Сабақтың мақсаты: фосфордың аллотропиялық түр - өзгерістері және олардың физикалық қасиеттеріндегі ұқсастықтары мен айырмашылықтары және химиялық қасиеттерімен таныстыру.
Құралдар мен реактивтер: қызыл фосфор, құты, зат жағатын қасық, спирт шам, су, лакмус, метилоранж, P₂O₅, H₃PO₄, Na₃PO₄, AgNO₃, NaOH.
Сабақтың барысы. I. Өткен сабақты қайталау. Мұғалім өзінің қалауы бойынша сұрақтар даярлауына болады.
1. Азот қышқылының қолданылуын айтып беріңдер.
2. Азоттың табиғаттағы айналымын мысалмен түсіндіріңдер және жұмыс дәптеріндегі сәйкес тапсырманы орындаңдар.
3. Нитраттар айырылғанда қандай заттар бөлінеді?
Бұларға қосымша мұғалім параграфтың соңындағы сұрақтарды немесе жұмыс дәптері және есептер мен жаттығулар жинағын пайдалануына болады.
II. Жаңа сабақты оқып - үйрену.
Фосфор атомының химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі (х. э. п. ж.) орны және ашылу тарихын айту үшін алдын ала оқушыларға тапсырма беріледі.
Мұғалімнің жетекшілігімен оқушылар фосфордың периодтық жүйедегі орны: протон, нейтрон, электрон саны, валенттік электроны, тотығу дәрежесі және фосфордың бейметалл екені туралы периодтық кестені пайдалана отырып айтып береді. Табиғатта фосфор тек қосылыс түрінде кездесетіні айтылады. Фосфор атомның кристалдық торын қарастырып, ақ, қызыл, қара фосфор жайлы(7 - кесте) олардың аллотропиялық түр өзгерістерін салыстыра отырып түсіндіру қажет. Тәжірибелік көрсетілім: қызыл фосфордан аздап темір қасыққа салып оны қыздырса, фосфор түтіндене жанып Р2О5 қышқылдық оксид түзеді. Оны суда еріткенде қышқылға айналатынын ескере отырып, реакция теңдеуін жазады:
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.