Сайтқа кіру Тіркелу

Солтүстік Америка материгінің географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы

Аңсаған Қоңқабаев атындағы орта мектебінің
география пәнінің мұғалімі Абилов Айдын Байжанұлы

7 сынып
Тақырыбы: Солтүстік Америка материгінің географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы
Мақсат - міндеттер:
Білімділік мақсаты:
- Оқушыларға Солтүстік Америка материгі туралы түсінік бере отырып, аталған материктің ерекшеліктеріне тоқталу. Материкті зерттеуге атсалысқан саяхатшы - ғалымдардың еңбектерін зерделеу.
Дамытушылық мақсаты:
- Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту, картамен жұмысты, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру. Сонымен қатар, оқушылардың өз ойларын жете айта білуге, өткен тақырыптарды байланыстыра отырып жан - жақты ойлау, топпен, картамен жұмыс жасау қабілеттерін, дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты:
- Оқушылардың алған білімдерін, білік дағдыларын көрсету арқылы бірін - бірі сыйлауға тәрбиелеу. Әдептілік ережелерін бойына сіңірген шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндірмелі, баяндау, өздік ізденіс жұмыс, СТО, баяндау, сұрақ - жауап, дарынды және талантты оқушылармен жұмыс, географиялық диктант, қатемен жұмыс, сандар сөйлейді, сабақта АКТ - ны пайдалану.
Сабақтың әдістемелік жабдықталуы: Солтүстік Американың электронды физикалық картасы, интерактивті тақта, атлас оқулық, суреттер, қосымша материалдар.
Оқу құралдары: Оқулық, 7 - сынып Атлас, Дү Дүние жүзінің физикалық картасы, дидактикалық материалдар

Сабақтың жоспары:
І кезең – ұйымдастыру
ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру
ІІІ кезең – жаңа тақырыпты түсіндіру
ІV кезең – Жаңа тақырыпты қорытындылау. Видеоролик көрсету
V кезең – Жаңа тақырыпты бекіту
VІ кезең – Бағалау
VII кезең – Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
(сәлемдесу, сынып тазалығын және оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру. Топқа бөлу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Әр топтың топ басшыларын топқа сұрақ қою арқылы сайлап аламыз.)
«Ой - шақыру»
1. География ғылымының атасы кім? Және география ғылымының негізі қаланған жер?
2. Картографиялық проекциялар нешеге бөлінеді? атап шық.
3. Жер қыртысының түзілгеннен бергі уақытты қамтитын кесте қалай аталады.

ІІ. Үйге берілген тапсырма.
«Даналық ағашы» ойынында ағашқа алма тәрізді етіп, сұрақтар ілеміз.
Оқушылар бір - бірден алманы алып, үйге берілген тақырып бойынша сұраққа жауап береді. Әрбір оқушының өткен сабақта алған білімін осындай ойындар арқылы тексеруге болады.
№1 - Орталық және Шығыс Азияның құрамына кіретін мемлекеттер? (ҚХР, Моңғолия, Қазақстан, Жапония, Корейя, КХДР)
№2 - Ішкі айырмашылықтарына байланысты қалай ажыратылады? (Орта Азия, Орталық Азия, Шығыс Азия)
№3 - Биік Азия деп аталу себебі? (Тибет, Памир, Қарақорым, Кунь - Лунь, Тянь - Шань тауларының осы дүние бөлігінде орналасуына байланысты)
№4 - Қытай мемлекетін неліктен ежелгі мәдениет пен өркениет елі деп атайды? (Ұлы қытай қорғаны, будда храмдары мен ғибадатханалары, императордың салтанатты сарайлары, қытай театры, өнері, музыкасына байланысты!)
№5 - Қытайда күріштің қанша мың сорты өсіріледі? (10 мыңнан)
№ 6 - Жапон аралдарында қанша жанартау бар? ( 150 - ге тарта)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі. Солтүстік Америка материгін таныстыру туралы тақпақ оқып, тақырыпты ашу.
Мен өзім үш бұрышқа ұқсас жермін,
Қазір де әл - ауқатты бірнеше елмін.
АҚШ бар, Канада бар, Мексика бар,
Даңқымен таң қалдырған барлық елдің,
Тауларым бар Кордильер мен Аппалачтай,
Макензи, Миссисипи суымқандай!
Виннипег, Ұлыкөлдер, тұзды көлім,
Тамаша көрген адам таңқалғандай.
- Балалар осы өлең жолдарында қай материк туралы айтылған?
(Солтүстік Америка)

Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын аталған материк туралы қысқа видео көрсету
Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсаты мен жоспарымен таныстырады. Сабақ барысында қолданылатын оқытудың белсенді формаларын атап, қандай әдіс тәсілдермен жұмыс істейтіндерін ескерте кетеді. Сабақ ЖИГСО мозайкалық әдісі бойынша өтіледі.
Оқушыларға мәтінмен жеке жұмыс жасауға 5 минут беріледі. Бұдан кейін топта талқылайды. Әр топтың баяндамашылары басқа топтарға барып өздеріне берілген мәнмәтіндерін баяндап айтады. Хатшы баяндаманы қағазға түсіріп, төраға топтың әр мүшелерін бақылап баға береді.
Постер арқылы жаңа тақырыпты әр топ оқушылары қорғайды.
Оқушылар топта мынадай рольдер бойынша жұмыс жасайды:
1. Төраға
2. Хатшы
3. Баяндамашы

ІV. Содан соң мұғалім қорытынды жасап, оқушыларға Солтүстік Америка материгі туралыслайд көрсетеді көрсетеді.

V. Жаңа сабақты бекіту кезеңі.
1 - тапсырма
Ең, ең, ең ---------------------------- Жауаптары
1. Ең ұзын әрі енді тау жүйесі
2. Ең суық жері
3. Ең ыстық жері
4. Ең биік, ұзын ағашы

2 - тапсырма.
Сандар сөйлейді.
Сандар ------------------------- Осы сандардың нені білдіретінін табыңыз
1 24, 2 млн/км2
2 500 км;
3 18 м;
4 +57˚;

3 - тапсырма.
Резюме
Материктің аты:___________
Жер көлемі:____________
Жер көлемі жөнінен нешінші орында:_______
Материктегі мемлекеттер:____________
Ең биік нүктесі:__________________

Жаңа сабақты бекіту:
1. Солтүстік Америка табиғатының қандай басты ерекшеліктер бар?
2. Солтүстік Америка қай жарты шарда орналасқан?
3. Солтүстік Американың зерттелу тарихына қомақты үлес қосқан саяхатшыларды ата?
Қорытынды: Қорыта келе, бүгінгі сабақта, Солтүстік Америка материгінің географиялық орны және ашылу, зерттелу тарихымен қоса осы материкті зерттеген саяхатшы ғалымдар туралы толық мағлұмат алдық
Оқушыларды бағалау. Кері байланыс Insert стратегиясы арқылы

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Еуразия материгінің географиялық орны, қоныстануы және зерттелу тарихы

Еуразия материгінің географиялық орны, қоныстануы және зерттелу тарихы

Еуразия материгі, қоныстануы және зерттелу тарихы туралы түсіну, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту....
Оңтүстік Америка материгін қайталау

Оңтүстік Америка материгін қайталау

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың Оңтүстік Америка тарауы бойынша білімдерін жинақтап, жүйелеп қорытындылау, тексеру. Дамытушылық: танымдық...
Американың қоныстану және игерілу кезеңдері

Американың қоныстану және игерілу кезеңдері

Жаңаарқа ауданы, С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің география пәні мұғалімі: Шакенов Жанбол Толеубайұлы...
Оңтүстік Америка. Материк жағалауындағы мұхиттар

Оңтүстік Америка. Материк жағалауындағы мұхиттар

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы География пәнінің мұғалімі: Қатбай Роза Бақтиярқызы...
Солтүстік Америка материгін қайталау сабағы

Солтүстік Америка материгін қайталау сабағы

Солтүстік Америка материгінің негізгі ерекшеліктерін жер бедері, пайдалы қазбалары, климаты, ішкі сулары, халқы және елдері, негізгі ірі мемлекеттері...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×