Химиялық элементтер туралы жұмбақтар
1. Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде
Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге
(су)
2. Ол болмаса астың дәмі кірмейді,
Кім бар екен әлемде оны білмейтін
(Тұз)
3. Оттекті, оттексіз боп бөлінеді,
Бәрі тек бір элементтен басталып.
(Қышқыл)
4. Теріні де, матаны да күйдірер,
Қызыл лакмус онда түрі көгерер.
5. Исі, дәмі де жоқ ұсталмайды,
Ол болмаса, тіршілік өмірде жоқ.
Ол болмаса отын да тұтанбайды,
Қалады қарауытып көмір боп шоқ.
(Оттегі)
6. Табылған соң жерден 105 элемент
Жерді үлкен дене дейміз керемет.
Бірақ бөлсек әрқайсысына еншісін
Екеуіне төрттен үші келер еді.
Атаңдар сол элементті
Құрап тұрған кереметті
(оттегі және кремний)
7. Бірі жанып, бірі қолдап жануды,
Екі элемент, бізге бұрын танылды.
Өрт болып еді, сөндіруге көп адам,
Қосылысын алып соған ағылды.
(оттегі, сутегі және су)
8. Салмағың бар өлшесем,
Көрінбейсің көзге сен
(Ауа)
9. Тоң май деп, ұстап жүрме кетіп,
Денеңді күйдіретін күлдіретіп,
Ерітінді мөп мөлдір, судан тұнық
Алатын майға қосып, сабын етіп
(натрий гидроксиді)
10. Ауаны шарлап кездеседі,
Таза күйде пайдасыз,
Білгіш болсаң айта ғой
Қосылысы - өмір өзегі.
(Азот)
11. Болмаса да айқын түсті - тұманды,
Иісі бар көңіл ашар ұнамды.
«Шаттандырғыш» қандай газды білесің,
Кім айтады қосылысын нанымды.
(Азоттың шала тотығы - N2O және оттегі)
12. Өсімдікке нәр беріп, қуат болған,
Өнімі артып егістің қырман толған.
Бұл қандай зат! Қанындай өсімдіктің
Беретұғын химиктер жасап қолдан?
(Азот, фосфор, калий тыңайтқыштары)
13. Кейде тас тіледі, мықты боп болаттан да,
Кейде жұмсақ қолға алсаң, қалар таңба,
Барма элемент осындай табиғатта,
Аташы тағы ойланып ұзақ таңға.
(көміртегінің түр өзгерісі - алмаз бен графит)
14. Сыныптан бір шықпайды.
Тимесең жұқпайды.
Жәрдемсіз бұл заттың
Оқушы сабақ ұқпайды.
(Бор. Көмір қышқылының кальций тұзы)
15. Табылса бұрын там - тұмнан
Қазір әрбір өлкеде,
Қымбат болды алтыннан
Қандай металл ертеде
(Алюминий)
16. Алтын менен күмісті кім білмейді,
Қолда барда қуанып кім күлмейді.
Химиктерге жақпайтын бір сыры бар
Әрқашан «жаман металл» құрғыр дейді.
(активті металл)
17. Қымбат деп айтатындай емес алтын,
Сонда да тапты игілік одан халқым.
Апарып айға елімнің туын тікті,
Жемісін ақыл - ойдың елдің салтын
(Темір)
18. Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық,
Буланбас, қайнатсаң да отынды үйіп.
Көрсететін суықты, жылуды анық
Қандай зат құрал жасар соны құйып?
(сынап)
19. Ақ түйір айналады тыныш таппай,
Жүргендей су бетінде орын жоқтай, бұл не?
(Na)
20. Сулы болса - көгерер,
Сусыз болса - Ағарар.
Бұл қай тұз балалар?
(CuSO4)
21. Фосфор жақсақ будақтап
Ақ түтін түзеді.
Ол түтінді су сорып,
Қандай қосылыс түзеді
P + O2=P2O5
22. Су бетінде безектеп,
Металл натрий жүзеді.
Ең соңында жоқ болып,
Қандай қосылыс түзеді?
Na + H2O= NaOH + H2
23. Денесіне су тисе бұрқырап, ашуланар,
Әркім оны өз үйінде пайдаланар.
24. Тыңайтқыштардың біріміз,
Кейбіреуіміз дәріміз.
(Галогендер)
25. Газбын өткір иісті,
Салмағым ауыр ауадан.
Өткен талай соғысты,
Тұншыққан менен көп адам.
Суды микробтан тазартам,
Мақтаны қардай ғып ағартам.
Жап - жасыл газ боп алынам6
Адамға мен бағынам.
(Хлор)
26. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
(Ауа)
27. Аспанда ай - әкім
Жерде адам әкімі?
(Күміс)
28. Жазылуы бойынша оқысаң элементпін
Ал керісінше оқысаң өткізгішпін.
