек. Обьектіні немесе обьектілер тобын жоюдың бірнеше жолы бар:

Обьектіні белгілеп DEL пернесін басыңдар;

Белгіленген обьектіде тышқанның оң жақ батырмасымен шертіп динамикалық менюден УДАЛИТЬ командасын таңдаңдар;
Обьектіні немесе обьектілер тобын белгілеп қапшық терезесі менюіндегі ФАЙЛ УДАЛИТЬ командасын орындаңдар;
Обьектіні немесе обьектілер тобын таңдап, Жұмыс үстеліндегі СЕБЕТ белгішесіне апарыңдар;
Жоғарыда айтылған әдістердің қайсысын пайдалансаңдар да экранда « Өшіру керек пе қажет пе?» деген сұрау терезесі шығады. Егер сендер ИӘ батырмасын шертсеңдер онда өшірілетін обьектілер автоматты түрде себепке салынады. Кейін оны корзинадан алып, қайта қалпына келтіруге болады. Егер сендер ЖОҚ батырмасын шертсеңдер, онда обьект жойылмайды, бұрынғы орнында қалады. Жоюды қапшық терезесіндегі менюдің Правка Отменить удаление командасын орындап іске асыруға болады.

Сабақты бекіту: кеспе қағаз оқушыларға үлестіріп беру;
Үй тапсырмасы: оқу, мазмұндау
Бағалау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жады, операциялық жүйелердің  жіктелуі және функциялары

Жады, операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары

Сабақтың тақырыбы: Жады, операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары. Сабақтың мақсаты: Терезенің элементтеріне түсінік беру. Білімділік:...
Объектілермен жұмыс істеу

Объектілермен жұмыс істеу

Сабақтың мақсаты: 1. Объектілерді жылжыту мен көшіру ережелерімен таныстыру. Объектілердің атны өзгерту, оларды жою мен қалпына келтіру...
WORDPADбағдарламасын іске қосу

WORDPADбағдарламасын іске қосу

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №2 мектеп - гимназия Информатика пәнінің мұғалімі: Кулмурзина З. Ж....
Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалалар мен белгішелерді құру. Атын өзг ...

Файлдар, бумалар және белгішелер. Бумалалар мен белгішелерді құру. Атын өзг ...

Қостанай облысы, Қостанай қаласының «№10 орта мектебі» информатика пәні мұғалімі Утина Альмара Қажиханқызы...
Раіnt графикалық редакторы

Раіnt графикалық редакторы

БҚО облысы, Орал қаласы №1 Жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Давлеткалиева Актоты Канаткалиевна Сабақтың тақырыбы:...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×