Сайтқа кіру Тіркелу

Шартты оператор тақырыбына жаттығу жұмыстары

Сабақтың тақырыбы: Шартты оператор тақырыбына жаттығу жұмыстары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тармақталу операторлық командаларын бағдарламада дұрыс қолданылуын үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ой-өрісін дамыту, компьютерлік сауаттылығын, сабаққа қызығушылығын, тапқырлығын, біліктілігін арттыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, жылдамдыққа, шыдамдылыққа, компьютерді өз мақсатында дұрыс қолдану мәдениетіне тәрбиелеу.
Болжамдап отырған нәтиже: Лекцияда өтілген тақырыптарды толық меңгеріп, оларды есепте дұрыс қолдана білуі керек.

Сабақтың типі: Пысықтау сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Компьютермен жұмыс, тест, сұрақ-жауап, ойын, деңгейлік тапсырмалар.
Көрнекі құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, бағалау кестесі.
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру. (2 мин)
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру. (6 мин)
«Портрет» атты ойын жарысы.
Қорытындылау.
III. Есептер шығару. (12 мин)
1. Компьютермен, тақтамен және дәптермен жұмыс (есептер шығару).
Қорытындылау.
Ойын «Өзен».

ІV. Деңгейлік тапсырмалар. (20 мин)
1 деңгей. Есепті Паскаль тіліне аудару.
2 деңгей. 1-деңгейде берілген есептің бағдарламасын құрып, нәтижесін
компьютерде көрсету.
V. Көзге жаттығу жасау. (2 мин)
3 деңгей. Электрондық оқулықтағы тест жұмысы.
Шығармашылық деңгей. Электрондық оқулықтағы тапсырманы орындау.
Қорытындылау.

VI. Қорытындылау, бағалау. (2 мин)
VII. Үйге тапсырма. (1 мин)
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабақтың тақырыбын айту.
2. Сабақтың барысымен таныстыру.
II. Үйге берілген тапсырманы тексеру:
«Портрет» атты ойын жарысы. Тақтада сызылған блок-схема бөліктерге бөлінеді. Әр бөлікке сұрақ жазылады. Сұрақтарға дұрыс жауап берілсе, тиісті орынға қойылады. Әр оқушы бір-бір сұраққа жауап береді. Жауап 2 ұпаймен бағаланады.
Есеп. Төмендегі берілген есептің блок-схемасын құрастыру керек.
х + 2, x<0;
у =

2x3, x≥0.
жоқ иә
Блок-схеманы құрастыру үшін төмендегі сұрақтарға жауап беру керек.
1. Сұрақ: Алгоритм құрылымына қарай қаншага бөлінеді?
Жауап: Алгоритм құрылымына қарай үшке бөлінеді: сызықтық, тармақтық, циклдық болып.
2. Сұрақ: Тармақталу командасының қанша түрі бар?
Жауап: 2 түрі бар (толымды және толымсыз)
3. Сұрақ: Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады?
Жауап: 3 бөліктен, программаның тақырыбы, сипаттау бөлімі, операторлар бөлімі.
4. Сұрақ: Var операторының қызметі қандай?
Жауап: Айнымалыларды сипаттайды.
5. Сұрақ: Шарт деген не?
Жауап: Жауабы «иә» немесе «жоқ» болатын ұйғарым.
6. Сұрақ: Серия деген не?
Жауап: Паскаль операторларының тізбегі.
7. Сұрақ: Шартты оператордың программада жазылуын көрсетіңіз?
Жауап: If шарт
then 1-серия
else 2-серия;
end;
8. Сұрақ: Толымсыз оператордың блок-схемасын көрсетіңіз.
Жауап: If шарт
then серия
end;
Қорытындылау. Жалпы шартты оператор туралы айту, бағалау кестесін толтыру.

III. Есептер шығару.
Компьютермен, тақтамен және дәптермен жұмыс (есептер шығару). Жоғарыда берілген блок-схемаға программа құрып, нәтижесін компьютерде көрсету.
Программа мәтіні:
program E1;
var x, y: real;
begin
write (‘x енгіз:’);
readln (x);
if x<0
then y:=x+2
else y:=2*sqr(x);
writeln ('y=’,y);
end.
Қорытындылау.
«Өзен» атты ойын жарысының шарты.

Бірінші отырған оқушы информатикаға байланысты бір сөз айтады, келесі оқушы сол сөз қай әріппен аяқталса, сол әріптен басталатын информатикаға байланысты сөз айтады. Осылайша судың ағыны сияқты топтың әр қайсысы сөз айтып шығады.
ІV. Деңгейлік тапсырмалар. (20 мин)
1 деңгей. Берілген есепті Паскаль тіліне аудару.
S = M = 2,13y +
2 деңгей. 1 деңгейде берілген есептің программасын кұрып, нәтижесін компьютерде көрсету.
V. Көзге жаттығу жасату.

