Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды Paint графикалық редакторымен таныстыра отырып, олардың білімдерін жетілдіру.
Тәрбиелігі: Оқушылардың білімін кеңейтіп, тақырыпқа деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылығы: Paint графикалық редакторы жайында негізгі түсініктерін және сурет салу кезеңдерін көрсете отырып, оқушылардың ой - өрісін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, көрсете түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, оқулық, слайдтар.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Оқушылардың назарларын жаңа сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасы.
(сұрақ - жауап әдісі бойынша)
1. Файл дегеніміз не?
2. Жаңа қапшықтарды қалай құрамыз?
3. Дискілерді қалай пішімдейміз?
4. Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?
5. Сурет салу алаңын қалай атаймыз?
6. Түстер палитрасы көмегімен екі түрлі түс таңдауға болады, қандай?(сурет салатын түс және қосымша тус)
7. Paint графикалық редакторы дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ..
Paint сурет салу бағдарламасы әр - түрлі графикалық кескіндерді салуға, редакциялауға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.
Сурет салу кезеңдері мына құралдар арқылы жүзеге асырылады:
Paint графикалық редакторында 16 құрал пайдалануға болады. Олардың міндеттерін білу үшін, маустың нұсқағышын қажетті құралдың үстіне орналастыру керек. Сонда ішіне олардың міндеттері жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады.
Ерікті аймақты белгілеу, құралы бұл қисық пішінді үзіндіні таңдау қызметін атқарады.
Белгілеу құралы, суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады.
Өшіргіш/түрлі - түсті өшіргіш, бұл смуреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған құрал.
Құю (Заливка) құралы, бұл тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсін бояйды.
Түс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе фон түсін, суреттің кез - келген нүстесіне түсіне өзгертеді.
Масштаб құралы, бұл суреттердің жеке үзінділерін үлкейтіп, кішірейтуге мүмкіндік береді.
Қарындаш құралы, кез - келген сызықты әр - түрлі жуандықта сызуға арналған.
Кисть, ерікті сызықтарды салуға арналған кистінің қажетті түрін таңдап алуға болады.
Бүріккіш құралы, пульвизатор эффектісіне жетуге мүмкіндік береді.
Жазу, бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.
Сызық, түзу сызықтар салуға арналған.
Қисық, тегістелген сызықтар салуға мүмкіндік береді.
Тік төртбұрыш, тік төртбұрыштар салуға арналған.
Көпбұрыш, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады.
Эллипс, шеңбер және эллипс салуға арналған құрал.
Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш. Бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді.
Сызықтың қалыңдығын, кисть түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау.
Мұны құралдар жиынының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта жасауға болады. Сызықтардың қалыңдығын бірден бастап, бес нүктеге дейін салуға болады және кисттің, төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады.
Кистінің түсін таңдау.
Сурет салатын түсті таңдау үшін, палитрадаға қажетті түстің төртбұрышына маус нұсқағышынорналастырып, сол жақ батырмасын басыңдар.
Фонның түсін таңдау.
Фонның түсін таңдау үшін, палитрадағы қажетті түске маус нұсқағышын орналасьырып, оң жақ батырмасын шертіңдер. Бұл саты фонды пайдаланып объектілер жасайтын құралдармен жұмыс істегенде қажет (тік төртбұрыш, көпбұрыш, эллипс, дөңгеленген көпбұрыш)
Ал, енді сурет саламыз.
Сурет салуға қажетті құралдарды маус нұсқағышының көмегімен таңдауымызға болады. Paint графикалық редакторының құралдарын пайдаланып, түрлі - түсті сурет саламыз.
IV. Қорытынды бөлім.
Компьютерлеріңе кітаптарыңыздағы
2 - сурет «Тік төртбұрышты салу»
3 - сурет «Бұрыштары дөңгеленген төртбұрыштар салу»
4 - сурет «Шеңберлер мен эллипстер салу» тапсырмасын орындаңдар.
Бұл тапсырманы орындап болғандарың, «Өзің орында» практикалық жұмысқа арналған суреттер. 5, 7, 10, 12, 14, 16 - суреттерді салыңдар. Соған қарап бағалаймын.
V. Үйге тапсырма
4. 2 тақырып. Paint графикалық редакторының құралдарын оқып,
Олардың әр қайсысы қандай міндет атқаратынын жатқа айту.
VI. Бағалау, мадақтау.
Paint графикалық редакторының құралдары
- Nazira
- 11 қаңтар 2014
- 9163
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Paint графикалық редакторының құралдары
Ұқсас жаңалықтар:
Paint графикалық редакторының құралдары
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Көктүбек ауылы "Көктүбек орта мектебі" КММ...«PAINT графикалық редакторы» 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: «PAINT графикалық редакторы» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды графикалық редактор командаларымен, құралдарымен,...Paint графикалық редакторының құралдары
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің информатика пәні мұғалімі: Суюншалиева Шынар Марсқызы...Paint графикалық редакторы
№2 мектеп - гимназия Кулмурзина Замзагул Жораевна Сабақтың тақырыбы: «PAINT графикалық редакторы» Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды...Paint графикалық редакторының құралдары
Жамбыл обл. Жуалы ауданы. Б. Момышұлы ауылы №1 Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның информатика пәні мұғалімі Андабекова Құралай Елепбайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.