Ойлаңдаршы сонда мен кіммін
(Мыс - сым)
29. Менделеев кемеңгерім
Өз орнымды белгілепті.
Мені қымбат демеңдер тым,
Заттың нарқын ел біледі
(Алтын)
30. Алғаш болды белгілі
Күнде қандай элемент?
Одан кейін біз оны
Жерден тауып зерттейік
(Гелий)
31. Кейде қатты тас тілген болаттан да,
Кейде жұмсақ қолға алсаң қалады таңба.
Барма элемент осындай табиғатта,
Аташы тағы ойланып, ұзақ таңға?
(Алмаз)
32. Ақ түйір айналады тыныш таппай
Жүргендей су бетінен орын жақпай
Аздан соң суға сіңіп жоқ болады.
Оқушым ал ойланған қойма таппай
(Натрий)
33. Түсі де жоқ көрінетін тұманды
Иісі де жоқ көңіл ашар ұнамды.
Көңілдеткіш қандай газды білесің
Қасиетін осының ұға алшы
(азоттың шала тотығы)
34. Бір элемент бар инертті газдар текті
Топтары өзінше бір орын тепті.
Басқалары пысық па?
Соны ғана неліктен еріншек деп атап кетті.
(аргон)
35. Су бетінде қалықтап қандай металл жүзеді?
Айтшы ойланып денеңде жетпейтін қай тұз еді?
(ас тұзы)
36. Көгілдір түгі бар
Тас балқытар күші бар
(Газ)
37. Сұйықтан да тазамын,
Басамын жер тозаңын.
«с» орнына «б» қойсаң
Бозғылт боп тозамын
(Су - Бу)
38. Ақпан көрпе жамыламын,
Көктемде сайға ағыламын.
Өзгерсе егер алғашқы әріп
Жер қойнынан табыламын.
(Қыс - Мыс)
39. Түнде үйге керек нұр,
Шашып тұрады....
(Электр)
40. Бірінші буыным «қабылда»
Екінші буыным «шараппен улану» мағына
Ал өзім улы тұзбын
Ойланшы, сонда мен кіммін
(Алмаз)
41. Бірінші бөлігім, көп емес дегенді білдіреді,
Екінші бөлігім тілсіз жау
(Азот)
42. Бірінші бөлігім тасқын су,
Екінші бөлігім малға салынатын ен
(селен)
43. Қоссаң кірді кетіріп,
Ішсең тәбет келтіріп,
Шыны ыдыста тұрғаны,
Асхана үй тұрағы
(Сірке суы)
44. Жалыны бар түтіні жоқ
Ыдысқа күйе қонбайды
Қандай отын ойланшы сен
Жанса күлі қалмайды.
(Газ)
45. Судан шығады, судан қорқады.
(Тұз)
46. Қара жер адамзатқа болған мекен
Қазына іші толған, әр түрлі кен.
Ішінде жүз мың түрлі асылы бар,
Солардың ең артығы немене екен.
(Темір)
47.
Ең жеңіл элемент саналады, периодтық жүйе осыдан басталады.
(Сутек)
48. 1. Қара металлургиямын, жанамын,
Машина, трактордың қанымын.
VIII В топшада болсам да,
Металл атаулының көп қолданылатын санымын
(темір)
49. Менделеев ауылы, алтыншы көшесінде тұрамын
Әр түнде адамдармен жүздесіп тұрамын
Мені балқыта алмай қиналады көбісі
Қазақстан – әлемде кенім жөнінен бірінші
(вольфрам)
50. Ертеден белгілі жетеудің бірімін
Электроника саласында ірімін
Көптеген құймаларға кіремін
Әдемілігі жөнінде алтынмен тең жүремін
(мыс)
Химиялық элементтер туралы жұмбақтар
- АРМАН
- 29 наурыз 2015
- 88653
- 0
- 0
Ілмек сөздер: химиялық әлементтер туралы жұмбақтар жинағы
Ұқсас жаңалықтар:
Химиялық биатлон
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру шапшаңдылыққа, ептілікке, ұйымшылдыққа баулу мақсатында Химия пәнін спорттық ойындармен байланыстыра отырып,...Химия тұрмыста
Мақсаты: Оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойын арқылы пәнге деген қызығушылығын ояту. Сабақ түрі: Сайыс сабағы....Химия ғажайыптары
Химиядан оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында сыныптан тыс жұмыстардың атқаратын рөлі зор. Сондай сыныптан тыс жұмыстардың...Зерделілер марафоны
ШҚО, Ұлан ауданы, Манат ауылы, Қ. Ақжолов атындағы негізгі мектеп химия биология пәнінің мұғалімі Бакижанова Маржан Калимовна...Ғажайып химия
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, С.Шапағатов елді мекені № 1 мектеп - лицейінің химия пәні мұғалімі Мархабаева Ақмарал Аймұратқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.