Сайтқа кіру Тіркелу

Мұнай және мұнай өнімдері

Сабақтың тақырыбы: Мұнай және мұнай өнімдері.
Сабақтың мақсаты:
• Қазақтың қара алтыны атанған мұнайдың құрамы мен жер қыртысында таралуына тоқталу,туған өлкедегі қазба байлықтар мекенін таныстыру.Қазақстанның мұнай өндіретін орындарымен таныстыру.
• Қоршаған ортаны қорғауға,табиғатты сүюге тәрбиелеу.
• Жалпы танымдық қабілетті,сабаққа деген қызығушылықты арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сурақ – жауап,кестемен жұмыс,баяндау,иллюстрация,репродуктивтік әдіс.
Пәнаралық байланыс: Тарих,география,биология.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, лабараториялық мұнай құймасы.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру.
ІІ. «Мағнаны ашу» Мұнай және оның құрамына, таралуына және қасиеттеріне түсініктеме.
Мұнайдың құрамы
Аромат көмірсутектер
Алкандар
Циклоалкандар
арендер
циклопентан
циклогексан

Мұнай құрамында бұлардан басқа да қосылыстар кездеседі. Оларға: сілтілік жер металдар,минералдар,тағыда басқа типтік металдар. Кездесетін кен орнына байланысты мұнайдың сапалық құрамы да,сандық құрамы да әр түрлі болады.Жоғары көрсетілген кестеге сәйкес мұнай құрамында кездесетін көмірсутектерге байланысты: парафинді, нефтенді, ароматты деп ажыратуға болады.Мысалы,Мақат мұнайы – нефтенді көмірсутектерге бай, Жетібай мұнайы парафиндерге бай.Жер астынан өндіріліп алынған мұнайда су көп болады оны шикі мұнай деп атайды.Шикі мұнайды суынан және қосалқы газдардан тазартып өңдеуге жібереді.

Физикалфқ қасиеттері: Мұнай қара қоңыр түсті,өзіне тән иісі бар, май тәріздес,қоймалжың сұйықтық.Суда ерімейді,бірақ органикалық еріткіштерде ериді.Судан жеңіл,жанғыш зат.(neft – парсы тілінде тез от алғыш зат деген мағнаны білдіреді.)

Мұнайды өңдеу әдістері:
• Физикалық әдіс: мұнарада мұнайды фракцияларға бөлу.ол мұнайды айдау әдісі деп аталады.
• имиялық әдістер: ауыр көмірсутектерді бөлшектеу арқылы жеңіл көмірсутектер алу немесе крекинг процесі және көмірсутектерді ароматтандыру немесе риформинг әдісі.
Мұнайды айдау кезінде түзілетін өнімдер



Газ  С1  - С4(60С0)                          Бензин С5  - С11(60 - 200С0)
лигроин С8  - С14(150 - 250С0)             керосин  С12  - С18(180 - 300С0)
газойль    С14  - С20(250 - 450С0)         мазут гудрон    С20(500С0)


Мұнай өнімдерін белгілі бір қысымда үлкен молекулалы көмірсутектерді қайта өңдеу арқылы бензинді құрайтын кіші молекулаларға айналдыруды крекинг әдісі деп атайды. Бұл процесті роыс ғалымы В.Г Шухов ұсынған.
Мұнайды бөлу әдістері.
Сутектену
кристалдау
крекинг
экстаркция
ретификация
абсорция,
адсорбция

Мұнайды құрамындағы көмірсутектердің қабілетті реакциялары


Сутектену
Изомерлену
Сутексіздену
Полимерлену
Алкилдену
Полициклдену
Қазақстандағы кен орындарына тоқталу.
ІІ. «Қызығушылықты ояту» Сауалнама:
• Қазақстанның мұнайға бай аймақтарын атаңыз?(Атырау,Ақтөбе,Орал,Маңғыстау,Ақтау)
• Ашық түсті мұнай өнімдеріне не жатады?(бензин,лигроин,керосин,газойль)
• Детонация деген не?(бензиннің қопарлыс түрінде жануы)
•Мұнай өнімдерін жоғары температурада крекингілеу. (пиролиз)
• Мазуттың айдалмайтын бөлігі?(гудрон)
• Газойлдан не өндіріледі? (дизель)
ІІІ. «Білімді бекіту» Химиялық диктант
• Крекиг сөзі ағылшын тілінен аударғанда - - - - - - деген мағынаны білдіреді.
• Мұнайды айдауға арналған қондырғы -- - - бөліктен тұрады.
• Бұл қондырғыны --- --- немесе - - - - деп атайды.
• Мұнай бетін бүркеп тұратын газдар - -- -- - деп аталады.
• Мұнайды ароматтау процесін - - - - - деп атйды.
IV. Альтернативтік тест бұл тест жұмысы сыныптағы барлық баланы бағалауға мүмкіндік береді. Егер оқушы сіздің оқыған сұрағыңызғы келіссе «+» таңбасын,келіспесе «-» таңбасын қояды.
• Өнеркәсіптік крекинг әдісі орыс ғалымы В. Г.Шухов ұсынды. « +»
• Мұнай суда ерімейді «+»
• Ректификациялық бағананы биіктігі 35 м. дей болады. « +»
• Бензинді ароматтау үрдісін кокстеу деп атайды «-»
• Бензиннің қопарлыс түрінде жануы тотығу деп те аталады. «+»
• Машиналарды тез оталдыру үшін газды бензинді кәдімгі бензинге араластырады. «+»
VІ.Үйге тапсырма. Бағалау.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Химия, мұнай, крекинг
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×