Сайтқа кіру Тіркелу

"Бизнесмен-информатик" ойыны

«Бизнесмен - информатик» ойыны

Мақсаты: Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, ой - өрісін жетілдіру, пәнге қызығушылығын арттыру;
Топпен бірлесіп шешім қабылдап, іскерлік дағдыларын қалыптастыруға жағдай тудыру.
Жоспары:
І. «Сергіту сәті»
ІІ. Банкирлер сайысы
ІІІ. Кеңесшілер сайысы
ІҮ. Бақылаушылар сайысы
Ү. Менеджерлер сайысы
ҮІ. Банк президенттері сайысы
ҮІІ. Кассирлер сайысы
ҮІІІ. Сақшылар сайысы
Барысы:
І. Сергіту сәті.
Берілген есептегі санау жүйесін анықтап, ондық жүйеге ауыстыру.
1. Мен 10000 жастамын. 111 жасымда мектеп табалдырығын аттадым. Арманым программист болу.
2. Біздің мектепте 1100011 оқушы бар. Ал, біздің топта 1000 оқушы бар. Біз бүгін сайыста жеңімпаз боламыз деп сенеміз.
3. Біздің мектептің мекен жайы: Абай көшесі № 10111 үй. Мен 1001 класта оқимын. Арманым оператор болу.

ІІ. Банкирлер сайысы. Әр топқа 3 - сұрақтан қойылады.
1. Ең алғашқы матрицалық принтерлер қай жылы шықты? (1971 жылы)
2. Флеш - жадты қай жылы, кім ашқан? (1984 жылы Фудзи Масуона)
3. Ең алғашқы тышқан қолтетігін қашан, қандай фирма шығарған? (1983 жылы Microsoft фирмасы)
4. Ең алғашқы монохромды, қолмен істейтін сканерді қашан, қандай фирма шығарды? (1991 жылы Apple фирмасы)
5. Алғашқы ноутбук - Thinkpad 700C - ті қашан, қандай корпорация шығарды? (1991 жылы IBM корпорациясы)
6. Алғашқы CD - RW дискісін қашан, қандай компания шығарды? (1988 жылы Tandy компаниясы)
7. Алғашқы калькуляторды қай жылы, кім жасап шығарды? (1820 жылы Томас де Кольмар)
8. Ең алғашқы принтер қай жылы, кім жасап шығарды? (1871 жылы Бэббидж)
9. Ең алғашқы 8 - дюймдік «Флоппи - дискіні» қай жылы, кімнің технологиясы негізінде жасап шығарды? (IBM лабораториясының зерттеушілер командасы, 1950 жылы Накамота ұсынған технология негізінде)
ІІІ. Кеңесшілер сайысы. Ақпараттың өлшемін анықтау.
1. «Информатика» сөзінде қанша бит бар? (88 бит)
2. «Математика» сөзінде қанша байт бар? (10 бит)
3. «Технология» сөзінде қанша бит бар? (80 бит)
ІҮ. Бақылаушылар сайысы.
«Иә» - «Жоқ» деп жауап беру керек.
1. Ертеде екілік санау жүйесімен санаған. Тұжырым дұрыс па? (жоқ)
2. Ежелгі Египетте цифрлар иероглиф түрінде таңбаланған. Тұжырым дұрыс па? (жоқ)
3. Римдік санау жүйесі позициялық емес санау жүйесі. Тұжырым дұрыс па? (иә)
4. Араб цифрларын ойлап тапқан арабтар. Тұжырым дұрыс па? (жоқ)
5. Есепшотты қытайлықтар абак деп атаған. Тұжырым дұрыс па? (жоқ)
6. Ежелгі славяндықтарда цифрлардың орнына титл қойылған әріптерді қолданған. Тұжырым дұрыс па? (иә)
7. 1101 саны екілік санау жүйесінде жазылған. Тұжырым дұрыс па? (жоқ)
8. 145С саны 8 - дік санау жүйесінде жазылған. Тұжырым дұрыс па? (жоқ)
9. Қытайлықтар есепшотты суан - пан деп атаған. Тұжырым дұрыс па? (иә)
10. Вавилондықтар «сына жазу», яғни алпыстық санау жүйесін қолданған. Тұжырым дұрыс па? (иә)
11. Сегіздік санау жүйесі позициялық санау жүйесі. Тұжырым дұрыс па? (иә)
12. Алғашқы программист Ада Лавлейс ақын Байронның қызы. Тұжырым дұрыс па? (иә)
13. Экрандағы түрлі - түсті нүктелер пикселдер. Тұжырым дұрыс па? (иә)
14. Логарифм кестесін және есептеу таяқшаларын ойлап тапқан Джон Непер. Тұжырым дұрыс па? (иә)
15. Паскаль есептеуіш машинасын ойлап тапқан Блез Паскаль. Тұжырым дұрыс па? (иә)

