Сайтқа кіру Тіркелу

Гидросфера - Су айналымы жайлы ұғым

Сынып: 6
Пән: физикалық география
Сабақтың тақырыбы: Гидросфера су айналымы жайлы ұғым
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Гидросфера туралы ғылыми түсініктеме қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, шапшаң ойлауын, өз беттерімен жұмыс жасай білу дағдыларын дамыту.
3. Тәрбиелілік: Суды қорғауға, ластамауға және табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: ақпараттық
Пән аралық байланыс: әдебиет
Көрнекілігі: слайд, оқулық, дәптер, карта
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) амандасу
ә) оқушыларды түгендеу
б) оқушылардың сабаққа дайындау
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі
Таулардан өзен ағар сарқыраған
Айнадай сәуле беріп жарқыраған
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта
Аралап тау мен тасты арқыраған
Көңілің суын ішсең ашылады
Денеңде бар дертіңді қашырады
Өксіген оттай жанып жануарлар
Өзеннен рақат тауып басылады
- Балалар бұл кімнің өлеңі білеміз бе? Дұрыс, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өлеңі. Жалпы суретке қарап, оқылған өлеңге қарап қандай қабықты өтетінімізді біліп отырған сияқтымыз.
«Су – тіршілік бастауы» демекші. Қазақ халқы суды қадірлеумен қатар оны тіршілік нәрі деп түсінген. Су бермеу, судан тарықтыру ең үлкен қылмыс деп саналған. Сондықтан жолаушылап келген адамға сусын берген. Қазақ халқы « Ей шырағым, ағып жатқан суды тегін деме, судың да сұрау бар» деген екен. Адамзат өте ертеден - ақ суға табынған.
Бүгінгі сабақта біз Гидросфера яғни су қабығы жайлы әңгімелейтін боламыз.

