Сайтқа кіру Тіркелу

Африканың жер бедері мен пайдалы қазбалары

Африканың жер бедері мен пайдалы қазбалары
/ ашық сабақ 7 сынып/
Мақсаты:
Білімділік: Африканың жер бедері мен пайдалы қазбаларының орналасуы жайлы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Жер бедерінің даму тарихын, пайдалы қазбаларының жер бетіндегі орналасу заңдылықтарын ұғынуға жетелеу, дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың бірлесе оқу машықтарын жетілдіру;
— мәтіндегі негізгі ойды анықтату арқылы танымдық іс — әрекетке тарту;
— топтық жұмыстағы жауапкершілікті орнықтыру. жолдастарына көмек беру, бірлесіп жұмыс жасау болды.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Саяхат сабақ, топтық жұмыс
Қолданылатын модулдер: Оқытуды басқару және көшбасшылық. Сыни тұрғыдан ойлауға технологиясының элементтері. Бағалау, АКТ
Сабақтың әдіс тәсілдері: сұрақ – жауап, іздендіру, түсіндіру, салыстыру, әңгімелеу, талдау.
1. Стратегиялар: «Блум таксономиясы», «Сұрақ – жауап», «Аңықтаңыз», «Зерттеу аялдамасы, «сергіту сәті», «талдау», «Семантикалық карта», «Географиялық диктант», «Сәйкестендіру тесті», «Кім жылдам», «Рефлексия»
Керекті жабдықтар: Ресурстық құрал - жабдықтар, оқулық, Африканың физикалық картасы, атлас карта, кескін карталар, интербелсенді тақта, бағалау парақтары.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- Оқушыларды түгендеу.
- Сабақ басындағы оқушылардың көңіл - күйлерін анықтау. «Шаттық шеңбері» смайлк арқылы көңіл күйлерін білу.
- Топтарға бөлу. Сыныпты бүгінгі өтетін тақырып бойынша топтастыру;
І топ: «Жазықтар, қыраттар, үстірттер»
ІІ топ: «Таулар»
ІІІ топ: «Магмалық жыныстар»
IV топ: «Шөгінді жыныстар»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Сынып оқушыларының сабаққа дайындығын тексеру мақсатында сұрақтар мен әртүрлі тапсырмалар беру.
1. Сұрақ – жауап: /барлық топ тез жылдам жауап беру/
1. Материктің жалпы ауданы қанша? (материктің ауданы төңірегіндегі аралдармен қоса алғанда 30, 3 млн км2, ал аралдарсыз – 29, 2 млн км2).
2. Материктің «Африка» атауы қайдан шыққан? (материкте өмір сүрген африги тайпасының атымен байланысты алынған).
3. Жер шарындағы ең үлкен тропиктік шөл (Сахара).
2. Анықтаңыз: картамен жұмыс (слайд)
Шеткі нүктелері:
Солтүстік шеткі нүктесі: Бен - Секка
Оңтүстік шеткі нүктесі: Іне
Батыс шеткі нүктесі: Альмади
Шығыс шеткі нүктесі: Рас - Хафун
3. Зерттеу аялдамасы: /слайд /
1. Географиялық орналасуы бойынша:
2. Васко да Гама - жүрген маршруті көрсетіледі.
3. Н. И. Вавилов
4. Д. Ливингстон

ІІІ. Жаңа сабақ жоспары:
Оқушыларды сабақтың тақырыбы, мақсаты және жоспарымен таныстыру.
А) Материктің жер бедерінің ерекшелігі.
Б) жер бедерінің қалыптасу ерекшелігі.
В) пайдалы қазбалары.
Өткен тақырыпты еске түсіріп, қайталау.
1. Жер бедері дегеніміз не?
2. Оның қандай формаларын білесіңдер?

