Сайтқа кіру Тіркелу

Таза болса табиғат, аман болар адамзат (биология, химия және өзін-өзі тану пән бірлестігі апталығының ашылу жиыны )

Мақсаты:
Оқушылардың ізденімпаздығы мен танымдық әрекеттерін шығармашылыққа бейімдеу. Халықаралық химия жылы, Қазақстан өндірісінің дамуы туралы оқушыларға кеңнен насихаттау, сонымен бірге экологиялық тәлім – тәрбие беру.
Көрнекіліктер:
Химия, экология, ауылымыздағы химиялық өндіріс туралы бейне материал, слайдтар.

1. Апталық жоспарымен таныстыру
2. Пәндер туралы оқушы тақпақтары

 Өзін - өзі тану
Аңса, жаным 7 сынып оқушысы: Мұрат Ақерке.
1.Мен тілеймін,жарқыным,сен де тіле,
Орнасын де жақсылық жер бетінде.
Аққу тіле айдынның келбетіне,
Айдын тіле аққуды тербетуге.

2. Мен аңсаймын,сен дағы аңса,жаным,
Жайлап ескен жақсыдан жан самалын.
Аңса,жаным,зарығып шарша,жаным,
Қанша ғұмыр қалса да,қанша амалың.

3.Мен сағынсам,сен дағы сағын,жаным,
Тек жақсылық адамнан табылғанын.
Алакөзсіз,ашусыз бауырлардың
Алқам-салқам аңсаймын қауымдарын.

4.Болса дағы көңілім қанша жарым,
Білінбейді солармен шаршағаным.
Жайлап ескен жақсыдан жан самалын,
Аңса,жаным,жабықпай аңса,жаным.

8 сынып оқушысы: Әбдіқайым Қасым.

Жақсы адам көңілі-күн
Жақсы адам көңілі-күн,
Жанға сәуле түсірген.
Нашар адам көңілі-түн,
Кеудеден отты өшірген.
Талпын жақсы болуға,
Күндей сәуле шашатын.
Білім іздеп,өнер тап,
Түнді күндей ашатын.
Толған айдай жан болсаң,
Толсын ақыл ішіңе.
Күн көзіңдей жан болсаң,
Ел сүйсінсін ісіңе.
Ақыл қуған адаспас,
Ақылда,дос,бар тетік.
Қапта жатпас таза алмас,
Шығар бір күн жарқ етіп...

8сынып оқушысы: Дігәрбек Еңлік
Сенім.
Еңбек етсем,ертеңгі
Бақытыма сенемін!
Мақсатыма жеткізер
Уақытыма сенемін!
Достық іспен қасты да
Жеңеріме сенемін!
Ақыл сана білім мен
Өнеріме сенемін!
Арым таза,ақ көңіл,
Адалдыққа сенемін!
Арым таза,ақ көңіл,
Адалдыққа сенемін!
Абыройлы ақ ниет
Адамдыққа сенемін!
 Биология

Табиғатың құпиясы тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
Білген сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып

Табиғаттың қадірлеп қасиетін
Әділдікке әрқашан бас иетін
Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп
Халқың айтқан орынды өсиетін

Ей,замандас ең алдымен досыңды ұқ,
Досың жер,су мөлдір уа,өсімдік.
Ала жүріп осылардың сыйлығын,
Осыларды қорлау деген не сұмдық?
Жер ешлімге жазбайды деп арызды,
Барын сарқып ала беру парыз ба?
Жоқ,замандас әр ұрпаққа туған жер.
Не берсе де,беретіне қарызға.

Табиғатым сырың терең сенің неткен,
Тау мен тастан сыңғырлаған сұлу өзен
Күн көзінен күмістей шағылған нұр
Көз алдымда көк орай гүлді кезең
Кең даламда шертілген сыбызғы үні
Тебіренген бар тіршілік,аспан нұры
Құстар да қылықтап жан тербеген
О,табиғат,не деген керемет ең
Сенің әсем бейнеңнен әсер алам
Ағаштарың әдемі бұралған
Бар керемет қасиет сенен екен
Әрқашан да боламын саған қорған.

Бозторғайың шырылдап боз кілемде,
Көз алдымда көк орай гүлді кезең.
Далам жайлы сыбызғы сыр шертіп үн,
Тау мен тастан сыңғырлап сұлу өзен.
О,Табиғат,сырың да терең екен,
Тұнып тұрған қойнауың өлең екен.
Қанымдағы қасиет сенен екен,
Не деген керемет ең,керемет ең!

 Химия
1.Периодтық жүйеге арнау
Элементтерді жүйелеуге әркімдер-ақ еңбек еткен
Ойлағаны орындалмай, еңбектері босқа кеткен
Заманында бар элементті топқа бөліп,
Заңдылықты ашуға Менделеевтің қолы жеткен
Ол заңмен жеті период орналасқан,
Тігінен сегіз топқа арна ашқан.
Толтырып сол арнаның бос орынын,
Бұл күнде бар элемент жүзден асқан.
Жүрмейсің мұны біліп, қате басып,
Атомдар жұмбақтарын тұрады ашып.
Бар элемент таңбасы осында тұр,
Сап құрап массаға сай қатарласып.

2. Химияны оқу парыз әркімге,
Оқиды оны барлық елде, әр тілде
Химияның оқыңдар әр бөлімін,
Кездесер ол алдарыңнан әр күнде.
Химияны оқиық біз көңілмен,
Кездесер ол күнделікті өмірден.
Ақылымыз – химияны біліңдер!
Тап болар ол әр жерден, әр өңірден.

Химияның әлемі – қызық әрі тартымды,
Өз сырымен химия қызықтырар әркімді.
Оқысаңдар ғылымға көз ашып,
Танысыңдар табиғаттың ғажабын.

3.Химияда болады көп ертегі,
Салт – дәстүрмен келе жатқан ертелі.
Химия – біздің жас кеме ғой,
Болашаққа бағытталған желкені.
Күшейтеміз химияның сапасын!
Берер бізге болашақ ақ батасын.
Ғылымдардың негізгі бір саласы
Химиямыз мәңгі – бақи жасасын!

3. Бейне материалдар

Қазақстанның химия саласындағы жетістіктері, экологиялық проблемаларды шешу жолдары туралы және ауылымыздағы химиялық өндіріс туралы бейне материалдар көрсету.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Ашық сабақ, химия, табиғат
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×