3. Материалды түсіндіру кезеңі.
1. Судың үш күйін атаңдар?
2. Қандай жағдайда су бір күйден екінші күйге ауысады?
3. Су жер бетінің қанша бөлігін алып жатыр?
1. Жердегі су. Күн жүйесі планеталардың ішінде тек Жерде ғана су сұйық күйде таралған. Мәселен Шолпанда су тек қана газ күйінде, ал Марста тек қана мұз түрінде кездеседі екен.
Жер бетіндегі су гидросфераны құрайды. Оған мұхиттар мен теңіздер, көлдер мен өзендер, бөгендер мен мұздықтар, жер асты сулары мен атмосферадағы ылғал жатады.
Гидросферадағы барлық судың мөлшері шамамен 1. 6млрд км 3. Оның 96. 5%- ы мұхиттар мен теңіздердегі тұзды су; 1. 7%- ы мұздықтар мен тұрақты қарлар; 1. 7%- ы жер асты сулары; 0. 06%- ы өзен, көл, батпақ, атмосферадағы су болып табылады. Тұщы судың үлесіне 2. 5%- ы тиеді.
Тұщы су барлық тіршіліктің негізі. Оны адам баласы өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, күнделікті тұрмыста пайдаланады. Жер бетіндегі тіршілік үшін гидросфераның маңызы өте зор. Су қабығы қоршап жатқандықтан, біздің планетамыздың климаты адам тіршілігіне қолайлы.
Табиғатта су баяу жылынып, баяу суынады. Мұхиттар мен теңіздердің суы жаз бойы күн сәулесінен мол жылу жинайды да, қыста планетамыздың ауасын жылытады.
2. Табиғаттағы су айналымы. Кіші және үлкен су айналымдары. Күн сәулесінің әсерінен мұхиттар мен теңіздер бетінен жыл сайын 450 мың км3 мөлшерінде су буланады. Жоғары көтерілген су булары салқындап бұлт түзеді. Оларды жел бір жерден екінші жерге айдап алып барады. Бұлттардан мұхитқа да, құрлыққа да жауын - шашын жауады. Мұхит бетінен буланған судың бір бөлігі оған қайта қосылады. Мұны кіші су айналымы дейді.
Құрлық бетіне жауған жауын - шашынның бір бөлігі буға айналып, қайтадан атмосфераға көтеріледі, ал екінші бір бөлігі өзенге, көлге барып қосылады, жерге сіңеді, сол сияқты мұздықтарды да қалыңдата түседі. Үлкенді - кішілі көптеген өзендер құрлық бетімен ағып барып мұхитқа құяды. Жерге сіңген су да жер астымен ағып, мұхитқа қосылады. Мұны үлкен су айналымы дейді.
Сөйтіп мұхиттардағы, атмосферадағы, өзендердегі, көлдердегі, мұздықтардағы, жер астындағы сулар үнемі айналымда болып тұрады.
Сонымен қатар жанартау атқылаудың нәтижесінде гидросферадағы су мөлшері үнемі артады. 4млрд жыл бұрын жер бетіндегі судың көлемі қазіргіден 70 есе аз еді. Ал болашақта судың көлемі көбеюге тиісті, өйткені мантияда 20 млрд км3 су бар. Ол қазіргі гидросферадағы судан әлденеше көп.
Сонымен, судың мұхиттан құрлыққа және құрлықтан мұхитқа үздіксіз ауысу процесін дүниежүзілік су айналымы деп атайды.
Табиғаттағы су айналымының маңызы өте зор. Ол гидросфераның жеке бөліктерін біріктіріп қана қоймайды, сонымен бірге гидросфераны, литосфераны, атмосфера мен тірі ағзаларды бір - бірімен өзара байланыстырады.
4. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі
1. Су тек қана сұйық күйде кездесетін планета?
2. Жердің ауа қабығы?
3. Дүниежүзілік мұхиттың құрамына қандай мұхитттар кіреді?
4. Судың химиялық формуласы?
5. Жердің қатты қабаты?
6. Табиғаттағы су айналымы дегеніміз не?
7. Өзеннің басталатын жері?
8. Жердің тіршілік қабаты?
9. Мұхиттың тұздылығы немен өлшенеді?
10. Дүние жүзіндегі ең терең көл қалай аталады?
11. Әлемдегі ең тұзды су қай теңізде?
Сұрақ - менен, жауап - сенен
1. Гидросфера - жердің қандай қабығы?
2. Гидросфераға не жатады?
3. Жаңбыр жауғанда ненің көлемі жоғары көтеріледі?
4 Арасан дегеніміз не?
5 Қазақстанда емдік қасиеті бар қандай жерлерді білеміз?
6 Грек мифологиясында су құдайын кім деп атайды?
7 Римдіктерде су құдайын кім деп атайды?
8 Табиғатта су қандай күйде кездеседі?
9 Судың қандай қасиеті бар?
10 Су адам денесінде көп пе әлде өсімдіктерде көп пе?
5. Жұмбақтар шешу
1. Қоя алмайсың байлап,
Табаны тым тайғақ(мұз)
2. Мөлдіреген жүзімді
Қозғап едім, үзілді(тамшы)
3. Шашылды жерге ақ моншақ,
Жоғалды жерден тапқанша – ақ (бұршақ)
4. Қаламсыз - ақ, қағазсыз - ақ
Сурет салар адамға ұқсап (аяз)
5. Ал бесінші жұмбақ біздің ақылды ұстаздар қауымына арналады.
Желіні толы сүт
Жерге тамса құт (бұлт пен жаңбыр)
6. Иә, жоқ ойыны
Жерде құрлық көп, су аз
Табиғаттағы тұщы су қоры 2. 5%
Суда тас, пластмасса, әйнек ериді
Судың сұйық күйі газ
1литр теңіз суының құрамында 35г тұз бар
Судың түсі ақ
Адамдар суда да өмір сүреді
Грек тілінен аударғанда гидросфера тас деген мағынаны білдіреді
Судың қатты күйі мұз
Мұхит суы 2 с қатады
Дүние жүзінде 5 мұхит бар
Біз күнде тұщы суды ішіп жүрміз
Тынық мұхиты ең тыныш мұхит
7. Дәптермен жұмыс
Дәптерге судың қасиетін тірек сызба арқылы жазу.
8. Сергіту сәті (тамшылар тангосы)
БАҒАЛАУ
Үйге тапсырма: Гидросфера - су айналымы жайлы ұғым.(түсініп оқу)
Сөзжұмбақ құрастыру
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×