Сайтқа кіру Тіркелу

WORDPADбағдарламасын іске қосу

Тақырыбы: WORDPAD бағдарламасын іске қосу
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылар WORDPAD бағдарламасын іске қосуды толық меңгеріп, кез - келген уақытта құжат құрып жұмыс жасай білулері тиіс. Құрал - саймандар тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру бтырмаларымен танысып, жатқа білулері қажет.
Дамытушылық: Оқушылардың жан - жақты ойлау қабілетін арттыру. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру және өз ойын айтуға, шынайылыққа тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Оқушылардың ой - өрісін, сабаққа деген ынтасын дамыту
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, сөзжұмбақ шешу
Құрал - жабдықтар, көрнекі құралдар: компьютер, карточкалар, оқулық, интер. тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. сәлемдесу
2. оқушыларды түгендеу
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй жұмысын сұрау
1. Өшіргіш құралын пайдалану
2. Команданы орындатпау
3. Суреттерді қалай сақтайды?
4. Команданы қайталау
5. Мәтіні бар суреттерді салу
6. Суреттерді қалай ашуға болады?
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
IV. Жаңа сабаққа кіріспе
V. Жаңа сабақ
VІ. Жаңа сабақты бекіту
VІІ. Қорытындылау
VІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
ІХ. Бағалау
Жаңа сабақ
Қазіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен пайдаланады. Компьютерлер тек баспа машинасының қызметін ғана атқарып қоймай, құжаттарды дайындау процесінде көптеген қосымша мүмкіндіктер береді. Осындай процестерді жүзеге асыру үшін WORDPAD мәтіндік редакторы қолданылады.
WORDPAD мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. WORDPAD құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әртүрлі қаріпті қолдануға, сонымен қатар графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады.
Алайда кейінгі шығып жатқан мамандандырылғн мәтіндік редакторларға қарағанда оның мүмкіндігі төмендеу. Қазіргі кезде кеңіненқолданылп, ең қуатты, мүмкіншілігі мол деп танылып жүрген мәтіндік редакторлардың жаңа түрлерімен сіздер кейінірек таныс боласыздар. Сондықтан WORDPAD (Write) редакторының тек негізгі жұмыс мүмкіндігімен қысқаша түрде танысамыз.
WORDPAD ПРОГРАММАСЫН ІСКЕ ҚОСУ
WORDPAD мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз:
Іске қосу Бағдарламалар Стандартты WORDPAD
Редакторды іске қосқаннан кейін экранға WORDPAD мәтіндік редакторының терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал - саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы. Терезенің көп бөлігін бос кеңістік - жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.
Терезенің тақырып жолында құжат аты және WORDPAD бағдарламасының аты көрінеді.
Құрал - саймандар тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру батырмалары бар. Әрбір батырманың міндетін білу үшін, тышқанның нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төртбұрыш шығады. Батырманың аты оны орындайтын қызметін көрсетеді.
Терезеде орналасқан екінші тақта - бұл Пішімдеу тақтасы. Бұл тақтада да мәтінді пішімдеу командаларына тез қатынау батырмалары орналасқан.
WORDPAD - та құжат құру
WORDPAD қолданбасында құжат құру үшін, төмендегі негізгі сатыларын орындау керек.
1. Қаріп және оның өлшемін таңдау
2. Мәтінді енгізу және редакциялау
3. Мәтінді пішімдеу
4. Құжатты сақтау және ашу
5. Баспаға шығару
1. Ең алдымен қаріпті және оның өлшемін таңдау керек.
Әдетте программа іске қосылған кезде үнсіз келісім бойынша, яғни автоматты түрде орысша және ағылшынша әріптермен мәтінді енгізу үшін Times New Roman қарпі орнатылады. Олардың қажеттісін таңдап алу үшін, пернетақтаның индикаторындағы Ru немесе En батырмаларының бірінде шерту керек.
Мәтінді қазақ тілінде енгізу үшін құрал - саймандар тақтасында Шрифт батырмасын шертіп, Times/Kazakh қарпін таңдап және пернетақта индикаторында Kz батырмасын да шерту керек.
Сонан кейін, айналдыру батырмасында шертіп Размер шрифта (Қаріп өлшемі) батырмасының созылған менюін ашыңдар да, қаріптің қажетті өлшемін таңдау. Ең дұрысы 14 өлшемдегі қаріпті пайдалану.
Қаріпті, өлшемді және әлпетті қатар өзгерту үшін Формат - Шрифт (Пішім - Қаріп) командасын орындау. Сонда экранда қаріп диалогтік терезесі шығады, оған қажетті параметрлерді таңдауға болады.
2. Мәтінді енгізу және редакциялау
Мәтін пернетақтадан енгізіледі. Кейбір пернелер WORDPAD қолданбасында мәтінмен жұмыс істегенде қажет болады. Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде төмен жылжып отырады.
пернесін тек абзац соңында немесе мәтінде бос жол басу үшін басады. Бас әріпті теру үшін пернесін басып тұрып, қажетті әріпті теріңдер. Жолды түгел бас әріппен теру үшін пернесін басып қойыңдар, ал кіші әріпке көшу үшін, оны екінші рет басыңдар.