Ү. Менеджерлер сайысы.
Берілген есептің блок схемасын сызыңыз.

ҮІ. Банк президенті сайысы. Берілген есеп қандай операторға жататынын анықтап, Паскаль тілінде программа құру.
1. Байқауға бойының биіктігі 180 см - ден кем емес қыздар шақырылды. Әлияның байқаудан өту - өтпеуін анықтаңыз.
Program baikau;
Var x: integer;
Begin
Writeln(‘x - бойының ұзындығын енгізіңіз: ’);
Readln;
If x<180 then writeln(‘Әлия байқаудан өтпейді’)
else writeln(‘Әлия байқаудан өтеді’);
readln; readln;
end.

2. 10 - нан 20 - ға дейінгі сандардың квадраттарының қосындысын шығаратын программа құрыңыз.
Program san_kbadrattari;
Var i, S: integer;
Begin
S:=0;
For i:=10 to 20 do
S:=S+I;
Writeln(‘Қосынды=’, S);
Readln;
End.

3. Адамның жасына қарап, оларды: әлі мектепке бармаған, мектеп оқушысы, жұмысшы, зейнеткер деген төрт топтың біріне жатқызатын программа құрыңыз.

Program toptarga jikteu;
Var jas: integer;
Begin
Wrireln(‘жасыңыз нешеде? ’);
Read(jas);
Case jas of
1.. 6: writeln(‘Әлі мектепке бармағансыз. ’);
7.. 17: writeln(‘Мектеп оқушысысыз. ’);
18.. 62: writeln(‘Жұмысшысыз. ’);
63.. 100: writeln(‘Зейнеткерсіз’);
End;

ҮІІ. Кассирлер сайысы. Санау жүйелеріне ауыстыру.
1. Өзіңнің қазіргі жасыңды 2-лік санау жүйесіне ауыстыр.
2. Барлық топтағы оқушылардың санын 8-дік санау жүйесіне ауыстыр.
3. Мектепте 99 оқушы бар. 16 - лық жүйеде қалай болады?

ҮІІІ. Сақшылар сайысы. Ребус шештірту.
«Ақпараттық технологиялар - өмір талабы»

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Компьютердің шығу тарихы

Компьютердің шығу тарихы

Қазіргі заманда компьютерге ешкім таң қала қоймайды, бірақ оның тарихын көп адамдар біле бермейді. Техниканың дамыған заманында компьютердің шығу...
Есептеуіш техниканың даму тарихы

Есептеуіш техниканың даму тарихы

Есептеу құрылғылары пайда болмай тұрып, адамдар әр түрлі есептеуді жүргізу мүмкіндіктерін іздеді. Бұл үшін олар қол саусақтарын, тастарды, ағаш...
Білім биржасы зияткерлік ойыны

Білім биржасы зияткерлік ойыны

«Білім биржасы» зияткерлік ойыны. Мақсаты: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін...
Үздік информатика тобы

Үздік информатика тобы

Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын арттыра отырып, олардың пәнге деген...
Тапқыр достар

Тапқыр достар

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жалантөс ауылы Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектеп информатика пәні мұғалімі Тажибаева Шолпанай Бибитовна Мақсаты:...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×