Африканың жер бедерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Материктің көпшілік бөлігін гондваналық ежелгі платформа алып жатыр. Платформаның экватордан солтүстік - батысқа қарай орналасқан бөлігі аласа, оңтүстік - шығысы көтеріңкі болып келеді. Сондықтан материкте абсолюттік биіктігі 200 - ден 1000м - ге дейін жететін жазықтар, қыраттар, үстірттер мен таулы үстірттер басым болады.
Африка платформасының түрлі бөліктерде ұзақ уақыт бойы бірде баяу көтерілу, бірде төмен түсу қозғалыстары болып отырған. Соның нәтижесінде платформаның негізін құрайтын ежелгі кристалды жыныстар жоғары көтеріліп, жақпарлы - қатпарлы қалдық таулар мен Аир, Дарфур тәрізді үстірттер қалыптасты. Олардың кейбіреулері жақпарлы, ірі тік жарлы Сахарадағы Ахаггар және Тибести сияқты таулы қыраттарға айналған. Платформаның майысып, төмен түскен бөліктерін ұзақ уақыт теңіз басып жатқан. Сондықтан мұндай ойыстарда теңіздік және континенттік шөгінділер жиналып, беті тегіс ірі қазаншұңқырларды (Чад, Конго, Калахари) қалыптастырған. Материктің шығысындағы ірі Мадагаскар аралы Африка платформасынан ертеректе ажыраған бөлігі болып табылады. Ойпаттар өте аз, олар материктің жағалық бөліктеріне сәйкес келеді.
Кайнозой эрасында Африка - Арабия біртұтас литосфералық плитасының Еуразия плиасымен ығысуы нәтижесінде Арабия Африкадан бөлініп, қазіргі Қызыл теңіздің табаны жалаңаштанған. Қызыл теңізден басталған терең тектоникалық жарылыстар жүйесі Ұлы Шығыс Африка жарылыстары деп аталады. Ол Африканың шығысын бойлай Замбезия өзенінің сағасына дейін 6500 км - ге созылған. Африканың ең биік нүктесі - Килиманджаро жанартауы. Жер қыртысындағы жарылыстарда орналасқан көл қазаншұңқырлары Африканың ең терең, ірі көлдерінің жүйесін құрайды. Ал ертеректе жанартау атқылаудың ірі орталығы болған Айдаһар таулары Үнді мұхит жағалауына қарай сатыланып, биіктейді.
Таулы жер бедері платформа шеттеріндегі әр түрлі жастағы қатпарлы құрылымдарға тән. Африканың оңтүстігіндегі палеозой эрасында көтерілген Кап таулары кейіннен үгілу нәтижесінде аласарып, бірнеше үстірттерге айналған. Ал материктің солтүстік - батысында орналасқан Атлас таулары Африкадағы бірден - бір жас, қатпарлы таулы аймақ болып табылады. Ол Еуразиядағы Альпі, Гималай тауларымен бір мезгілде көтерілген тау жүйесі.
Африка пайдалы қазбаларға аса бай. Пайдалы қазбалардың көпшілігінің қоры жөнінен дүние жүзіндегі ең ірі кен орындарының қатарына жатады. Олардың пайда болуы және орналасуы жер қыртысының құрылымы мен даму тарихына байланысты. Магмалық жыныстардың кең таралған аудандарына қара және түсті металдар (мыс, мырыш, қалайы), уран, алтын, алмастың ірі кен орындары бар. Кобальт пен мыстың ірі қоры материктің орталық бөлігінде платина, алтын мен алмастың аса ірі қоры Оңтүстік Африкада, уран Сахараның орталық бөлігі мен Намиб шөлінде шоғырланған. Шөгінді жыныстар қалың жиналған бөліктерде тас көмір, мұнай, табиғи газ, әр түрлі тұздар және шөгінді жолмен қалыптасатын темір, фосфорит, боксит, марганецтің ірі кен орындары таралған. Жерорта теңізі жағалауы мен Гвинея шығанағы мұнайға бай. Фосфориттің дүние жүзіндегі аса ірі кен орындары Атлас тауларында шоғырланған. Оңтүстік африкада көмірдің мол қоры бар.
Африканың қазба байлықтарын АҚШ пен Еуропаның дамыған елдері ұзақ уақыт бойыөз қажеттеріне аяусыз пайдаланды. Африка елдерінің азаттық алуымен байланысты шетелдердің ықпалы азайып келеді.

IV. Сергіту сәті: «Бәрі жақсы болады» әнін тыңдау /1мин 6 сек/

V. Топпен жұмыс істеу
1) Оқушыларға жаңа тақырыпты өздігінен меңгеруі үшін деңгейлік тапсырмалар беріледі.
2) тапсырманы орындау үшін оқу құралдары мен әдіс - тәсілдері көрсетіледі.
Бағыт - бағдар беріліп, оқушылар көрсетілген оқу құралдарымен, картамен жұмсы істейді.
Талдау / африка материгі салынған плакат суреттін беремін/:
Тақырып ішіндегі тақырыпшаларды әр топқа бөліп беру, өз топтарын талқылап, содан кейін тақырыпты түсіндіру.
І топ: «Жазықтар, қыраттар, үстірттер»
ІІ топ: «Таулар»
ІІІ топ: «Магмалық жыныстар»
IV топ: «Шөгінді жыныстар»

VI. жаңа сабақты бекіту.
Саяхат жасау арқылы. Әр топ басшылар басқа топқа барып тапсырмалар мен сұрақтар беріп және оның орындалуын қадағалайды соңымен қатар бағалайды.

География пәні мұғалімі Какимов Б. А.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Аустралияның климаты және өзендері мен көлдері

Аустралияның климаты және өзендері мен көлдері

Оқушыларды материктің климат және климаттық белдеулері, ішкі суларымен таныстыру. Оқушылардың бірлесе оқу машықтарын жетілдіру;...
Еуразия. Географиялық орны                                          Жағасын ...

Еуразия. Географиялық орны Жағасын ...

Сабақтың мақсаты: Бұрыннан оқылған материктер негізінде материктің географиялық ерекшелігін көрсету. Сабақтың міндеттері: 1. Сыни тұрғыда ойлау...
Оңтүстік Америка. Материк жағалауындағы мұхиттар

Оңтүстік Америка. Материк жағалауындағы мұхиттар

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы География пәнінің мұғалімі: Қатбай Роза Бақтиярқызы...
Оңтүстік Америка материгін қайталау

Оңтүстік Америка материгін қайталау

Атырау облысы,Махамбет ауданы, Есбол орта мектебі Құлбатырова Гүлфия Амантайқызы...
Африка. Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер

Африка. Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер

Алматы қаласы, Медеу ауданы, Ш.Уалиханов атындағы №12 гимназияның география пән мұғалімі Алимбай Салтанат Серикбайқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×