Егер сендер керек емес әріпті теріп қойсаңдар, онда пернесін пайдаланып қате әріпті немесе символды жоюларыңа болады. Мыслы, «Құжат» сөзін тергенде «т» әрпі екі рет теріліп кетті делік. Бірден пернесін бассаңдар, онда қате әріп жойылады. Егер ол пернені ұзақ басып тұрсаңдар, онда меңзер тұрған орынның сол жағында тұрған мәтін түгел өшеді.
Мәтінді жою үшін, пернесін де пайдалануға болады. Егер меңзерді өшіретін әріптің алдына қойып пернесін басса, оның соңындағы әріп (символ) өшеді. Мысалы, «Құжат» сөзін толық тергеннен кейін, «ж» әрпі екі рет терілгенін байқадыңдар делік. Меңзерді «ж» әріптерінің арасында орналастырып, тышқанның сол жақ батырмасын шертіңдер, содан кейін пернесін басыңдар, «ж» әрпі өшеді. Егер бұл пернені ұзақ басып тұрса, онда меңзердің оң жағындағы барлық мәтін өшеді.
Құжат бойы меңзерді жылжытуға арналған пернелер комбинациялары
Пернелер комбинациясы Міндеті
Меңзерді бір абзацқа жоғары жылжытады
Меңзерді бір абзацқа төмен жылжытады
Меңзерді бір сөзге солға жылжытады
Меңзерді бір сөзге оңға жылжытады
Меңзерді бір бетке жоғары жылжытады
Меңзерді бір бетке төмен жылжытады
Меңзерді ағымдағы жолдың басына жылжытады
Меңзерді құжаттың басына жылжытады
Меңзерді ағымдағы жолдың соңына жылжытады
Меңзерді құжаттың соңына жылжытады
Сонымен қатар айналдыру жолағын да қолдануға болады. Қажетті бағытта жылжу үшін тышқан батырмасын сырғытпада шертіп, оны жібермей отырып, жоғары немесе төмен (оңға немесе солға) жылжытыңдар.
3. Мәтінді пішімдеу
Мәтінмен жұмыс істегенде символдардың әлпетін, яғни жартылай қалың, курсив, асты сызылған түрін таңдауға болады, сонымен қатар мәтінді беттердің шеттері бойынша туралауды қолдануға болады. Мұндай мәтінді (қайта құру) процесі мәтінді пішімдеу деп аталады.
Мәтінді туралау үшін Туралау құралдар тақтасындағы сол жақ шеті, оң жақ шеті, ортасы бойынша туралау батырмалары қолданылады. Бұл командаларды Формат Абзац менюіндегі Туралау өрісінде де таңдауға болады.
Егер Сол жақ шеті бойынша туралауды таңдаса, онда мәтіннің оң жақ шеті түзу болмайды, ал гере Оң жақ шеті бойынша тураласа, онда мәтіннің сол жақ шеті түзу болмайды, ал егер Ортасы бойынша тураласа, онда мәтін парақтың ортасына орналасады да екі жақ шеттері де түзу болмайды.
4. Құжаттарды ашу және сақтау
Құжаттарды теріп болғаннан кейін оған ат меншіктеп беріп, дискідегі файлда сақтау
керек. Файлдың аты оның міндетін көрсетуі тиіс. Файл аты 1 - ден 255 – ке дейін символдан тұруы мүмкін, бірақ практикада көп символдан тұратын аты бар файлмен жұмыс істеу қолайсыз.
WORDPAD бағдарламасының құжатын бірінші рет сақтап қою үшін, Файл менюіне Сохранить как (деп сақтау) комндасын таңдау қажет. Сонда экранда Сохранить как диалогтік терезесі пайда болады. Имя файла (Файл аты) өрісінде файлдың атын енгізіңдер, ал Папка (Қапшық) өрісінде ашылатын тізімнен құжатты сақтағыларың келетін қапшықты таңдау керек.
5. Құжаттарды басу
Құжат құрудың соңғы сатысы - оны баспаға беру. Құжаттың қағазға қалай көрінетіндігін немесе қағазды үнемдеу мақсатында мәтінде принтерге жіберу алдында, Файл - Предварительный просмотр (Алдын ала қарап шығу) командасын орындау керек немесе құрал - саймандар тақтасындағы Предварительный просмотр (алдын ала қарап шығу) батырмасында шертіңдер. Бұл кезде құжат принтерге қандай түрде берілтін болса, экранда сондай түрде көрінеді. Егер сендерге бір ғана принтер болып, бір дана құжаттың көшірмесін басып шығару керек болса, онда баспаға шығару үшін, құрал - саймандар тақтасындағы Печать (Басу) батырмасында шерту жеткілікті.
Бекіту:
1. Құрал - саймандар тақтасы дегеніміз не?
2. WORDPAD - та қалай құжат құруға болады?
3. Енгізілген мәтінді редакциялауға болады ма?
4. Құжатты қалай ашуға болады және оны қалай сақтауға болады?
Сабақты қорытындылау:
Үйге тапсырма беру
Бағалау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Калькулятор бағдарламасы және оның мүмкіндіктері

Калькулятор бағдарламасы және оның мүмкіндіктері

Калькулятор сөзі - латынның calculator – «санағыш» деген сөзінен шыққан. Калькулятор – сандармен немесе алгебралық формулалармен амал орындау үшін...
Мәтінді пішімдеу

Мәтінді пішімдеу

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға құжаттың құрылымы, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжатты құруға, дұрыс сақтауға үйрету; Тәрбиелік:...
Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі

Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі

ОҚО, Сарыағаш ауданы, № 117 "Жолбасшы" жалпы орта мектебінің информатика пән мұғалімі Арипов Бекжан...
WordPad мәтіндік редакторына кіріспе

WordPad мәтіндік редакторына кіріспе

Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторына кіріспе Сабақтың мақсаты:  Білімділік: Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.WordPad...
Құрал-саймандар және пішімдеу тақтасы

Құрал-саймандар және пішімдеу тақтасы

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы. КММ Крупская атындағы орта мектеп-балабақша Информатика мұғалімі: Рахимова Майра Жексембайқызы 7...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×