Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақстан әлем картасында, экономикалық - географиялық жағдайы және мемлекеттік құрылымы

№254 негізгі мектептің
тарих және география пәні мұғалімі
Мырзатаева Жанар Сейқасымқызы

Пәні: Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан әлем картасында, экономикалық - географиялық жағдайы және мемлекеттік құрылымы
Сабақтың жалпы мақсаты:
Білу: Қазақстан әлем картасында, экономикалық – географиялық жағдайы және мемлекеттік құрылымы туралы білу.
Түсіну: Қазақстанның әлем картасындағы орны, экономикалық – географиялық жағдайы, мемлекеттік құрылымы туралы түсіну.
Қолдану: Қазақстанның әлем картасындағы орнын ұғыну мақсатында картаны қолдану.
Күтілетін нәтиже: Қазақстан әлем картасында, экономикалық – географиялық жағдайы және мемлекеттік құрылымы туралы біледі, картадан алатын орны, экономикалық – географиялық жағдайы және мемлекеттік құрылымын түсінеді, картаны қолдана алады.
Түйінді идеясы: Қазақстан әлем картасында, экономикалық – географиялық жағдайы және мемлекеттік құрылымын сыни ойлау мен көшбасшылық жасау арқылы өздеріне жұмыс жасата отырып толық білдірту.
Сабақтың әдіс - тәсілдері, жұмыс түрі: Сиқырлы қобдиша, ойландырған он сұрақ, “INSERT” әдісі, екі түрлі күнделік, кім жылдам.
Ресурстар: Интерактивті тақта, атлас карта, ұялы телефон, оқулық, маркер шығу парағы, үлестірме қағазы т. б.
Бағалау: Жұптардың өзара бағалауы, топтық бағалау.
Сабақтың барысы:

Бөлім Мұғалім іс - әрекеті Оқушылар іс - әрекеті
Кіріспе 1. Психологиялық тренинг
«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы
Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.
Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады.
Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке - жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!
2.“Ойландырған он сұрақ” 1. Оқушылар амандасады, психологиялық тренингті орындайды, топқа бөлінеді, топ міндеттерін бөліседі. Бағалау парағын алады.

2. Оқушылар бір - біріне үй тапсырмасы бойынша сұрақ - жауап алмасады.
Тұсаукесер. Үй тапсырмасын пысықтау:
“Дұрыс, дұрыс емес”

1. Мұғалім оқушыларға электронды оқулық арқылы жаңа сабақты таныстырады.
2. Мәтінмен танысуға “INSERT” әдісін қолдануды ұсынады.
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, талқылайды. топхатшысы бағалау парағын толтырып отырады.

Оқушылар “INSERT” әдісін пайдаланып мәтінді қарап шығады, ортада талқылайды.
Негізгі
бөлім
Топтарға тапсырма:
1 - топ: Қазақстанның әлем картасындағы орны.
2 - топ: Мемлекеттік құрылымы
Екі түрлі түсініктеме күнделігін ұсыну
Бөліктің сол жағына Бөліктің оң жағына
Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады Сол әсер еткен үзінділер жайында пікір жазады

1. Топ болып жұмыстарын қорғап түсіндіреді.
2. Тапсырманы орындап, оқушылар өз жазғандарын оқиды.
Қорытынды Мұғалім сабақты қорытындылайды.
Кім жылдам?
1. Қазақстан қандай материкте орналасқан?
2. Жер көлемі және халқының саны қанша?
3. Қандай елдермен шектеседі?
4. Қазақстанда маңызды көлік түрлері.
5. Қазақстан қай жылы тәуелсіздігін алды?
6. Қазақстан Республикасының басқару формасы.
7. Қазақстан қандай ресурстарға тапшы?
8. Қазақстан қандай халықаралық ұйымдарға мүше?

Үйге тапсырма береді:
Кескін картаға Қазақстанның Еуразия материгіндегі орнын түсіріп оның өзіндік ерекшеліктеріне сипаттама беріңдер.
Қазақстанмен шектесетін мемлекеттерді кескін картаға түсіріңдер.
Қазақстанның ірі пайдалы қазба кен орындарын картадан анықтаңдар. Оқушылар шығармашылық жұмыстарын оқиды. Топбасшысы бағалау парағымен қорытындылайды. Оқушылар сабақтан ұққандарын айтып бірге қорытындылайды.
Сұрақтарға жауап береді.

“Рюкзак” әдісі

Мен...................... үйрендім.
Мен мына нәрсені түсіндім
..............................................
Мен есте сақтап қалдым.
Үй тапсырмасын алады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×