Тақырыбы: Оңтүстік Американың халқы мен елдері.
Мақсаты:
Білімділік: Материктің халқы қалай қалыптасқандығын, байырғы халқы - үндістердің тағдырын көрсету.
Дамытушылық: Оқушыларды Оңтүстік Американың қазіргі саяси картасымен таныстыру.
Тәрбиелік: Сабақта жалпы мәліметтерден басқа, халықтың әркелкі орналасу себебін де қарастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы
Көрнекіліктер: Оңтүстік Американың саяси картасы, тірек сызба, слайдтар, плакатша, бағалау парағы, оқулық, смайлик, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.
1. Психологиялық ахуал орнату тренинг. Оқушылар ортаға шығып шеңбер жасап тұрады. Әр ұлт мемлекетінің сәлемдесу салты бойынша бір – бірімен сәлемдеседі. Оқушылар таңдап алған суретке қарай отырып үш топқа отыру, топтастыру.
2. Оқушылар тренинг өткізіп болғаннан кейін бірінші, екінші, үшінші топқа бөлінеді.
Топ аттары - Үндістер, Еуропалықтар, Негрлер
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Сен білесің бе?» әдісі
Оңтүстік Америкада қандай табиғат зоналары таралған?
Экватордың екі жағын қандай орман алып жатыр?
Амазония ормандары неліктен “ғаламшар өкпесі” деп аталады?
Мексика таулы қыраты неліктен “кактустың екінші отаны” деп аталады?
Бай мәдени мұраларымен адамзатты таңдандырған
өркениеттер?
Ең, ең, ең....
Ең ірі су шошқасы
Ең үлкен жылан
Ең кішкентай құс
Ең ірі жыртқыш құс
Сәйкестендіру
Льянос----Пампа
Компас----Қалың орман
Жазық дала----Ориноко саваннасы
Сельвас---- Бразилия саваннасы
Гаруана----Соқыр тұман
ІІІ. Мағынаны ажырату.
Сабақтың тақырыбын видеоролик арқылы ашу.
Көрсетілген видеороликтен оқушылар «халық» сөзін анықтайды. Еліміздің «Үш тұғырлы тіл саясаты» бойынша халық сөзін үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) оқушыларға айтқызу.
Халық – народ – «Серпінді сауал әдісі»
Кітап бойынша жұмыс жүргізу.
І топ - §43, бет – 163 Халқы, елдері.
ІІ топ Анд елдері, Шығыстағы жазық елдер
ІІІ топ Бразилия
Картамен жұмыс. Топ елшілері
І топ жауабы:
Оңтүстік Америка халқының саны - 320 млн астам халық тұрады. Олар қалыптасуы мен нәсілдік, ұлттық құрамы жағынан алуан түрлі халықтардың жиынтығынан құралған. Материкке адамдар алғаш рет бұдан 15 – 17 мың жыл бұрын Панама мойнағы арқылы Солтүстік Америкадан қоныс аударған.
еуропалық
+
негр
=
мулат
мулат
+
үндіс
=
самбо
Оңтүстік Америка елдері
Тәуелсіз аймақтар Тәуелді аймақтар
Аргентина • Боливия • Бразилия • Венесуэла • Гайана • Колумбия • Парагвай • Перу • Суринам • Уругвай • Чили • Эквадор
Фолкленд аралдары (Құрама Патшалық) • Оңтүстік Георгия және Оңтүстік Сандвич аралдары (Құрама Патшалық) Француз Гвианасы (Франция)
ІІ топтың жауабы:
Анд елдері – Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия, Чили жатады. Атақты саяхатшы есімімен аталатын Колумбияда алтын мен асыл тастардың, әсіресе жақұттардың мол қоры бар. Ал экватор сызығы Эквадорда әрекет етуші 30 жанартау орналасқан. Инктер мәдениетінің ескерткіштері сақталған Перу мемлекетін «Ежелгі өркениет елі, Оңтүстік Американың археологиялық мұражайы» деп атайды.
Шығыстағы жазық елдер – Венесуэла, Гайана, Суринам, Бразилия, Парагвай, Уругвай, Аргентина, Франция, Гвианасы елдері жатады.
ІІІ топтың жауабы:
Бразилия
Барзилия, Бразилия Федеративтік Республикасы – Оңтүстік Америка құрлығының шығыс және орталық бөліктерін алып жатқан мемлекет.
Жері – 8, 5 млн. Км2.
Халқы 189 млн. Адам (2007).
Халқының этникалық құрамы: ақ нәсілдер – 54, 7%, негрлер – 5, 89%, мулаттар – 38, 45%.
Бұған қоса 3 млн - нан астам иммигранттар (жапон, италиялық, неміс, араб, француз, т. б.) тұрады.
Астанасы – Бразилия.
Мемлекеттік тілі – португал тілі.
Халқының көпшілігі христиан дінін ұстанады.
Ұлттық мейрамы – жетінші қыркүйектегі Тәуелсіздік күні.
ІҮ. Ой толғаныс
«Ой қозғау». Постер.
Топ елшілері постер қорғайды.
Карта бетіне аймақ елдерді жапсыру.
Бағалау
Оқушыларға өздерін бағалауды ұсынамын. Бүгінгі атқарған жұмыстарын ескере отырып, әр топ бір – бірін смайликтер арқылы бағалайды.
Кері байланыс.
Оқушыларға кері байланыс парағын тарату.
- Бүгінгі сабақ сізге ұнады ма?
- Бүгінгі сабақты толық меңгердіңіз ба?
- Неліктен қиын болды?
Үйге тапсырма.
§ 43. Халқы мен елдері. Суретті пайдаланып кескін картаға елдерді астаналарымен түсіру. Елдердің біріне сипаттама жазу.( 163 - беттегі жоспар бойынша)
Жамбыл облысы, Меркі ауданы,
№28 орта мектебінің география пәні мұғалімі
Билібаева Нұрсауле Мирашовна
Оңтүстік Американың халқы мен елдері
- aihash68
- 20 наурыз 2017
- 4277
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Оңтүстік Американың халқы мен елдері, Мексика таулы қыраты
Ұқсас жаңалықтар:
Оңтүстік Америка материгін қайталау
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың Оңтүстік Америка тарауы бойынша білімдерін жинақтап, жүйелеп қорытындылау, тексеру. Дамытушылық: танымдық...Американың қоныстану және игерілу кезеңдері
Жаңаарқа ауданы, С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің география пәні мұғалімі: Шакенов Жанбол Толеубайұлы...Оңтүстік Американың халқы және елдері
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы №14 ОЖББМ география пәнінің мұғалімі: Жолмуханова Айгул Салимовна...Оңтүстік Американың халқы мен елдері
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы "Горный ЖББОМ" КММ бастауыш класс мұғалімі: Ахметқалиева Камалия Мұқанқызы...Оңтүстік Америка материгін қайталау
Атырау облысы,Махамбет ауданы, Есбол орта мектебі Құлбатырова Гүлфия Амантайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.