Сайтқа кіру Тіркелу

Кестелер құру. Кестелерді редакциялау

Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және
біріктіруге үйрету. Оқушыларға кестелерді қоршауды үйрету
Дамытушылық: Жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Әдістері: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы
түсіндіру.
Көрнекіліктер:: Компьютер, оқулық,, практикум, тақта.
Міндеттері:
1. Логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, білім білік дағдыларын
қалыптастыру.
2. Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу
Ә) Ұқыпты, ынталы болуға үйрету
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
Word мәтіндік процессорында кестелерді екі түрлі әдіспен: меню жолындағы Таблица командасының көмегімен және аспаптар панеліндегі Вставить таблицу батырмасын пайдаланып құруға болады. Меню жолынан Таблица " Вставить " Таблица командасын орындасақ экранда Вставка таблицы диалогтік терезесі шығады. (суретте)
Число столбцов опциясының өрісіне кесте бағандарының саны енгізіледі.
Число строк опциясының өрісіне кесте жолдарының саны енгізіледі. Кейін Таблица – Вставить – Строки командасын орындап, жол санын көбейтуге болады.
Ширина столбца өрісінде үнсіз келісім бойынша орнатылған авто параметрін қалдыруға болады, не бағандардың ені бірдей өзгереді.
Кей жағдайларда дайын кестеге баған, жол немесе жекелеген ұяшықтарды қосуға туады. Ұяшық немесе ұяшықтар тобын қосу үшін, алдымен жанына жаңа ұяшық немесе ұяшықтар тобы орналасатын ұяшықты белгілеңдер. Содан кейін Таблица – Вставить – Ячейки командасын орындау керек. Добавление ячеек диалогтік терезесінде жаңа ұяшық кейін не істейтінін: жол, баған қосу немесе ұяшықтарды жылжыту керек екенін көрсетіңдер.
Кестенің жолын, бағанын немесе ұяшығын өшіру үшін, ең алдымен ұяшықтарды ерекшелеп, содан кейін Таблица – Удалить – Ячейки командасын орындап, Удаление ячеек диалготік терезесінде ұяшықтың солға, жоғары ығысуы және жол немесе баған өшірілуі көрсетіледі.
Кестелер тақырыбын құру, ұяшықтарды біріктіру және бөлу.
Бір қатарда бір - біріне жақын орналасқан бірнеше торларды біріктіру үшін келесі әрекеттер орындалады:
- біріктіретін ұяларды белгілеп алу керек;
- Кесте ұяшықтарын біріктіру командасын орындау қажет. Таблица – Объединить ячей.
Ұяшықтарды бөлу.
Таблица – Разбить ячейки командасын орындау керек. Экранға Разбиение ячеек диалогтік терезесі шығады. Осы терезеде бағаналар саны енгізу өрісіне бағаналар санын бейнелейтін жаңа санды енгізіп, ОК - ді басу жеткілікті.
Кестелерді жиектеу.
Word мәтіндік процессоры жеке ұяшықтарға, қатарларға, бағаналарға және толығымен кестеге жақтаулар қосуға мүмкіндік береді. Жақтауды барлық кестеге немесе оның жеке элементтеріне орнату үшін келесі әрекеттер орындалады:
Жақтау ішінен алынатын торларды таңдау
Формат – Границы и заливка командасын орындап, Границы и заливка сұхбат терезесіндегі Граница парағына көшу керек.
Тип тізімінен стиль түрі мен жақтау сызығының қалыңдығын таңдау қажет.
Түс тізімінен сызық түсін таңдау қажет.
Соңында ОК - ді басу керек.
ІҮ. Сабақты бекіту: Бекіту тапсырмалары.
ҮІ. Бағалау: Оқушыларды біліміне сай бағалау.
Ү. Үйге тапсырма: Кестемен жұмыс. Дәптерге «Табиғатқа шыққанда алатын тағамдар» атты кесте құру. Тағамның аты, мөлшері, бағасы, барлығы, осыған шығатын шығынды жазу керек. Әрқайсысын бір бағанға жазу керек. (Әр түрлі әдістерді пайдаланып, кесте құру эл. түрде)
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу

Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруге үйрету. Оқушыларға кестелерді қоршауды...
Мәтіндік редакторда кесте құру, формула енгізу

Мәтіндік редакторда кесте құру, формула енгізу

Сабақтың мақсаты Білімділік Microsoft Word бағдарламасы туралы түсініктерін кеңейту. Өткенді қайталай отырып, білімдерін бекіту, теориялық білімді...
Кесте және оларды қою

Кесте және оларды қою

Информатика пәнінің мұғалімі: Мұхамедин С.Қ. Сабақтың мақсаты Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және...
Microsoft Word кесте құру. Кестелерді пішімдеу

Microsoft Word кесте құру. Кестелерді пішімдеу

СҚО, Шал ақын ауданы, Кеңес орта мектебі Информатика пәнінің мұғалімі: Мұхамедин Сырым Қойшыбайұлы...
Кестелермен жұмыс

Кестелермен жұмыс

Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×