Пәні Химия
Тақырыбы Күкірт және оның қосылыстары
Түйінді идеялар Күкірт ауада жанғанда, күкірт (ІҮ) оксиді түзіледі. Химия өнеркәсібінің наны - күкірт қышқылы.
Мақсаты: Күкірттің (IV),(VI) оксидтері, күкіртсутек, күкірт қышқылының таңбаларын білу
Күкірт қосылыстарының физикалық, химиялық қасиеттерін, алыну жолдарын, қолданылуын түсіну, күкірт қосылыстарының формулаларын қолдан жасау арқылы алған білімдерін қолдану
Әдіс - тәсілдер Топтық, жұптық, жеке жұмыс
Күтілетін нәтиже Оқушылар өз ойларын жүйелеп жеткізеді, бір - бірін мұқият нығыздап, толықтырып, өзара сыйластық, ынтымақтастық ахуалды қалыптастырады, критерий арқылы бағалай алады, қатемен жұмыс жасайды, ортақ қорытынды шығарады.
Тапсырмалар 1. Ынтымақтастық атмосферасын құру (Мен сізді таныстырғым келеді)
2. Өткен сабақты қайталау (сұрақтар қою), иә, жоқ тестісі
3. Тақырыпты ашу(зертханалық жұмыс жасау)
4. Топқа бөлу(күкірт қосылыстары арқылы)
5. Топтық жұмыс: джигсо - 2 әдісі арқылы
6. Сыни сұрақтар қою
7. Күкірт қосылыстарының макетін жасау(жұптық жұмыс)
8. Аяқталмаған тезис(жеке жұмыс)
9. Блум таксономиясы
10. Кері байланыс
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі 1. Ынтымақтастық атмосферасын құру: Мен сізді таныстырғым келеді
2. Сұрақ қою түрлері(бастама, жауап, кейінгі әрекет, түрткі, сынақтан өткізу, қайта бағыттау), иә, жоқ тестісі
3. Топқа бөлу
Тақырыпты ашу (білу) Күкіртті ауада жағу, суға салу, осы процесті оқушылардан сұрау арқылы тақырыпты ашу
Мағынаны тану(түсіну) Джигсо - 2 әдісі арқылы топтық жұмыс, постерлер қорғау, топтар бір - бірін екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалайды
Сыни сұрақтардың түрлерін қою
Жұптық жұмыс(қолдану) Тақырып аясындағы күкірт қосылыстарының шарөзекті моделін жасау, бұл әрекетті бағдаршам арқылы бағалау
Жеке жұмыс Аяқталмаған тезис
Аяқталмаған тезис:
Күкіртсутектен.......................... иісі шығады. Табиғатта..................... атқылағанда кездеседі. Онымен тыныс алғанда............. байланысып,...... ауруын туғызады. Ауада........... жанады. Күкіртсутек.................. химияда
қолданылады.
Күкірт(ІV) оксиді -..................... иісі бар. Сумен әрекеттесіп,............. түзеді. Күкірт ангидриді сумен әрекеттесіп,................ бөле жүреді. Кейде оны................. майы деп атайды. Күкірт қышқылына ағаш жаңқасын, қантты салса,.................. Кернеу қатарындағы сутектің оң жағындағы металдар................... ерімейді.
Күкірт қышқылына реактив -......................... Күкірт қышқылы қолданылуы бойынша............... орында. Күкірт қышқылының тұздарын............................ деп атайды. Барий, қорғасынмен уланғанда.............................. у қайтарғыш ретінде қолданады. Маталарды бояғанда басытқы ретінде................... қолданады.
Тері илеуде, бояу ісінде........................ қолданады.
Жеке жұмыс Блум таксономиясы бойынша тапсырма беру
Білу: Күкірт қосылыстары жайлы не білдің
Түсіну: Қасиеттерінен не түсіндің
Қолдану: өзгерісті орында Күкірт - күкірт(ІV) оксиді - күкірт(VI) оксиді - күкірт қышқылы - натрий сульфаты
Талдау: Күкірт қышқылы мен күкіртсутекті салыстыр
Жинақтау: Барий сульфатын ішек пен асқазанның рентгеноскопиялық зерттеулерінде қолданғанда, оның қандай қасиеттеріне сүйенеді
Бағалау: Автомобильдің аккумуляторына құю үшін қажетті күкірт қышқылының 35% - тік ерітіндісінің (тығыздығы 1, 260г/л) 6 литрін дайындау үшін 98%- тік концентрациялы күкірт қышқылы(тығыздығы 1, 84г/л) мен судың қандай көлемдері қажет
Рефлексия
Не қиын болды
Не ұнады
Нені өзгертер едің
Күкірт және оның қосылыстары
- Болатқызы Салтанат
- 25 қараша 2014
- 15768
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Күкірт және оның қосылыстары, химия сабағына арналған жоспар
Ұқсас жаңалықтар:
Күрделі эфирлер
Мақсаты: Күрделі эфирлердің алыну жолдары, физикалық және химиялық қасиеттері туралы жаңа білім қалыптастыру, реакция теңдеулерін жаза білуге...Негіздер
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қарасу ауылы, Қарасу ОЖББМ - нің химия пәні мұғалімі Досатова Құралай Қыдырқызы...Күкірт оксидтері
Ақтөбе қаласы, №40 орта мектептің химия және биология пәні мұғалімі Адиева Гүлмира Өксікбайқызы...Қышқылдардың химиялық қасиеттері
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектеп Химия пәнінің мұғалімі Турысбекова Гульмира...Күкірт қышқылы өндірісінің жанасу әдісі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылы №94 орта мектептің химия пәні мұғалімі Асан Гүлзада...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.