Ортаға бір оқушының айтуымен жаттығу жасалады.
Бірнеше ондаған минут қозғалмай отырып компьютермен ұзақ уақыт бірсарынды жұмыс істеген кезде жағымсыз сезім, дене ұйығандай болып, шаршау пайда болады, көз талады.
Көздің талуын болдырмау жаттығулары:
1. Қаламсаптарымызды қолымызға ұстап тұрып созамыз, қаламсаптың ұшынан төмен қарай, төменнен жоғары қарай 4-5 рет көз жүгіртеміз.
2. Өзіміздің мұрнымыздың ұшына 4-5 рет қараймыз.
3. Сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта көзді 4-5 рет айналдырамыз.
4. Көзімізді оңға-солға, жоғары-төмен 4-5 рет қараймыз.
5. Өзіміз отырған бөлемін оң бұрышан сол бұрышына, сол бұрышынан оң бұрышына 4-5 рет көз жүгіртеміз..
3 деңгей. Электрондық оқулықтағы тест жұмысы.

1. Паскальда бағдарлама қандай кызметші сөзбен басталады ?
1) begin 2) var 3) program*
2. Өрнектің мәнін табыңыз: х=3 болған жағдайда sqr(sqr(х))=...
1) 9 2) 81* 3) 27
3. Бөлінді қалдығын табу үшін қандай функция қолданылады?
1) DIV 2) mod* 3) abs
4. Паскаль бағдарламасында айнымалыларды сипаттау бөлігі қандай қызметші
сөзбен басталады?
1) Begin 2) Var* 3) Program
5. Турбо Паскаль бағдарламасында циклдың қанша түрі бар?
1) 1 2) 2 3) 3*
6. Өрнектің мәні неге тең 19 div 4?
1) 3* 2) 4 3)19
7. Бүтін типті айнымалылар ... дейінгі аралықтағы мәндерді қабылдай алады
1) -32 768-ден 32 767-ге*
2) 0-ден 32768-ге
3) -2 147 483 648-ден 2 147 483 647-ге
8. Блок-схемада ромб нені білдіреді?
1. мәліметтерді өңдейді
2. нәтижені шығарады
3. шарт беріледі*

9. Шартты операторда шарт қандай операторға жазылады?
1) While 2) If* 3) Fог
10. Программаның мына бөлігі нені есептеп тұр? Мәні қандай?
1) -2 -ден 5-ке дейінгі сандардың көбейтіндісін, мәні 15
2) -2 -ден 5-ке дейінгі сандардың қосындысын, мәні 15
3) -2 -ден 5-ке дейінгі сандардың қосындысын, мәні 12*
Шығармашылық деңгей. Электрондық оқулықтан тапсырмаларды орындау.
Қорытындылау.

VІ. Бағалау. Жұмыстарын тексеріп, бағалау кестесіне енгізіп санап шығу, оқушыларды бағалау.
VІІ. Қорытындылау.
VIII. Үйге тапсырма: Оқулықтағы 3.5. тақырып, 76-83 бет, №9 жаттығу, 89 бет.
Білім рейтингісі:
1. «Портрет» ойыны 1 тапсырма х 2 ұпайдан = 2 ұпай
2. Есеп шығару 1 тапсырма х 3 ұпай = 3 ұпай
3. Өзіндік жұмыс:

I деңгей. 1 тапсырма х 5 ұпай = 5 ұпай.
ІІ деңгей. Берілген есептің бағдарламасын құру және компьютерден жауабын алу.
2 тапсырма х 3 ұпай = 6 ұпай.
ІІІ деңгей. Тест жұмысы. 10 тапсырма х 1 ұпай = 10 ұпай.
Шығармашылық деңгей. 10 тапсырма х 1 ұпай = 10 ұпай
Баға рейтингісі:
31-36 ұпай - «5»
23-30 ұпай - «4»
15-22 ұпай - «3»
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Беттері дөңгелек пішінді нәрселердің аксонометриялық проекциясы

Беттері дөңгелек пішінді нәрселердің аксонометриялық проекциясы

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Юрий Гагарин атындағы орта мектебінің сызу, технология пәні мұғалімі Қалиев Жандос Байбатырұлы...
Шамалар

Шамалар

Қызылорда қаласы №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жақсыбаева Гүлдана Бауыржанқызы...
Төртбұрыштардың аудандарына есептер шығару

Төртбұрыштардың аудандарына есептер шығару

Сегізінші сыныпқа геометриядан төртбұрыштардың аудандарына есептер шығару. әртүрлі формулалаларды қайталау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар...
Ондық бөлшектерді қайталауға есептер шығару

Ондық бөлшектерді қайталауға есептер шығару

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қабанбай ауылы. Б.Майлин атындағы орта мектебі Математика пәнінің мұғалімі: Юсбекова Анар Пазылбекқызы...
Тармақталған алгоритмдер

Тармақталған алгоритмдер

Кадырова Светлана Сабитқызы Жуалы ауданы, Жамбыл облысы, Б.Момышұлы ауылы №1 Г.Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназиясы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×